Сенбі, 23 Қараша 2024
1022 0 пікір 22 Ақпан, 2024 сағат 18:20

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ West Oil Software қызметкерлерін жұмысқа шығуға шақырады

Сурет: ашық дереккөзден

«ҚазМұнайГаз» компанияның кен орындарында қызмет көрсететін мердігер ұйымдарда еңбек ететін жұмысшылардың тұрақтылығы мен еңбек жағдайына ерекше назар аударады, деп хабарлайды Abai.kz Адырна сайтына сілтеме жасап.

Біріншіден, бүгінгі таңда ҚМГ-нің еншілес кәсіпорындары тапсырыс беруші ретінде мердігер ұйымдарды ұзақ мерзімді жұмыс көлемімен қамтамасыз етеді.

Екіншіден, ҚМГ жұмысшылардың жалақысы мен әлеуметтік аударымдарының уақтылы және толық көлемде төленуін бақылайды.

Үшіншіден, ҚМГ «West Oil Software» ЖШС техникасын жаңартуға қаражат бөледі. Бүгінгі таңда отандық өндірушімен 69 техника бірлігіне келісімшарт жасалды. Барлығы кем дегенде 202 жаңа техника бірлігін сатып алу жоспарда.

Төртіншіден, Жетібай кен орнында жаңа өндірістік база салу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңында басталады.

«Ұзаққа созылған ереуіл West Oil Software мекемесіне ғана шығын келтіріп қоймай, сонымен қатар Жетібай кен орнында мұнай өнімін жоғалтуға байланысты «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға қомақты көлемде залал келтіруде. Қазіргі уақытта оның сомасы 1 млрд 320 млн теңгені құрады. Бұл өндіріске және тапсырыс берушілердің қаржылық жағдайына зиянын тигізіп отыр», — деп атап өтті ҚМГ мұнай сервисі департаментінің директоры Жасұлан Балуанов.

Осыған дейін айтылғандай, ҚМГ West Oil Software жұмысшыларын еншілес кәсіпорындардың штатына жұмысқа орналастырмайды немесе осы мақсатта жаңа еншілес кәсіпорын ашпайды.

West Oil Software жұмысшыларын мәселені диалог арқылы шешуге, заңсыз ереуілді тоқтатып, жұмысқа шығуға шақырамыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364