Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2346 0 пікір 10 Қараша, 2013 сағат 22:38

Ақтау битум зауытының ашылуына аз уақыт қалды

Өткен жұма күні облыс орталығында салынып жатқан Ақтау жол битумы зауытының басында республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін таяуда іске қосылатын өндіріспен таныстыру рәсімі болып өтті.
Өндіріс алаңында Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Сағындықов аймағымызда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен республикалық индустрияландыру картасына енгізілген «Ақтау қаласында жол битумдарын өндіру» инвестициялық жобасын іске асыру барысы туралы әңгіме өрбітті.
– Қазіргі таңда аталған бағдарламаның аясында Маңғыстау облысы бойынша индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 280,1 млрд. теңге тұратын және жаңадан 8800 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 34 жоба енді,-деді Жеңісбек Өренұлы.
Оның ішінде өңірлік картаға сметалық құны 230,9 млрд. теңге болатын және 8400 жаңа жұмыс орнын ашатын 32, ал республикалық картаға сметалық құны 49,1 млрд. теңге тұратын және жаңадан 354 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 2 жоба кірді.
2010-2012 жылдар аралығында сме-талық құны 131,4 млрд. теңге және 1800 жаңа тұрақты жұмыс орнын құрайтын 23 нысан пайдаланылуға берілді.

Өткен жұма күні облыс орталығында салынып жатқан Ақтау жол битумы зауытының басында республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін таяуда іске қосылатын өндіріспен таныстыру рәсімі болып өтті.
Өндіріс алаңында Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Сағындықов аймағымызда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен республикалық индустрияландыру картасына енгізілген «Ақтау қаласында жол битумдарын өндіру» инвестициялық жобасын іске асыру барысы туралы әңгіме өрбітті.
– Қазіргі таңда аталған бағдарламаның аясында Маңғыстау облысы бойынша индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 280,1 млрд. теңге тұратын және жаңадан 8800 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 34 жоба енді,-деді Жеңісбек Өренұлы.
Оның ішінде өңірлік картаға сметалық құны 230,9 млрд. теңге болатын және 8400 жаңа жұмыс орнын ашатын 32, ал республикалық картаға сметалық құны 49,1 млрд. теңге тұратын және жаңадан 354 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 2 жоба кірді.
2010-2012 жылдар аралығында сме-талық құны 131,4 млрд. теңге және 1800 жаңа тұрақты жұмыс орнын құрайтын 23 нысан пайдаланылуға берілді.
Бүгінгі күні біздің индустриялық-инновациялық даму басқармасында Елбасының ағымдағы жылдың 11 қазанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында ұсынылып отырған жобаларды қабылдау мен мемлекеттік бағдарламаға енгізу тәсілдері өзгертілмек, олардың біздің өңірімізге қажеттілігі мен пайдалылығына ең бірінші кезекте көңіл бөлінеді.
Ал ағымдағы жылы сметалық құны 83,5 млрд. теңге және 600 жаңа жұмыс орнын құрайтын 2 жобаны аяқтау жоспарланып отыр.
Ақтау битум зауыты – республикалық мәнге ие инновациялық жоба. Аталған жобаның жүзеге асуының негізгі эконо-микалық тиімділігі сол – жол битумы мен басқа да жоғары қосымша құнды мұнай өнімдерінің кейбірі бойынша Маңғыстау облысының импортын азайтып, есесіне экспортын арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік туады.
Кездесуде «CASPI BITUM» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары және кәсіпорынның бас инженері С.Байсекенов өндірісті іске қосу жұмыстарымен таныстырды.
– «CASPI BITUM» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Қытай Халық Республикасының «KPI» акционерлік қоғамы (50 пайыз) мен Қазақстан Республикасының «CITIC Kazakhstan» (50 пайыз) компаниясы кәсіпорынның құрылтайшылары болып табылады) Ақтау пластмассалар зауытында жол битумдарын өндіру жобасы Қазақстан Республикасында мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасын дамыту шеңберінде жасалды,- деді Серік Жәлелұлы. – Бас жобалаушы «Қазақ мұнай және газ институты» акционерлік қоғамы жобалаған зауыт өндірісі Қазақ-стан Республикасының жол құрылысы сұранымын қанағаттандыру үшін жоға-ры сапалы жол битумдарын шығару мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағыт-талды. Оның құрылысы «КазСтрой Сервис» Ұлттық мемлекеттік құрылыс компаниясы» акционерлік қоғамы (құрылыс-монтаж жұмыстары мен жалпы зауыт-тық шаруашылық құрал-жабдықтарын жеткізу) мен «CITIC Construction» компаниясы (ЭЛОУ-АВТ технологиялық құрал-жабдықтарын жеткізу, битумдарды түрлендіру мен қаптау) арқылы Қытайдың «BANK of CHINA» банкісінің қаржысы (жоба құнының 80 пайызы) мен жобаға қатысушылардың қаржысына (жоба құнының 20 пайызы) салынуда. Жылына Қаражанбас кенорнының 1 млн. тонна мұнайын шикізат ретінде пайдаланатын зауыт үстіміздегі жылғы желтоқсан айында іске қосылғаннан кейін жыл са-йын 406 мың тонна жол битумын (олардың ішінде 161 мың түрлендірілген битум), 255 мың тонна бензин-дизель фракциясы мен 330 мың тонна вакуумдық газойль шығарады. Атап айтсақ, 400 мың тоннадан кем емес көлемде БНД 60/90, БНД 90/130 маркаларындағы жол битумдары мен полимерлік түрлендірілген битумдар өндіреді. Полимерлік түрлендірілген битумдар аяз бен ыстыққа және ескіріп-тозуға төзімді қасиеттеріне байланысты жолдың пайдаланылу мерзімін ұзартады және жөндеу шығындарын айтарлықтай азайтады.
«Битум зауыты-асфальттық бетон өндіру жөніндегі зауыттар-асфальттық бетон төсеу орны» жолында битум сапасын жоғалтпау үшін Ақтау битум зауытында Қазақстанда тұңғыш рет жол битумын бір жолы пайдаланылатын екі түрлі тасымалдау ыдысы – Биг-Беги (1000 келі) мен пластикалық қаптарға (40 келі) қаптау жөніндегі инновациялық технология қарастырылды. Қапталған салқын битумды пайдалану тек материалдың бұрынғы физикалық-химиялық ерекшеліктерін сақтап қана қоймайды, сонымен бірге асфальттық бетон зауыттарында үлкен көлемді битум қоймаларында битумды балқыған күйінде ұстауға кететін шығындарды қысқарту есебінен үнемдеуге қол жеткізеді.
Жобаны іске асыру 2010-2014 жыл-дарға арналған Қазақстан Республи-касының үдемелі индустриялық-инно-вациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта зауыттың технологиялық блоктары бойынша (ЭЛОУ-АВТ, битумдарды түрлендіру мен қаптау блоктары) технологиялық құрал-жабдықтар монтаждалып, сынақтан өткізілді, бүгінде іске қосу шаралары жүзеге асырылуда-«салқындай» сынақтан өткізу мен ауамен үрлеу аяқталды. Бумен үрлеу мен «ыстықтай» сынақтан өткізу үшін әзірлік жұмыстары жүргізілуде, бұл үшін 980 тонна көлемінде резервуарға пеш отыны қабылданды. Қаражанбас кенорнынан резервуарларға 25 мың тонна мұнай түсті.
Жалпы зауыттық шаруашылық бойынша транформаторлық подстанса, ТП16-6, КРУН, компрессорлық станса, жылу қазандығы, су әзірлеу стансасы бойынша іске қосу мен жұмысын жолға қою істері аяқталды. ДГО-ға су беру, резервуарлық парктер, сораптық жүйе, темір жол эстакадасы, автокөлікпен су құю орны жұмысқа әзір.
Барлық резервуарларды тексеру мен темір жолдық құю эстакадасы бойынша жұмыс аяқталды. Операторлық бөлімде іске қосу және жұмысын жолға қою істері аяқталу үстінде.
Технологиялық құрал-жабдықтарды мұнай өнімімен (пеш отынымен) сынақтан өткізу үстіміздегі жылдың 10 қарашасына дейін іске асырылады. Битумның алғашқы сынақ партиясы 2013 жылдың 25 қарашасы қарсаңында шығарылады.
Кездесу соңында кәсіпорын басшылары мен мамандары операторлық бөлім мен мұнайдан бастап битум құрамының сапасына дейін тексеретін зертхананың жұмыстарымен таныстырды.
Алдағы айда пайдалануға берілетін Ақтау битум зауыты жол құрылысының алдынан жаңа көкжиектер ашады. Бұл шет елдерге экспортқа өнімдер шығаратын кәсіпорын Қазақстанда еуропалық стандарттарға сәйкес келетін даңғыл жолдар салуға мұрындық болады деп сенеміз.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502