Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2634 0 пікір 21 Қараша, 2013 сағат 04:24

ҚҰРЫЛТАЙ ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТЫНДА ӨТЕДІ!

Қадірлі халайық, құрметті бауырлар!
Ел арасында Құрылтай өтпейді екен, болмайды екен, аймақтардан ешкім жиналмайды екен деген алыпқашпа әңгіме тарап жатыр. Бұл ақпараттың жалған екенін, Құрылтай 23-қараша күні Алматы қаласында өтетінін, барлық облыстардан азаматтардың жиналатынын ресми түрде мәлімдеймін.
Құрылтайдың күн тәртібі де өзгерген жоқ. Осы уақытқа дейін таратылған ақпараттарда айтылғандай үш мәселе қаралады.
Өкінішке қарай билік тарапынан қысым жасалып, құрылтайды қайткен күнде де өткізбей тастаудың түрлі айла-тәсілдері жасалуда. Ең негізгісі, соңғы төрт айда оннан аса ғимарат иелері зал беруден бас тартты. Төрт ғимарат иелері, ақшасын төлеп, келісіп қойғанымызға қарамастан басын ала қашып, ақшаны қайтарып беруге мәжбүр болды. Тіпті бір қонақ үйдің біз келіскен, ақша төлеген ұйымдастырушысы (администратор) екі күннен кейін еңбек демалысына шығып кетіпті.
Біз осы уақытқа дейін ауқымды ақпараттар таратып, сұхбаттар беріп, қоғамда қалыптасқан көптеген мәселелерді билікпен бірлесе шешуге ынталы екенімізді, бір бірімізге қолдаушы, демеуші болуымыз керек екенін, өйткені мемлекет біреу, жер, ел біреу екенін, біздің елімізге тұрақтылық пен тыныштық ауадай қажет екенін ашық айтқан болатынбыз. Біз осы ұстанымымыздан айныған жоқпыз.

Демократиялық бағытты ұстаушылар ретінде қоғамда қалыптасқан қандай да бір түйінді мәселелерді өркениетті, құқықтық жолмен шешуге үндейміз.
ЕНДІ ЕҢ БАСТЫСЫ, БАРЛЫҚ ОБЛЫСТАРДАН КЕЛЕТІН, БАСҚА ДА ҚҰРЫЛТАЙҒА ҚАТЫСУҒА НИЕТ ЕТКЕН БАУЫРЛАРҒА АЙТАРЫМЫЗ! Құрылтайды кең көлемде, 500-600 адам шақырып, жоғары деңгейде өткізуге билік мүмкіндік бермеді. Сондықтан, қазір құрылтайға 200-250 адам ғана қатысады деп жоспарлап отырмыз. Тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін олардың бәрі шақыру билетімен кіреді.
Қалыптасып отырған жағдайларға байланысты Құрылтай өтетін жерді қатысушыларға соңғы сәттерде мәлімдейміз. Естімеген, таба алмай қалған азаматтар болса Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 2-үйдің (Райымбек даңғылының қиылысы) ауласына, «Жалын» журналы редакциясының алдында сағат 10.00 ден кешікпей жиналуларыңызды сұраймыз. Одан әрі қарай құрылтай өткізетін орынға өзіміз жеткіземіз.

Байланыс үшін телефондар: 8(727)3976170 Құрылтайдың штабы, 87059997868 Мақсат Нұрыпбаев, 87017771969 Ғабиден Жәкеев, 87017890728 Нұржан Ошанбаев
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401