Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 1770 5 пікір 16 Наурыз, 2024 сағат 18:45

Қазақ аудармасы: Семейлік мектеп оқушыларының Үндеуі

Коллаж: Abai.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысын еліміздің Батысындағы Атырауда өткізгені Абай облысындағы, Семейдегі мектеп оқушыларын бей-жай қалдырған жоқ.

Үндеу

Бізге, ұлтымыздың болашағы болып табылатын шәкірттерге осы Құрылтайдағы Президентіміздің ана тіліміздің республикамыз бен одан тысқары жерде өркен жаюяына қатысты ой толғаған төмендегі тезистері:

«Келесі мәселе. Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным.

Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық.

Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түсті. Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр.

Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында.

Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз. Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды. Ең бастысы, нақты іс болуы керек», - дегені үлкен ой салып, қазақ тілін жаңа белестерге көтеруге жетелегені жасырын емес.

Біздің 11 мектептің оқушылар комитеті қазақ тілді медиаконтеті қалыптастыруға қатысты шәкірттер мен студенттер арасында «Жас Алаш Фандаб» қозғалысын өмірге әкелу үшін атсалысуға құрбы-құрбастарымызды шақырамыз. Және туған қаламыз Семейдің «Рухани Астана» мәртебесіне лайықты болу үшін Web аударма саласында өз үлесімізді қосқымыз келеді.

Сол себепті әрбір ЖОО, колледж бен мектептерде жас аудармашылар комитеті құрылып, қазақ тілінің бағы үшін тәржімалар жасап, ғаламтор кеңістігін ана тіліміздегі контенттермен толтырып, ұлтымыздың мәдени-рухани дамуына өз үлесімізді қосқымыз келетінін мәлімдейміз.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366