Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3345 0 пікір 26 Қараша, 2013 сағат 04:27

Мырзан Кенжебай. Н.Нығматуллиннің жан шошытар «жаңалығы»

Әп дегеннен айтайық, Н. Нығматуллин қазақ халқынан кешірім сұрауы керек. Бұл Қазақ Елінің парламенті, ол жерде қазақтар бір-бірімен ұлттық дәстүр арқылы тілдесуіне тыйым салуға Н. Нығматулиннің ешқандай хұқы жоқ! Бұл ұлтымызды басынудың бір түрі деп қарауымыз керек Мұндай өрескелдік ешбір елде болған емес! Бір-ақ мысал келтірейік. Өзбекстан шекарашылар даярлау училищесінде оқыған бір інім айтады. Күнде таңертең сапқа тұрып, алдағы жұмыс күнінің тәртібін түсіндіру кезінде училище басшысы өзбек генерал-лейтенант Ибадуллаев әрдайым «Естеріңде болсын, бізге ең әуелі өзбек ұлтын сүйетін, өзбек ұлтын құрметтейтін сардарлар (офицерлер) керек»-дейтін еді дейді. Осыны естігенде «апыр-ай, өзбектер нағыз ұлтшыл, нағыз өз елін сүйетін, ұлттық намысына ешқашан дақ түсірмеуді ойлайтын халық дейтін еді рас екен-ау деп таң қалғанбыз. Ал біздің тәуелсізбіз деп аталатын Қазақстан әскерлері мен ішкі істер сарбаздарына (полицейлерге) әлі күнге шейін орыс тілінде әмір беріледі. Олар бір-бірімен орысша сөйлеседі. Осының бәрін журналистер мен жазушы қауым, кеудесінде намыстың азды-көпті шоғы мен қоламтасы қалған өзге де қазақ азаматтары 22 жылдан бері айтудай-ақ айтып, жазудай-ақ жазып келеді.

Әп дегеннен айтайық, Н. Нығматуллин қазақ халқынан кешірім сұрауы керек. Бұл Қазақ Елінің парламенті, ол жерде қазақтар бір-бірімен ұлттық дәстүр арқылы тілдесуіне тыйым салуға Н. Нығматулиннің ешқандай хұқы жоқ! Бұл ұлтымызды басынудың бір түрі деп қарауымыз керек Мұндай өрескелдік ешбір елде болған емес! Бір-ақ мысал келтірейік. Өзбекстан шекарашылар даярлау училищесінде оқыған бір інім айтады. Күнде таңертең сапқа тұрып, алдағы жұмыс күнінің тәртібін түсіндіру кезінде училище басшысы өзбек генерал-лейтенант Ибадуллаев әрдайым «Естеріңде болсын, бізге ең әуелі өзбек ұлтын сүйетін, өзбек ұлтын құрметтейтін сардарлар (офицерлер) керек»-дейтін еді дейді. Осыны естігенде «апыр-ай, өзбектер нағыз ұлтшыл, нағыз өз елін сүйетін, ұлттық намысына ешқашан дақ түсірмеуді ойлайтын халық дейтін еді рас екен-ау деп таң қалғанбыз. Ал біздің тәуелсізбіз деп аталатын Қазақстан әскерлері мен ішкі істер сарбаздарына (полицейлерге) әлі күнге шейін орыс тілінде әмір беріледі. Олар бір-бірімен орысша сөйлеседі. Осының бәрін журналистер мен жазушы қауым, кеудесінде намыстың азды-көпті шоғы мен қоламтасы қалған өзге де қазақ азаматтары 22 жылдан бері айтудай-ақ айтып, жазудай-ақ жазып келеді. Бірақ соның бірде-біріне не жауап жоқ не оны оңына келтірейік деген бір қаулы қабылданбайды деп балаша өкпелеп жүрсек мәселе мынада екен: Ол–өкімет басында отырған толып жатқан космополит, нигилист, қостілді, үштілді, еуропашыл, орысшыл тек аты-жөні ғана қазақша орқаздардың (орыс-қазақтардың) қайткенде таза қазақ қалдырмау үшін жасап отырған арам пиғылының, әдейі теріс әрекет жүргізуінің нәтижесі екен. Бұл–өз елінде қазақтың жер иесі, жер байлығының иесі, ел иесі болуына қарсы күрес екенін енді түсіне бастадық. Бірақ кеш қалдық. Бүгінгі ҚР билігінің басындағылар сонау патшалы орыс Ресейінің, коммунистік орыс Ресейінің, шовинизм, империализм ауруынан арылмаған, арылғысы келмейтін қазіргі орыс Ресейінің қазақ халқына қарсы жоспарлы түрде, тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқан қанқұйлы саясатының жетегінде келе жатқандығының нәтижесі. Біз 22 жылда не тілімізді, не ұлттық салт-дәстүрімізді өз жерімізге өзіміз иелік хұқымызды қайтарып ала-алмадық деп жүргенде парламент мәжілісінің жетекшісі бұған шейін қазақтың не ғылымында, не әдебиетінде, не өнерінде, не экономикасында аты-жөні белгісіз болып, күндердің күнінде бүкіл халық қалаулыларының көшбасшысы боп шыға келген, не көреген көсемдігі, не шешендігі жоқ Н. Нығматуллин деген енді парламентте қазақтардың өзара сыйластығының, мәдениеттілігінің ұлттық керемет ерекше түрінің бірі Әбеке, Бәке, Бисеке, Сәке, Сейсеке, Мұха, Мәке деп силастықпен үн қатуына да тыйым салды. Бұл енді қазақты басынудың, қазақтың үнін шығармай тұқыртып, табанға салудың 22 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан алуан түрінің ең бір сорақысы десеңіз еш қателеспейсіз! Әлде парламентте небір майлы жіліктің дәмін татып, одан айрылса, басына қаралы күн туатындай көріне ме қайдам, сол жерде бірде-бір қазақ мұның қалай деп оның бетіне тура қарай алмады. Бүйткен күндерің құрсын, бүйтіп қатын-бала асырағандарың құрысын сендерді қай оңбаған ана жерге депутат етіп отырғызды екен, ә дедік іштей. Әрине, орыс депутаттар да үндеген жоқ, оларға керегі де сол. Оларға қайта қазақтардың бір-біріне Тақыркедей Мұнайбаевич, Оралман Қайыршиевич, Сыпырушы Күзетшиевич, Нұржалтақ Базарбаевич, Дәрия Нұрқояновна деп тіл қатысқаны керек.

Біле-білсек, осының бәрі әуел бастан-ақ Қазақ Елінің ең жоғарғы заң шығарушы мекемесінің атын Парламент деп французшалап қойған сұрқиялықтан басталған екен ғой. Сол парламент дегенің сондай бір қасиетті сөз емес, ол бар болғаны французша парле-сөйлеу, айту деген ғана мағынаны білдіреді. Ал Сенатыңыз баяғы Рим дәуіріндегі ел басшылығы. «Тілі екеудің-діні екеу» деп Әбубәкір Кердері қалай біліп айтқан десеңші! Әйтпесе, миы, ақыл-есі ұлттық санасынан, ұлттық намысынан айрылмаған болса жоғарыдағы екі тілді, үштілді мәңгүрттер бұл екі органды әуелден-ақ қазақша атауға шешім қабылдар еді ғой. Басқа республикаларда бұлар жоғарғы Кеңеш, Рада,Кнессет, Дума т.б. деп осы өз тілінде аталады. Әлгі өзбек генералы ең әуелі өз ұлтының қамын ойлап, шекарашылар алдында тек өзбекше сөйлеп тұрғанда қазақтың Абайдан садаға кеткір! Абай Тасболатов деген депутаты заң, қаулы-қарар жататын үстелдің үстіне құйрығын қойып, аяғымен аттап өткенде осы депутаттар мәз болып қарқ-қарқ күлді. Осының бәрі әр ел президенті бүкіл баяндамасын да, халыққа Жолдауын да тек өз ана тілінде жазып, өз тілінде айтатынынан болуы әбден мүмкін. Айтпақшы қазақтар өздерін өзбектерден мәдениеттіміз және орысша, ағылшынша сөйлесек бұдан да мәдениетті, бұдан да білімді боламыз деп ойлайды. Және Қазақстанға келіп жұмыс істеп жүрген өзбектер өз елінде күнін көре алмаған қайыршылар деп есептейді.

Енді міне, өз елінде тілін мемлекеттік дәрежеге көтермек түгіл кейінгі кезде іс-қағаздарын қазақша жүргізейік деген сөздің өзі айтылмайтын болған қазақ елінде Нұрлан Нығматуллин сияқтылар қазақтың қалыптасқан дәстүрлі тілдік қарым-қатынасына да тыйым салды. Оның бұлай етуге еш хұқы жоқ! Мұндай хұқы жоғын білмейтін Н. Нығматуллин тұтас бір елдің парламентін басқаруға да хұқы жоқ. Оның осы кемістігін айтатын бір депутат табылмаса, парламентіміздің қандай парламент екенін талқыға салатын кез жетті. Қазақ бұған да шыдап үнсіз отыр. Қаптап жүрген космополит,тенгрист, нигилист, мәңгүрттерге, керегі де осы. Ендеше, қазақтың басына осылайша
... .... ... ... ... ...
...Көргенсіз біткен көсем боп,
Керауыз біткен шешен боп,
Қан-жынға тойып семірген
Жайлауды жаны жатсынып
Илеудің қиын кемірген,
Құлағы ұзын жануар
Құс тістеген құмай боп
Киелі сөзге киліккен,– заман туып жатса да мыңқ етпейтін өз мемлекетінің атын Казахстан деп орысшаға бейімдеп жазып қойған ел жер бетінде бар ма екен? Осы біз қазақты оянбады деп өкпелеп жүрсек, сол қазекемді соңғы 22 жылдан бері біреулер бұрынғыдан да қалың ұйқыға батырып баратқан жоқ па?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347