Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3984 0 пікір 26 Қараша, 2013 сағат 07:49

Қазақ Ұлттық Кеңесінің М Ә Л І М Д Е М Е С І

Қазақстан Републикасының Президенті
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА,

ҚР Парламент Сенатының Төрағасы
Қасымжомарт ТОҚАЕВҚА,

ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы
Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИНГЕ,

Қазақстан Республикасының Премьер министрі
Серік АХМЕТОВКЕ,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
хатшысы Марат ТӘЖИНГЕ
және барлық Қазақстан халқына

«Халық өкілдері құрылтайы» құрған
Қазақ Ұлттық Кеңесінің
М Ә Л І М Д Е М Е С І

2013 жылдың 23-ші қарашасында Алматы қаласында «Халық өкілдерінің құрылтайы» өтті. Бірақ, билік Құрылтайды өткізбеуге барынша тырысып баққанымен, шындық күші өріс тапты. Оған республикамыздың 12 облысынан арнайы өкілдер қатысты.


Қазақстан Републикасының Президенті
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА,

ҚР Парламент Сенатының Төрағасы
Қасымжомарт ТОҚАЕВҚА,

ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы
Нұрлан НЫҒМАТУЛЛИНГЕ,

Қазақстан Республикасының Премьер министрі
Серік АХМЕТОВКЕ,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
хатшысы Марат ТӘЖИНГЕ
және барлық Қазақстан халқына

«Халық өкілдері құрылтайы» құрған
Қазақ Ұлттық Кеңесінің
М Ә Л І М Д Е М Е С І

2013 жылдың 23-ші қарашасында Алматы қаласында «Халық өкілдерінің құрылтайы» өтті. Бірақ, билік Құрылтайды өткізбеуге барынша тырысып баққанымен, шындық күші өріс тапты. Оған республикамыздың 12 облысынан арнайы өкілдер қатысты.

Сіздердің назарларыңызды «Халық өкілдерінің құрылтайында» көтерілген мына мәселеге аударғымыз келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Байырғы халықтардың құқығы туралы Декларациясында республикадағы байырғы халық жоғарғы билікке, жергілікті мемлекеттік органдарға талаптар қоюға, Үкіметпен, басқа да ресми орындармен келіссөздер, кездесулер өткізуге, ұлттық мемлекет құру тұжырымдамасын, әлеуметтік ахуалды жақсартудың, ұлттық экономика мен ұлттық идеология қалыптастырудың өзге де мәселелерін көтеруге және сол мәселелерді шешуге, мемлекеттік тіркеуді қажет етпейтін ұйым құруға толықтай құқылы делінген. Осыған орай, «Халық өкілдерінің құрылтайы» Біріккен Ұлттар Ұйымының Байырғы халықтардың құқығы туралы Декларациясының 18-19-баптарының және құрылтайдың қарарына сәйкес, республикамызда тіркеуді мүлде қажет етпейтін Қазақ Ұлттық Кеңесін құрды.

«Халық өкілдерінің құрылтайында» Қазақ Ұлттық Кеңесіне мемлекет құраушы Қазақ халқының атынан мемлекеттік органдар алдында ресми түрде Қазақ халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғау, сондай-ақ ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, министрліктер мен ведомстволардың, басқа да мемлекеттік органдардың, әкімшіліктердің, сот орындарының жұмысына, лауазым иелерінің қызметіне ұлттық көзқарас тұрғысынан қоғамдық баға беру және бірлесіп жұмыс істеу міндеттері жүктелді.

Бұл міндеттер Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері құқықтарының шектелмеуін басты назарда ұстайды және оларға әрдайым көмек қолын ұсынуға әзір екендіктерін мәлімдейді.
Құрылған ұйымның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау және нығайту, еліміздегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау және барлық Қазақстан азаматтарын ұлтына, тіліне, дініне қарамастан мемлекетіміздің одан әрі дамуы жолында бірлесіп қызмет етуге топтастыру.

Қазақ Ұлттық Кеңесі қазіргі Қазақстан билігіне төмендегідей
ТАЛАПТАР ҚОЯДЫ:

1. Қазақстанның көрші елдермен достық, экономикалық байланыстарының маңыздылығы сөзсіз. Алайда Еркін экономикалық аймақтар құру арқылы шешілетін мәселеге Кедендік одақ құрудың қажеті жоқ болатын. Енді бұл мәселені түпкілікті шешу үшін Кедендік одақта қалмау мәселесіне мароторий жариялау қажет деп санаймыз. Кедендік Одақ құрудағы мақсат Еуразиялық Экономикалық Одаққа қол жеткізу екендігі ешкімге құпия емес. Еуразиялық Экономикалық Одақ құру жөніндегі құжаттарға 2014 жылдың 1-мамырында қол қойылып, 2015 жылдың 1-қаңтарында күшіне енеді. Бұл – бұрынғы Кеңестер Одағын қайта жаңғырту. Оның ертеңі – саяси бодандық. Қазақ халқы бір қақпанға екі рет түсуді қаламайды. Еуразиялық Экономикалық Одақ дегеніміз – ортақ заңдар шығаратын Ортақ Парламент құруға, заңдардың орындалуына төрелік ететін ортақ сот құруға, бодандықты ақшамен бекітетін ортақ валюта шығаруға апарады. Бұл – тәуелсіздікті қолдан беру емес пе? Сондықтан Қазақстан Үкіметі мемлекетімізді саяси бодандыққа ұрындыратын идеялардың қандайынан болса да бас тартуға тиіс!

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың төңірегіндегі мақтау мен мадақтың шегі мен шетінің болмауы, елімізде жеке адамға табыну мәселесінің кей тұстары Сталин, Хрущев, Брежнев кезіндегіден де асып түсуі ащы шындық екені айқын. Екі-үш мысал ғана келтірелік: Қазақстанның барлық облыстарында дерлік, кезінде Абайдың, Махамбеттің, т.б. ұлы тұлғалардың есімін иеленген, жұрт көп қыдыратын Орталық саябақтардың бұрынғы аты алынып тасталып, тек тұңғыш Президенттің атына ауыстырылуы, республикамызда болашақта ұзын-саны 90-ға жететін, бүгінгі таңда 20 «Назарбаев зияткерлік мектебінің» салтанат құруы және оларға басқа мектептердің түсіне кірмеген қыруар қаржының бөлінуі, «Хабар», «Қазақстан», тағы басқа телеарналар уақытының үлкен бөлігін тек Президентті мадақтауға құруы, бүкіл әлемде қалыптасқан демократиялық үрдістерге мүлде қайшы істер. Қазақстандағы жеке адамға табыну ағымына тоқтау салар кезең келді. Бұған Президенттің өзі де қарсы болмас деп сенеміз.

3. Мемлекет басшысына ант берген лауазым иелерінің едәуірі қылмыскер атанып жатыр. Бұл авторитаризмге негізделген Президенттік басқару формасынан туындаған «жемістер». Президент құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикамызда екінші Парламент қызметін атқарып жүр. Әлемнің бірде-бір елінде мұндай саяси жүйе жоқ. Мұның мүлде орынсыз екендігі сан рет айтылды, жазылды. Бірақ оған құлақ асар билік жоқ. Енді халық алдындағы, мемлекет алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып, Конституциялық жолмен Президенттік билікті Парламенттік-президенттік басқару формасына ауыстырғанды жөн деп білеміз. Президент Парламент алдында, депутаттар халық алдында жауапты болуға тиіс. Билік тармақтарының демократиялық қағидаттары сақталуы керек. Бір-бірін ретсіз қайталаушылықтан арылту үшін Парламенттің екі палаталық формасы біріктіріліп, шынайы халық өкілдерінен құралатын бір палаталық формаға көшірілсін. Депутаттыққа ұсыну мен сайлау жанама – партиялық тәсілмен емес, сайлау округтері бойынша, халықтық төтелей сайлау арқылы жүзеге асырылсын;

4. 2013 жылдың 30-шілдесіндегі ресми ақпарат бойынша Қазақстанның сыртқы қарызының көлемі 145,4 млрд. АҚШ долларына жетіпті. Мәселен, біз Нидерланды еліне – 33,5 млрд. доллар, Ұлыбританияға – 23,6 млрд. доллар, Қытай халық республикасына – 17,1 млрд. доллар, ал АҚШ-қа 11,2 млрд. доллар қарыз екенбіз. Осынша мол қаржы Қазақстанның қай жыртығына жамау болды және қайда жұмсалды? Әлде бұл қаржының едәуір бөлігі жеке адамдардың қалтасын қампайтты ма? Осы көкейтесті сұрақтардың жауабын халық білуі керек.

5. Қазақстан Республикасының «Ел бірлігі» доктринасында жазылғандай: «Қазақстан Республикасы қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттігінің құқықтық, тарихи жалғыз дара мұрагері және оның саяси, мемлекеттік құрылымының табиғи жалғасы болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қорғау және ұлттық мемлекеттігін күшейту жолындағы барлық шараларды атқарады». Доктринадағы осы сөз мүлде назарға алынбауда. Еліміздің заңдары мен мемлекеттік шешімдерінің барлығы қазақ халқының ұлттық мүддесіне кереғар келмеуі тиіс. Сонда ғана қазақ халқы Қазақстан азаматтарын топтастырушы этнос рөлін абыроймен атқара алады.

6. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы орында деп мақтанамыз. Бірақ, адамзат тарихында 50 жылда 752 рет ядролық жарылысты басынан өткізген тек қазақ жері шығар... Оған «Байқоңырдан» жыл сайын ұшатын Протондардан төгілетін гептилды, Ресейдің 7 әскери-сынақ полигондарында болатын сынақтарды қосыңыз. Ядролық жарылыстардың зардапты салдары аз болғандай және Чернобольді, Фокусиманы көріп отырып, атом электр станциясын салмақшымыз. Әлем елдері бас тартып отырған ядролық қалдықтар мен отынның қоймасын да өз жерімізге әкелуге келісім бердік. Осының бәрі қазақ жеріне, Қазақстан халқына үлкен қауіп әкелетінін билік білуге тиіс!

7. Ширек ғасырдан бері мемлекеттік тілге қатысты қолданылып келген саяси ойын салдарынан, мемлекеттік тілдің даму өрісі кеңеймей, қасаң бағдарламалар аясында қалып қойды. Үкіметте, Парламентте, дипломатияда, қаржы-бизнес, есеп-қисап т.б. салаларда мемлекеттік тілді қолдануға ерік-жігер мен ынта туғызылмады. Түрлі жиындардың басы мен аяғында қазақша бір-екі ауыз ғана сөз айтып, мемлекеттік тілді қорлау етек алды. Сондықтан мемлекеттік тілдің ең алдымен мемлекет құраушы ұлт тілі екендігі ескеріліп, Қазақстан Парламенті «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заң қабылдап, заң негізінде мемлекеттік тілдің құзырын күшейту қажет. Елбасының өзінен бастап мемлекеттік лауазымды қызмет иелері барлық отандық, шетелдік ресми кездесулерде, негізінен, мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттеліп, республика көлеміндегі маңызды іс-шаралар мемлекеттік тілде жүргізілсін. Республика министрліктері, мемлекеттік органдар, департамент, басқармалардың іс-қағаздары толықтай мемлекеттік тілге көшірілуі керек. Мемлекеттік тілді білмейтіндер ілеспе аударма қызметін пайдаланатын болсын. Мемлекеттік тілді мойындамайтындар, оны оқып, үйренуге тырыспайтындар – мемлекеттік қызметке алынбасын! Мәдениет және ақпарат министрлігінің бір бөлімшесі ретінде ғана қызмет ететін Тіл комитетінің тіл проблемаларын шешуге мүлде шамасы жетпейді. Сондықтан Мемлекеттік Тіл агенттігін және Тіл инспекциясын құруды ұсынамыз;

8. Құрамында 23 ұлттың өкілі, 100 мыңнан астам мүшесі бар «Халық рухы» партиясын тіркеуге берген 6 жылдан астам уақыт ішінде партия өкілдері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне 32 рет қайырылған екен. Олардың жауаптары: «Әлі тексеріп жатырмыз. Күте тұрыңыздар!». Тексерудің шегі мен шеті болмағаны қалай? Әділет министрлігінің жалтарма жауаптарын демократиялық ұстанымдарға мүлде қайшы деп есептеп, жақын арада партияны тіркеуді талап етеміз. Бұл талап орындалмаған жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымына және әлемдік деңгейдегі демократиялық күштердің қорғауына жүгінетінімізді мәлімдейміз;

9. 1926 жылы Кеңестер Одағының кезінде Наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. 62 жылғы үзілістен соң Наурыз мейрамы 1988 жылдан бастап, мемлекеттік деңгейде қайта тойлануда. Бірақ әлі күнге дейін өзінің негізгі міндетін атқара алмай келеді. Наурыз мерекесі (21-22-наурыз күні) түркітілдес халықтардың Жаңа жылы болып саналады. Нақ осы мерзімде күн менен түн теңеседі. Әрбір отбасы ағаш отырғызуға міндетті. Егер адамдар ренжіскен, өкпелескен болса, өзара кешірім сұрасып, татуласуы шарт. Наурыз мейрамының осындай рухани өнегесі бар. Бірақ біз әлі күнге дейін Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан дәстүр бойынша, Жаңа жылды 1-қаңтарда тойлап келеміз. Бұдан былай Жаңа жыл мерекесін Наурыз мейрамымен бірге тойлау – ежелгі ата-баба дәстүріне бет бұру екенін ұмытпағанымыз абзал.

10. «1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы» деп аталған Желтоқсан көтерілісі көлемі және рухани қуаты жағынан бүкіл Кеңестер Одағындағы демократиялық қозғалыстардың көшбасшысы болды. Кейіннен Одақ құрамынан шығып, егемендік туын желбіреткен елдердің бәрі дерлік белгілі деңгейде осы Желтоқсан көтерілісіне қарыздар. Желтоқсан оқиғасын тексерген және оған түпкілікті баға берген комиссия Кеңестер Одағының салтанат құрып тұрған кезінің өзінде КОКП Орталық Комитетіне, оның Саяси Бюросына үлкен кінә тағып, билік құпия ұстап келген 168 адамның қаза болғанын және оқиғаға айыпты 41 адамның аты-жөнін әйгіледі. Бірақ Қазақстан Прокуратурасы комиссияның талаптары мен ұсыныстарына құлақ аспай, мәселені жылы жауып қойды. Тіпті Қазақстан билігі Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын да ескерусіз қалдырды. Әлі күнге дейін республикамыздың тарихы жазылған кітаптарда және мектеп оқулықтарында Желтоқсан көтерілісінің шындығы мүлде жоқ. Билік қалыптастырған бұл тоңмойындыққа әділетті көзбен қарар кезең әлдеқашан келгенін ескертеміз.

11. Жат жұрттағы 5 миллион қандастарымыздың көпшілігі Қытайда, Ресей мен Өзбекстанда тұрады. Бұл елдерде қазақ тілді мектептер мүлде жабылып, білім беру жүйесі тұтастай қытай, орыс және өзбек тілдеріне ауыстырылған. Сондықтан да ұлтсыздандыру саясаты қарқынды жүруде. Үкімет дайындаған «Еңбек миграциясы туралы» соңғы заң жобасында қандастарымыздың азаматтық алу мәселесін 5 жылға ұзартып, олардың елге оралуына үлкен бөгет қойылуда. Сондықтан бұл заңның кері қайтарылып, шетелдердегі қандастарымыздың атамекенге оралуына құқықтық тұрғыдан барынша жағдай жасалуы қажет. Оралмандардың азаматтық алу процесі мейлінше жеңілдетіліп, олардың елге оралуына барлық мүмкіндікті жасаумен шұғылданатын арнайы Мемлекеттік Агенттік құрылсын;

12. Елімізде әлемдік және дәстүрлі діндер бөлшектерінің жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткендігі ешкімге құпия емес. Бұрын Ислам діні, кейінірек Христиан діні салтанант құрған қазақ жерінде егеменді ел атанғаннан соң 4 жарым мыңнан астам бірлестіктер мен секталардың, дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген миссионерлердің қаптап кетуі және олардың үйме-үй жүріп жұртты өз дініне үгіттеуі, миллионға жуық қазақтың басқа дінге өтіп кетуі, билік басындағылардың бұған тоқтау саларлық заң қабылдауға мүмкіндік бермеуі, Хрущев кезіндегідей Қазақстанның ұлттар достығының лабораториясына айналғаны сияқты, бүгінгі дәуірде діндер лабораториясына айналуы елдігімізге сын болды. Егер Американың осындай шараларға жыл сайын 11 млрд. доллар қаржы бөлетінін ескерсек, соның үлкен бөлігі Қазақстанға келіп жатқаны белгілі. Сол үшін де шетелден қаржыландырылатын және дәстүрлі дінімізбен үндеспейтін жат діни ағымдарға тосқауыл қойылып, жергілікті халықтың әдет-ғұрыптарына қайшы келетін діни бірлестіктердің іс-әрекеттеріне тыйым салынсын;

13. Төл тарихымыздағы ақтаңдақтарды еске алу – ата-бабаларымыздың алдындағы басты парызымыз. Мәселен, 1918 жылы Түркістан автономиялық республикасында 1 миллиондай, 1921-22 жылдары болған ашаршылық нәубетінен 800 мыңдай қазақ опат болды. 1931-33 жылдары арнайы қолдан ұйымдастырылған ашаршылықтың зардабынан қазақтың 70 пайыздайы қырылып қалды. 1928-38 жылдары болған қуғын-сүргінде 130 мың адам жазықсыз сотталды. 25 мыңдай қайраткерлеріміз бен арыстарымыз халық жауы деген жаламен атылып кетті. Осы жантүршігерлік қасіретті еске алу күні неге жоқ? Жазықсыз жапа шегіп, жоқтаусыз кеткен, ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етіп тұру үшін, 31-мамырда атап өтілетін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін «Қазақ Ұлтының Қасірет күні» деп атауды ұсынамыз;

14. Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді қайта сараптаудан өткізіп, латифундистер мен олигархтарға әр түрлі жолдармен шектеусіз үлестірілген, күтімсіз қалған жерлерді мемлекет иелігіне қайтарып, оны диқан-шаруаларға, оралмандарға беріп, ол жерлерді игеруге мемлекет тарапынан, ұлттық қазынадан қаржы бөлінуі қажет. Дәнді дақылдар өсіру, оны шетелге сату сияқты желеулермен бірлескен күмәнді кәсіпорындар құруға жол беруге болмайды. Сондай-ақ, шетелдіктерге әртүрлі сылтаулармен 49, 99 жылға жалға берілген жерлерді кері қайтару мәселесін шешу және мұндай істерге тосқауыл қоятын кезең жеткенін ескертеміз. Сол сияқты «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кеткен өзге де құндылықтарымыз да халық игілігіне қайтарылуы тиіс;

15. Сот және құқық қорғау органдарының өздері сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың қайнар көзіне айналды. Сондықтан елімізде жемқорлық пен парақорлыққа қарсы тосқауыл қоюдың жаңа және тиімді түрлерін іздестірген абзал;
Ел экономикасының 70 пайыздан астамы шетелдік компанияларға 24-50 жылға басқаруға берілген. Оларға керегі – Қазақстанның шикізаты. Сондықтан ел экспортының 90 пайыздан астамы шикізаттың үлесінде. Шикізатқа тәуелді Қазақстан дамыған ел қатарына қосылуы екіталай. Сондықтан, елдің экономикалық саясатын түпкілікті өзгертіп, инновацияны қоғамның барлық саласына енгізуді қамтамасыз етіп, Қазақстанның жоғарғы технологиясы дамыған өркениетті мемлекет болуына қол жеткізу. Өз экономикамызды өзіміз басқаратын жағдайға жету үшін, шетелдік компанияларға басқаруға берілген кен орындары мен кәсіпорындарды Ұлттық компаниялардың меншігіне қайтару саясатын жүйелі жүргізу қажет. Еліміздің шағын және орта кәсіпкерлігін дамытуға жан-жақты жағдай жасалсын және Қазақстанның ұлттық байлығы мемлекет меншігіне қайтарылсын;

16. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін иеленгеніне 25 жылға таяу уақыт өтсе де мемлекеттік тіл туралы арнайы заңның болмауы ана тілі беделінің құлдырауына әкеп соқты. Оның үстіне билік «Үш тұғырлы тіл» дегенді ойлап тапты. Бұл орыс тілін де мемлекеттік тіл жасау саясатынан туындаған әдіс. Әлі оң қолы мен сол қолын айқын айыра алмайтын балабақшадағы екі жасар сәбиге бірден үш тіл үйретуге бет бұру педагогиканың заңына түгелдей қайшы, қылмысқа барабар іс. Тіпті бұрынғы Кеңестер Одағының өзінде балаға шет тілді бастауыш сыныптан кейін үйрететін. Ал Жапонияда бүлдіршін 12 жасқа жеткеннен кейін ғана шет тілдерді үйренуге бағыт алады. Оған дейін жас қанат өз ана тілінің сұлулығын, құдіретін бойына толық сіңіруі, туған ана қуатын мойындауы қажет. Содан кейін ғана он тіл, тіпті жүз тіл меңгере ме, өз еркі. Педагогиканың заңына кереғар «Үш тұғырлы тіл» саясатын өркениетті елдер тәжірибесіне үйлестіріп, жалпы жас жеткіншектерге шет тілін үйретуді әлемдік тәжірибеге сай жүргізуді талап етеміз;

17. Қазір республикамыздағы кез-келген банк жүйесі туралы «пайыздарын көбейтіп, тұтынушыларын қанайды» деген нақты деректермен берілген пікірлер баспасөз беттерінде айтыла бастады. Еуропада несиелік пайыздың нормасы 1-2, ары кетсе 3 пайыздан аспайды екен. Ал АҚШ-та 3,3 пайызды құраса, Жапонияда 2 пайыздық өсіммен беріледі. Ал біздің елімізде бұл көрсеткіштер 10 есеге дейін жоғары. Оның себебі, шетел банктерінен 2-3 пайыздық қайтарыммен алып келген мол қаржыны елдегі банктер 20-30 пайыздық өсіммен халыққа ұсынады. Қазір елімізде еңбекке жарамды адамдардың несие алмағаны кемде-кем. Яғни, республика жұртшылығын түгелдей банктер қанауда. Сол сияқты мемлекет тарапынан қолдаудағы «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасын іске асыратын «Тұрғын-үй құ¬рылыс жинақ банкінің» өзі коммерциялық, түрлі астыртын амалдармен ипотекалық несиеге негізсіз пайыздық сыйақы қосады. Банктер «жасырын пайыз» арқылы өте көп пайда көріп отыр. Сондықтан да борышкерлердің қарызы екі-үш есеге көтеріліп кетті. Осыған орай, астыртын, арам амалдармен халықты қанап отырған банк пайыздарының мөлшерін төмендететін банктік реформа жасауды талап етеміз;

18. Елімізде әйелдердің зейнетке шығу мәселесі күрделі күйінде қалып отыр. Бұл тұрғыда үкімет қолға алған реформаның мәселе мәніне бойламай, асығыс жасалғандығы осы сала министрінің жылы орнын босатуына ұласты. Аталмыш реформаның аяғынан тік тұрып кетуіне Парламент барынша қолдау білдіргенімен, ол бәрібір халықтан қолдау таппады. Мәселеге Президент араласқаннан кейін үкімет қолға алған реформа сырт көзге өзгеріске түскендей болып көрінгенімен, әйелдердің зейнетке шығу жасын 63 жасқа ұлғайту шешімі сол қалпында қалды. Аналар құқығы тіпті Кеңестер Одағы кезінде де тап бұлайша аяқасты болмаған еді. Сондықтан, біз зейнетақы реформасын тәуелсіз ел мүддесіне сай қайта қарау керек деп есептейміз;

19. Қазба байлықтарының көлемінің молдығы жағынан Қазақстан әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі екені даусыз. Егер алтынның 1 грамы 6 мың теңге екенін ескерсек, елімізде өндірілетін, әлемнің ешбір елінде кездеспейтін осми және рени атты рудалардың 1 грамы жабық көтерме сауда орындарында 100 мың АҚШ долларына бағаланады екен. Ал қорғасын, цинк, барит, хром рудаларының көптігі жағынан біз бүкіл әлемде бірінші орын, уран, марганец, күмістен екінші орын, мыс қорының молдығы жағынан үшінші орын, кобальт, қара металл рудаларынан бесінші орын, фосфорит пен көмір қоры бойынша алтыншы орын, мұнай қорының көптігі жағынан жетінші орын иеленеді екенбіз. «Осындай ұшан-теңіз байлықтарда қарапайым халықтың үлесі бар ма?» деген сұрақ ылғи да алға шығады. Дәл біз сияқты мұнай қорын иеленген араб елдері әрбір жаңа туған балаға 7 мың доллар, үйленіп, шаңырақ көтерген жас жанұяға 64 мың доллар, кәсіпкерлікпен шұғылданамын дегендерге 20 мың доллар көлемінде қайтарымсыз көмек-қаржы береді. Бұған қоса бүкіл елдің оқуын, медициналық жәрдемін және пәтер ақысын мемлекет өз мойнына алған. Біздің елімізде мұнайдан және басқа байлықтардан түскен қаржылар кімдердің қалтасын толтырып жатқанын жұрт біледі. Неге республикамызда осындай игіліктердің бірі жоқ? Туған жеріміздің қазба байлықтарынан түскен қаржының республика азаматтарының игілігіне жұмсалуын талап етеміз;

20. Елімізде қазақ тілінде 500-ге жуық, ал орыс тілінде 2 жарым мыңға тақау газет-журнал жарық көреді екен. Егер тек Шымкент қаласынан өз ана тілімізде 300 газет-журнал шығатынын ескерсек, қалған 200 басылым бүкіл республикаға тиесілі. Әрине, бұл мақтанарлық жағдай емес. Ең күрделі мәселе мынада: Ресей мемлекетінен Қазақстанға 5500-ге жуық газет-журнал келіп тарайды. Кез келген дүңгіршекке барыңыз, қазақ басылымдары орыс баспасөзінің көлеңкесінде қалған. Тіпті, дүңгіршек иелерінің көпшілігі белгілі қазақ басылымдарының атын да атай алмайды. Енді республикамыздың қалаларындағы барлық кітап дүкендерінде 90, 95, 100 пайызға дейін тек Ресей баспалары өнімдерінің сатылуы, сондай-ақ Ресейдің 50-60 телеарнасының кабельдік жүйе арқылы әрбір үйде күндіз-түні көрсетілуі қазақ зиялыларын «біз осы Қазақстанда тұрамыз ба, жоқ әлде Ресей Федерациясының құрамына еніп кеттік пе?» деген ойға тартады. Сондықтан, Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін сақтау және еліміздің ұлттық мүддесін қорғау үшін Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы туралы ұлттық бағдарламасы қабылданып, шұғыл түрде жүзеге асырылсын;

21. Негізін «американдық ұлттан» алатын «Қазақстандық ұлт» саясаты Қазақстан халқы Ассамблеясы доктринасынан алынып тасталынғанмен, қоғамға сыналай ендіріліп жатыр. «Қазақстандық ұлт» саясаты қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауымның жіті назарында болғандықтан, бұл іске қайта бет бұру, халықтың зор қарсылығын тудыратынын биліктің есіне саламыз:

22. Кез келген мемлекеттің демократиялық құқына назар салып көріңіз. Егер халық билікке риза болмаса, көшеге шығып, жиналыстар, митингілер, шерулер өткізіп, өз пікірі мен ойын ашық түрде білдіре алады. Ал бізде «Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» заң бойынша жергілікті әкімшіліктерден шеру немесе қоғамдық жиналыс өткізуге рұқсат сұрауға тиістісің. Ол өтініштің өзіне әкімшілік он бес-жиырма күнде немесе бір айда әзер жауап қайырады, негізінен рұқсат бермейді. Ресми рұқсат етілмеген жиындарды ұйымдастырушыларды қысқа мерзімге қамауға алып, айыппұл салады. Заңмен бекітілген бұл жүйе адам құқықтарын жүзеге асырудың халықаралық стандарттарына қайшы келетіндіктен, бұл орайдағы заңды қайта қарауды талап етеміз;

23. Жоғарыда қойылған талаптардың ойдағыдай орындалуы үшін, үш ай мерзім ішінде, еліміздің құзырлы мемлекеттік органдары мен Қазақ Ұлттық Кеңесінің мүшелерінен топтастырылған Біріккен жұмысшы тобын құруды талап етеміз.
Қазақ Ұлттық Кеңесі атынан:

Мұхтар ШАХАНОВ, Республикалық «Тәуелсіздікті қорғау» және «Мемлекеттiк тiл» қоғамдық қозғалыстарының төрағасы, Қазақстанның Халық жазушысы; Амангелді АЙТАЛЫ, Қоғам және мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор; Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы; Тұрсынбек КӘКІШЕВ, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор; Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы; Дулат ИСАБЕКОВ, «Мәдениет» журналының бас редакторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысының төрағасы; Оразалы СӘБДЕН, Қазақстан Ғалымдар Одағының Президентi, ҚР ҰИA Академигi, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты; Темірхан МЕДЕТБЕК, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Марат ТОҚАШБАЕВ, жазушы-публицист; Жарылқап ҚАЛЫБАЙ, «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам» журналдарының бас редакторы; Мақсат НҰРЫПБАЕВ, заңгер, қоғам қайраткері; Ғабиден ЖӘКЕЕВ, тарихшы, Ғабит Мүсірепов пен Бердібек Соқпақбаев қорларының төрағасы; Болатбек БІЛӘЛОВ, саясаттанушы; Айдар ӘЛІБАЕВ, қаржыгер, Қазақстан зейнеткерлер қауымдастығының төрағасы; Ермұрат БАПИ, «Тасжарған» газетінің бас оқырманы; Дәурен ҚУАТ, «Абай.kz» ақпараттық порталының жетекшісі; Мақсұт ҚАЛЫБАЙ, Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңірген зейнеткер; Совет-Хан ҒАББАСОВ, жазушы, Медицина және педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі; Жанұзақ ӘКІМ, саясаттанушы,биология ғылымдарының кандидаты; Мырзан КЕНЖЕБАЙ, ақын, ҚР мәдениет қайраткері; Балташ ТҰРСЫМБАЕВ, саясаткер, мемлекет және қоғам қайраткері; Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; Нұрғали НҮСІПЖАНОВ, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Мереке ҚҰЛКЕНОВ, жазушы, «Өлке» баспасының директоры; Дәурен БАБАМҰРАТОВ, «Болашақ» республикалық жастар қозғалысының лидері; Дос НҰР-АХМЕТ, «Ұлт патриоттары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Хайролла ҒАБЖАЛИЛОВ, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президенті; Қазыбек ИСА, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері; Ғазиз АЛДАМЖАРОВ, қоғам қайраткері; Мұсағали ДУАМБЕКОВ, «Халық жемқорлыққа қарсы комитеті» қоғамдық қозғалысының төрағасы; Еркін РАҚЫШЕВ, «Жас Ұлан» киностудиясының директоры; Молдағали МАТҚАН, жазушы-академик, қоғам қайраткері; Иса ОМАР, журналист-жазушы, «Замана» Баспа үйінің бас директоры; Жангелді ШЫМШЫҚОВ, ҚР ҒК Экономика институтының Астана қаласы бойынша филиалының директоры; Мәди МАНАТБЕК, тележурналист; Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы; Серікжан МӘМБЕТАЛИН, қоғам қайраткері; Құдияр БІЛӘЛ, жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері; Асылы ОСМАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Мемлекеттік тілге-құрмет» бірлестігі және Әзірбайжан мәдени-орталықтарының төрайымы; КЛАРА ХАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі; Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы; Талғат АЙТПАЙҰЛЫ, жазушы-публицист; Тоғайбай РЫСБЕК, журналист, Халықаралық жазушылар Одағының мүшесі; Рахым АЙЫПҰЛЫ, «Жебеу» РҚБ орталық атқару кеңесінің директоры; Жұмаш КЕНЕБАЙ, «Таным» пікірсайыс клубының жетекшісі; Жұмабек АШУҰЛЫ, Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы; Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ, зейнеткер, қоғам белсендісі; Болат ШАРАХЫМБАЙ, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, Бүкілтүркідүниесі ақындар фестивалі және Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты; Тілеуберді БІНАШЕВ, мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Болат ДҮЙСЕНБІ, қоғам қайраткері; Бақытжан ТОБАЯҚОВ, ақын, ҚР мәдениет қайраткері, Ә.Бөкейханов атындағы сыйлықтың лауреаты; Назарбек ҚАНАФИЯ, филология ғылымдарының кандидаты; Қарлығаш ҚОЖАМҰРАТОВА, «Алаш аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Бақтыгүл МӘКІМБАЙ, «Общественная позиция» газетінің бас редакторы; Қажымұқан ҒАБДОЛЛА, «Қазақ елі» газетінің бас редакторы; Төлемырза ТЕМІРБЕКҰЛЫ, «Төртінші билік» газетінің бас редакторы; Асқар НАЙМАНТАЕВ, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайтаркері, «Беймарал» театрының бас продюсері; Болат ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, «Тәуелсіздікті қорғау» қоғамдық қозғалысы Астана қалалық бөлімшесі төрағасының орынбасары; Бейсенғазы СӘДУҰЛЫ, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Мәлік ӘБДІЛДИН, суретші, Дизаинерлер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері; Ілесбек БАЙЖАНОВ, «Тәуелсіздікті қорғау» қоғамдық қозғалысының ОҚО бөлімінің жетекшісі; Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының президенті; Кенесары ҚАПТАҒАЙ, «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы; Жанысбек ӨТЕГЕН саясаткер, Ибрагим ПАЙЗОЛЛА, «Қазақтану» қоғамдық қорының төрағасы; Құрманғали АШАНҰЛЫ, кәсіпкер; Айгүл ҚОХАЕВА, қоғам қайраткері; Талғат БАЛТАБАЕВ, «Уақыт» газетінің бас редакторы; Ардабек СОЛДАТБАЙ, «Шын» интернет порталының бас редакторы; Мұхтар МҰХАМБЕТЖАН, «Ел бірлігі» қоғамдық қозғалысының төрағасы; Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ, «Қазақия» газетінің тілші; Мұхамбет-Шәріп КЕНЖЕБАЙ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің доценті, Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты; Кеулімжай ҚҰТИЕВ, «Иман» журналының тілшісі; Көбентай ҚАДЫРҒАЛИ, ҚР мәдениет қайраткері; Мұхтархан АБАҒАН, «Кенесары хан» қоғамдық қорының төрағасы; Рамазан ҚҰРМАНБАЕВ, «Ашаршылық құрбандары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Руза БЕЙСЕНБАЙТЕГІ, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық қозғалысының Павлодар облысы бөлімшісінің төрайымы; Сәлім ОРАЗАЛИЕВ, «Жер ана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Бақтияр СЕЙІТОВ, заңгер; Серік БАЛТАБЕК, қоғам белсендісі; СЕРІК БАЙМУРЗИН, қоғам қайраткері; Берік АҒЫБАЕВ, «Болашақ» қозғалысы жастар қанатының жетекшісі; Нұржанбай ШЫНБАЕВ, «Алаш рухы» қоғамдық бірлістігінің белсендісі; Азат КӨКЕН, «Азат» қозғалысының мүшесі; Айтмұхан ТАУЖАНОВ, зейнеткер; Зейнеп МЫРЗАБОЛАТ, зейнеткер, қоғам қайраткері; Мақсұт ОРАЗАЙ, қоғам қайраткері; Нұржан ОШАНБЕКОВ, қоғам қайраткері; Жұмамұрат ШӘМШІ, тарих ғылымдарының кандидаты; Жанна ИМАНҚҰЛОВА, журналист, Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты; Әмірбек НҰРСҰЛТАН, заң және құқық магистрі; Шәкизада СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР Мәдениет қайраткері; Нұрғали ЖҮСІПБАЙ, www.erkineurasia.com медиа порталы редакторлар кеңесінің төрағасы; Аманғазы КӘРІПЖАН, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі; Сәуле АХМЕТОВА, ҚР баспа ісінің қайраткері; т.б. Барлығы: 227 адам қол қойды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019