Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1015 0 пікір 2 Сәуір, 2024 сағат 18:57

Шымбұлақта қысқы спорт түрлерінен жарыс өтеді

Сурет: tengemonitor.kazgazeta.kz

6-7 сәуір аралығында Алматыдағы Шымбұлақ тау курортының аумағында спорттық-музыкалық фестиваль өтеді. Бұл халықаралық жарыс – Қазақстандағы қысқы экстримнің басты шарасы, ол жыл сайын еліміздегі сноубординг пен тау шаңғысының дамуына зор үлесін қосып келеді.

Бұл 70-ші мерейтой маусымының соңғы аккорды болмақ. Фестиваль қонақтарын екі күндік спорттық және музыкалық бағдарлама күтеді.

"Мен осы жылғы Winter Jungle-ден керемет көңіл-күйді, жаңа адамдарды және шарадан шабыт алып, одан әрі экстремалды спортпен айналысатын жарқын жастарды күтемін. Біздің мақсатымыз – Қазақстандағы экшн-спорт мәдениетін дамытуға үлес қосу!" – дейді фестиваль продюсері Александр Кучура.

"Алғашында мені Қазақстанға шақырған кезде – мен не күтетінімді білмедім. Мен стандартты емес идеяларды жүзеге асыратын шаралардың үлкен жанкүйерімін және Winter Jungle сөзсіз солардың бірі", – дейді Freeski жарысынан Польшаның 12 дүркін чемпионы, The Battle спорттық бағдарламасының басты шарасына шақырылған қатысушылардың бірі Sczepan Karpiel-Bulecka.

Abai.kz

 

0 пікір