Сенбі, 23 Қараша 2024
761 0 пікір 5 Сәуір, 2024 сағат 16:52

Су тасқыны салдарынан 8 жолда қозғалыс шектелді

Сурет: ult.kz

ҚазАвтоЖол баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау және СҚО облыстарында республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы – 398 км) қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Abai.kz. 

"2024 жылғы 5 сәуірдегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны болды. 6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында (ұзындығы – 398 км) қозғалысқа шектеу қойылды", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда республикалық жолдардағы мәселені реттеуге 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылған. Жағдай жіті қадағалануда.

"2024 жылғы 5 сәуірде сағат 09:30 шамасында еріген қар суының салдарынан Атырау облысы "Мұкыр-Құлсары" автожолының 0-136 шақырымында (Мұқыр ауылы – Құлсары қаласы учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді", – делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377