Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1142 0 пікір 6 Сәуір, 2024 сағат 16:03

«Қауіпсіз интернет» күніндегі қауіпсіздік квесті

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Интернеттің, ұялы байланыс және басқа сандық технологиялардың дамуы әлемдегі миллиондаған тұтынушылар үшін жаңа мүмкіндіктер мен проблемалардың пайда болуына әкелді. Көптеген тұтынушылар заманауи цифрлық технологиялардың дамуына риза, бірақ онлайн-қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қалай жақсартуға болатындығы туралы сұрақтар туғызады.

Халықаралық Қауіпсіз Интернет Күні 2004 жылы Еуропалық комиссияның бастамасымен құрылды және содан бері барлық пайдаланушылар үшін қауіпсіз және жауапты интернет кеңістігін құруға бағытталған жаһандық бастама болды.

6 ақпанда Қауіпсіз интернет күні атап өтіледі, оның мақсаты пайдаланушыларға цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғай білудің маңыздылығын еске салу болып табылады. Бүгінгі таңда, әлемде күн сайын үлкен көлемде ақпарат жиналып, өңделеді, бұл деректердің ағып кетуіне немесе ұрлануына, сондай-ақ жеке өмірге қол сұғу сияқты үлкен қауіп төндіреді.

Биылдан бастап  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасында осы маңызды мәселемен байланысты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Халықаралық қауіпсіз интернет күні қарсаңында Тұрақты Даму Мақсаттарының 4-тармағы «Сапалы білім беру» аясында «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасында 6В04201-«Құқықтану», 6В12301-«Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы студенттерінің арасында студенттері өздерінің киберқауіпсіздік саласындағы білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, қызықты қауіпсіздік квестіне қатысты, жеңімпаздарды марапаттау өтті.

Іс-шара виртуалды әлемде хабардарлықты арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі киберқауіпсіздік саласындағы білім берудің маңыздылығын атап өтіп, студенттердің іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді, квест жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыс етілді. «Біз киберқауіпсіздік біліміне ерекше назар аударамыз және студенттердің виртуалды кеңістікті қорғаудың үлкен әлеуеті бар екенін көреміз. Бұл интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды қадам», - деп өтті.

Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижесінде білім алушылардың, педагогтардың интернет сауаттылығын көтеруге, сонымен қатар шараға қатысушылардың интернетті қауіпсіздік күйге келтіруге, интернет жүйесіндегі әңгімелесушімен әңгімелесу барысында құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыруға, болашақ ұрпақ үшін салауатты және қорғалған цифрлық ортаны құруға ықпал етеді.

Бірлескен әрекеттерімізбен біз барлық балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы онлайн-кеңістік құра аламыз.

«Қылмыстық құқық, қылмыстық іс  жүргізу және криминалистика» кафедрасының  аға оқытушысы, з.ғ.к. Даубасов С.Ш.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397