Жексенбі, 10 Қараша 2024
Жаһан жаңғырығы 1435 0 пікір 10 Сәуір, 2024 сағат 17:10

Ғалымдар дабыл қағуда: Бұл коронавирустан да қауіпті!

Сурет: iaea.org

Cарапшылар құс тұмауының жаңа штаммы коронавирустан әлдеқайда қауіпті және вирусты жұқтырған әр екінші адамның көз жұмуы мүмкін екенін айтты. Әлем ғалымдары 2019 жылы басталып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған коронавирустан кейін бірқатар өзге вирус түрлері де мутацияға ұшырағанын айтуда. Солардың бірі құс тұмауының H5N1 штаммы болып саналады. Бұл туралы Mezgil.kz порталы жазды

ДДСҰ соңғы айларда әлем елдерінде құс тұмауының таралуы артқанын мәлімдеді. Құс тұмауы үй жануарларынан, соның ішінде сиыр, мысықтардан анықталуда.

«H5N1 штаммының мутациялық түрі вирусты жұқтырушылардың тең жартысын ажалға әкелуі ықтимал» деген ақпарат көптеген әлем елдерін алаңдатуда. Дүрлігу Камбоджа дәрігерлерінің аталмыш штаммды жұқтырып алған 11 жастағы қызды құтқара алмауынан кейін өрши түсті. Әдетте бұл штаммды емдеу оңайға түсетін дейді ғалымдар. АҚШ-тың Техас штатындағы қожалықтың бірінде H5N1 штаммын жұқтырған шаруа көз жұмды. Зертхана нәтижелері шаруаның мутациялық штаммнан көз жұмғанын анықтады. Ғалымдар бұл штаммның адамнан адамға жұғуы екіталай деген ойда.

Ғалымдар соңғы уақытта құс тұмауының жаңа штаммдары көбейгенін айтуда. Зерттеуші, инфекционист Суреш Кучипудидің пікірінше H5N1 штаммы ұзақ жылдар бойы үздіксіз өзгеріп, қауіпті бола түсуде. Вирус өзге маусымдық ауруларға ұқсас белгілерге тән жолмен таралып кетуі ықтимал. Суреш Кучипуди бірнеше мәрте коронавирустан кейін құс тұмауының пандемиясы таралуы мүмкін екенін айтып, ДДСҰ-ға бірнеше үндеу жасаған-ды.

Франция билігі де құс тұмауының қауіптілігін ескеріп, ресми үндеу жасады. Енді Франция шаруалары мен тұрғындары үй құстарын қамауда ұстауға міндетті.

Құс тұмауының негізгі белгілері жоғары температура, жөтел, бас ауруы, тамақ ауруы, жүректің айнуы және құсу, іш өту, өкпе қабынуы, тыныс алудың қиындауы болып табылады.

2021 жылы ДДСҰ пандемияның қызып тұрған шағында әлемдік қауымдастыққа пандемиядан сақтану пактісін бекітуді ұсынды. ДДСҰ COVID-19 вирусы туындатқан әлемдегі әлеуметтік, медициналық және экономикалық дағдарысты ескере отырып, жаңа пандемиядан мемлекеттердің бірлесуі ғана құтқаратынын айтты. Пандемияға қарсы пакт 2024 жылдың мамырына дейін бекітілуі қажет және аталмыш құжатты қазіргі уақытта 194 мемлекет талқылау үстінде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1158
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2654
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2688