Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 602 0 пікір 11 Сәуір, 2024 сағат 17:08

Жетісай ауданында экоакция аясында 300 түп ағаш әктелді

Сурет: Түркістан облысы әкімдігінен алынды

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығында Жетісай қаласында орналасқан Орталық саябақта тазалау жұмыстары жүргізіліп, 1 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары шығарылды.

Сурет: Түркістан облысы әкімдігінен алынды

Сондай-ақ, 300 түп ағаш әктеліп, тұрғындарға кедергі келтіретін ағаш бұтақтары ретке келтірілді. Бұдан бөлек, 1 шақырым жаяу жүргіншілер жолын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сурет: Түркістан облысы әкімдігінен алынды

Шараға ерікті жастар, қоғам белсенділері және тазалық жұмысына жауапты мамандар мен техникалар жұмылдырылды. Акцияға жалпы 120 азамат қатысты. Жетісай ауданында акция аясындағы жұмыстарды сапалы ұйымдастыру үшін жұмыс жоспары бекітіліп, түрлі тақырыптарда сенбіліктер, плоггингтер ұйымдастыру жоспарлануда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Abai.kz

0 пікір