Төтенше шешім керек!
Меніңше, Республика бойынша ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ жариялап, бүкіл ресурсты тасқын суға қарсы жұмылдыру керек.
Адамдар, техника, қаржы...
Дағдарыстан алып шығар менеджерлер корпусы жасақталуы және іске шұғыл кірісуі тиіс.
Бауыржан Момышұлындай терең де кең ойлай алатын, батыл шешім қабылдап, оны жүзеге асыра алатын жетекшілер керек.
Кабинеттен емес, оқиға ортасында болып басқару керек.
Мобильді штабтар құру керек.
Ішкі әскер, еріктілер, студенттер мен жұмыссыздар жұмылдырылды тиіс.
Елдегі барша қаржы көздері елдің қуаты мен қорғанысын нығайтуға жұмсалсын!
Басы артық мейрамдар мен түрлі имидждік іс-шараларды, легионерлерді, декоративтік қана мәні бар дүниелерді мейлінше қысқартқан жөн.
Өтірік есеп, коррупция, жалған тендер, сапасыз құрылыс, сапасыз оқу орындары, жердің тозуы, арнасы мен айдыны тарылған өзен-көл, бітелген су көздері, бұзылған табиғи рельеф, полигондар, құлдыраған ауыл, жыртық-жамау автожолдар, көнерген темір жол инфрақұрылымы, нашар көпірлер, суағарлар...
Шынайы білім, нақты ізденістегі ғылым, ұлттық тәрбие, жасампаз сипаттағы әдебиет өнер мен мәдениет, үздік технология, нәтижелі экономика, берік қорғаныс, шетелдермен тиімді қарым-қатынас...
Болат Сыздықтың жазбасы
Abai.kz