Сенбі, 27 Шілде 2024
Қоғам 2635 5 пікір 15 Сәуір, 2024 сағат 16:31

Жеткізіп айтпасаң, шындыққа жетпейсің!

Сурет: sputnik.kz

Кейде, көкірегіңе талайдан жиналған ойлар мен пікірлер адамның мазасын алып, еріксіз шығаруға тура келеді екен. Сондай бір қордаланған ойларды жоғарыдағылар біле жүрсін деп, қағазға түсірген едік. 

Еліміздің қадірменді билігі, мемлекеттік басқару орындарына, қорғаныс саласына, сонымен қатар, қаржы жүйесіне (банктерге иелік ету), өзге ұлттарды жолатпаса екен дейміз. Неге десеңіз, бұл үш тармақ мемлекетіміздің қауыпсіздігі мен ел болашағының тұрақты және мәңгілік болуы үшін аса қажетті нәрсе және Ұлттық мемлекет болу үшін де, осы үш тармақты иелігімізден шығармай ұстаумыз керек-ақ.

Біздің ел, Америка Құрама Штаттары немесе Канада секілді мигранттардың мемлекеті емес. Тіпті, Ресей секілді Федеративтік мемлекет те емеспіз. Қазақстанның негізін салған, қазақ халқы болған соң, еліміз Қазақ мемлекеті болып табылады. Сондықтан да, аса сақ болу, әрдайым күн тәртібінде тұруы тиіс.

Сонымен қатар, айта кетейік, екінші дәрежелі банктерді өзге ұлт өкілдеріне ұстата беруді қою керек. Егер, ұлттық мемлекет боламыз десек, жоғарыда  аталған жүйелерді тек қана қазақтардың қарамағына беру жөн болар еді (сонымен қоса өзге салаларды да). Қайдағы бір гүржіге немесе орысты ол қабілетті болса да, тағайындауды тыйғанымыз жөн. Сонан кейін, қазіргі күндері ұлтын қазақ етіп өзгерткен ұйғыр да, татар да, башқұрт та көбейді. Әрине, бұларға кір жағайық деп отырған жоқпыз. Дегенмен, кезінде Ұлттық банкке жетекшілік еткен К.Мәсімовтің де қазақ деп жазылғанын білеміз. Кейін, Премьер Министр болғанда да, ұлты қазақ деп баспасөздерге шығып еді. Артынан не болғанын өздеріңізде білесіздер! Елімізді төңкеріп кете жаздады.

Қазіргі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы да ұйғыр жігіті. Құжатын қазақ қылып өзгерткені болмаса. Кезінде, Қазақстан Орталық  Комитетінің бірінші хатшысы болған Смайыл Юсупов та халқымызды сатып кете жаздаған. Сондықтан да, кадрларға аса тиянақты болу қажет-ақ. Еліңнің болашағын, қауыпсіздігін ойлаған соң, көңіліңде күдік тұрады.

Мысал ретінде келтірейін: Американың негізін ағылшындар қалағанымен, мұнда ағылшын тілі үстемдік еткенімен және президенттерінің көпшілігі (Барак Обамадан басқа) ағылшындар мен ирландықтар болсада, осы әлемдік державаның бүкіл қаржылық жүйесінің көпшілік пайызын еврейлер ұстап отыр. Олар, билікке келген әрбір президентке, өздерінің ұстаған түпкі  мақсаттарын жүзеге асыртып келеді. Сондықтан, билікке сұраныс ретінде айтарымыз, біздің қаржылық жүйемізді, әсіресе банктерді өзге ұлттарға ұстатуды шұғыл доғаруымыз керек.

Г.В.Колбин (Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған) елімізден кеткен соң, осы Орталық Комитеттің қысқа мерзімде болса да,  екінші хатшысының міндетін атқарған Марат Сәмиұлы Меңдібаевтың қазақ емес екендігін естіген едім. Есілде жұмыс істеп жүргенімде, үйіміздің  қасында көршіміз болған, жасы үлкен бір апайымыз, әлгі М.С. Меңдібаевтің  үй-ішімен қатар бір көшеде тұрған екен. Ұмытпасам, Қарағанды жақта деген еді. Сол кісі үйге келгенде, анда-санда  айтып отыратын.

– Анау  Меңдібаевтардың әулеті башқұрттар, - деп. Шешесі кішкене кезінде арқасына салып, көтеріп жүретін. Кейін жоғарғы оқу орынын бітіріп, жұмыс істеп жүрген кезінде өсіп кетті ғой. Сөйтсем, құжатын қазақ қылып өзгерткен екен. Мұны да, соның  өз үй-іші бірде айтып қалған болатын. Кейін, оның екінші хатшы болып тұрған кезінде, ішімнен қатты қорқушы едім. Біріншілікке тағайындалып кетеме деп. Абырой болғанда, Н.Назарбаев ел басшылығына келді ғой.

Елінің тілеуін тілеп жүретін, қатардағы қарапайым сол кісінің айтқаны сөзі, әрқашан ойымда жүреді. Сондықтан, әрбір кадрды жоғары көтергенде, оның қайдан шыққаның, өскен ортасын, ата-анасының кім екенін, туған-туыстарын зерттеп, зерделеп алу керек. Тек қана, бітірген оқуына, жинаған  тәжірибесіне қарау аздық етеді.

Сонымен қатар, тағы бір айтарым, қалың орыс пен немістің ортасында өсіп,  мектепті орысша бітіргендерден кадр тандаудың уақыты біткен. Біз қазіргі  күндері Ұлттық мемлекетпіз. Орысша бітіргендер, кезінде Кеңес Одағы  тұсында және Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында, мемлекетті құру  және көтеру уақытында ғана қажет болатын. Қазір олардың ешқайсысының  да керегі шамалы. Олар, орысшамен күнін көру үшін де, елді орыс  қоғамына бұрып жіберуге жақын тұрады. Тіпті, бұрып та жіберді деуге болады.

Сондықтан, осыны да әрдайым ескерген жөн. (жалғыз Наурыз мерекесін  өткізумен іс  бітпейді.) Министрлерді қазақ мектебін бітірген, тәжірибесін  жетерліктей жинаған, сыналған, ысылған адамдардан тағайындау керек.  Әйтпесе, орыс тілінің ықпалынан шыға алмай, тұтас Қазақстанды еліміздің   солтүстігі мен Павлодар облысы секілді «орыс әлемінің» құшағына беріп, (Башқұртстан немесе Якутия секілді) Ресей губерниясына айналуымыз көп  қиындық тудырмайды. Қазіргі кейбір министрлер: А. Сәтқалиев, Қ.Шарлапаев,  М. Такиев, сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары  болып тағайындалған Қ.Бозумбаевтарға істі мемлекеттік қазақ тілінде  жүргізуге қатаң талап қойу керек.

Бейсенғазы Ұлықбек,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1450
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2324
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2327