Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 627 0 пікір 19 Қараша, 2024 сағат 12:28

Шетелден әкелінген жүк көліктері тексеріледі

Фото: parstoday

Техникалық регламентке сәйкес келмейтін жүк көліктерін елге кіргізбеу үшін тексеру жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев айтты.

«Осы жылдың 10 айының көрсеткіші бойынша 143 мың көлік құралы ресімделді, 291,4 млрд теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар бюджетке түсті. Бұл ретте, 80 пайызы жеңіл авто көлік құралына тиесілі болды. Техникалық регламентке сәйкес келмейтін жүк автокөлік құралдарын тасымалдауды болдырмау мақсатында Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлескен тиісті бұйрығы әзірленіп, қабылданды. Осы бұйрық аясында аккредиттелген ұйымдарды тарта отырып, Сауда және интеграция министрлігінің аталған комитетінің аумақтық органдарының қызметкерлерімен бірлескен кедендік тексерулер жүргізілуде», - деді министр.

Оның атап өтуінше, 2024 жылғы 1 қарашада тәуекел бейіні 1 532 кедендік декларация бойынша іске қосылды. 2 577 жүк автокөлік құралына қатысты бірлескен кедендік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде техникалық регламентті бұзудың 99 фактісі анықталды. 33 әкімшілік және 2 қылмыстық іс қозғалды.

«Айта кету керек, рұқсат беру құжаттарының сәйкессіздігі анықталған кезде министрлік жосықсыз сынақ зертханалары мен сәйкестікті растау жөніндегі органдарға қатысты шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға ақпарат жіберетін болады. Сондай-ақ, форматты-логикалық бақылау, тек мақұлданған көлік құралдарының түрлерінде көрсетілген заңды тұлғаларға ғана көлік құралының типін мақұлдау мүмкіндігі белгіленді», - деді ол.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1443
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3206
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5198