Риддердегі қазақ мектебі: Жаңа ғимарат салынбақ
Бұл туралы облыс әкімдігінің Азаттық радиосына берген жазбаша жауабында айтылған.
Қазір №11 аралас мектептің ғимаратын бірлесе пайдаланып отырған "Шаңырақ" ұжымы мен оқушылары жаңа мектепті 15 жылдан бері күтіп жүр.
"Жаңадан салынатын 600 орындық ғимаратқа "Шаңырақ" мектебін көшіру жоспарланған", - деп жазылған әкімдік жауабында.
Ақпаратқа қарағанда, биыл құрылысы басталып, 2025 жылы қолданысқа берілетін мектепті салуға "Қазмырыш" кәсіпорыны демеушілік етеді.
Риддерде 16 мектеп бар. Оның 12-сі — орыс, үшеуі — аралас, біреуі қазақ тілінде оқытады. Қазақ мектебінде 600-ге тарта бала білім алса, дәл осынша бала аралас мектептерге барады.
Abai.kz