Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1788 5 пікір 17 Сәуір, 2024 сағат 14:34

Тасқынға тосқын: Көмек қалай беріледі?

Коллаж суреттері Ақорда телеграм арнасынан алынды

Қазақстанда соңғы 80 жылда болмаған тасқыннан келген шығын аз емес. Мыңдаған үй су астында қалып, жүздеген мың адам қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Мыңдаған мал басы қырылып, жүздеген шақырым жолды су шайып кетті. Тасқын судың адуыны әлі де қатты. Еліміздің батысы мен солтүстігіндегі Тобыл, Есіл, Жайық өзендерінің су деңгейі көтеріліп, елді-мекендерге қауіп төндіруде.

Шығынның өтелетінін мемлекет басшысы, ел үкіметі айтты. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, шығын көлемін есептеуді іске асырады. Үкіметтің ресми парақшасында су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге қатысты алғашқы ақпараттар жарияланды.

(Инфографика Үкіметтің телеграм арнасынан алынды)

МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК

- 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу

- Жоғалған және/немесе бүлінген мүліктің өтемақысы

- Су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматқа кредиттер бойынша төлемдер 3 айға, яғни 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусымға дейін автоматты түрде кейінге қалдырылады;

- Зардап шеккен азаматтардың кредиттері бойынша су тасқынының салдарына байланысты төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды;

- Су тасқынының салдарынан кәсіптері шығынға ұшыраған барлық зардап шеккен жеке кәсіпкерге, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттер бойынша төлемдер олар берген өтініштің негізінде кейінге қалдырылады;

- Кредиттік ұйымдардың ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарында тиісті өтініштерді берудің нақты алгоритмдері және кредиттерді қайта құрылымдаудың тәртібі жарияланады. Қарыз алушылардың банктермен және МҚҰ-мен өзара іс-қимыл процесін жеңілдету үшін қашықтан өтініш беру сервисі іске асырылады.

(Инфографика Үкіметтің телеграм арнасынан алынды)

ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

- Су тасқынынан зардап шеккендер қираған баспананың орнына дайын үй сатып алуға немесе жаңа тұрғын үй салуға қол жеткізе алады (әкімдікке хабарласу қажет);

- Егер мүлік қалпына келтіруге жарамды болса, онда ЖАО-ның мердігерлік ұйымдарымен немесе мүлік иесінің өз күшімен жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көзделген (әкімдікке хабарласу қажет).

(Инфографика Үкіметтің телеграм арнасынан алынды)

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

- Су тасқыны салдарынан мал басын жоғалтқан азаматтарға шығынды өтеу. Өтемақы мөлшерін нарықтық деректер негізінде залалды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия айқындайтын болады;

- Үкімет шаруалар мен мал иелеріне кредиттер мен лизингтік міндеттемелерді өтеуді кейінге қалдыру арқылы қосымша жәрдем көрсететін болады. Төлемдер кешіктірілген жағдайда оларға айыппұлдар салынбайды;

- Төлемді кейінге қалдыру шартымен мал иелерінің өтінімдеріне сәйкес «Азық-түлік корпорациясынан» жемшөпті жеткізу жөнінде. Тиісті өтінімдерді ресми түрде «Азық-түлік корпорациясына» немесе әкімдіктер арқылы жолдауға болады.

(Инфографика Үкіметтің телеграм арнасынан алынды)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ

- Су тасқынынан зардап шеккен ШОБ субъектілеріне келтірілген зиянды өтеу тәртібі әзірленді (жақын арада қабылданады).

- Шығындарды өтеуге жоғалған мүліктің (ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар), тауарлық-материалдық құндылықтар, зақымданған ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстарының құны кіреді.

- Төлемдер мемлекеттік бюджет және өңірлердегі бюджеттен тыс қорлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта облыстардың әкімдіктері мен «Атамекен» өңірлік палаталары зардап шеккен ШОБ субъектілерінің тізімін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, бағалаушы компаниялардың, ШОБ-қа қызмет көрсету үшін адвокаттардың тізбесін айқындайды, залалдың алдын ала сомасын жасайды.

Зардап шеккен нысандар негізінен дүкендер, наубайханалар, шаштараздар, тігін цехтары, кафелер, жылыжайлар, қойма ғимараттары, шаруа қожалықтары және басқа да нысандар.

«Атамекен» ҚР ҰКП-да 1432 «жедел желі» жұмыс істейді

(Инфографика Үкіметтің телеграм арнасынан алынды)

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

- Барлық жұқпалы аурулар ауруханасы мен медициналық қызметкерлер дайын тұр. Жүкті әйелдер мен диспансерлік есептегі адамдар ерекше бақылауда. Дезинфекциялық және дәрілік заттардың екі айлық қоры жасақталуда. Оларды медициналық ұйымдардың базаларында және «СК-Фармацияның» өңірлік қоймаларында шоғырландыру жоспарланған;

- 16 курортты-санаториялық ұйым анықталып, онда су тасқынынан зардап шеккендер тегін қабылданады. Тұтастай алғанда, бұл нысандар бір уақытта 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10-нан 14 күнге дейін созылады, бұл мүмкіндігінше зардап шеккендерді емдеу-оңалту шараларымен қамтуға мүмкіндік береді.

- 1 мамырдан бастап тұрғындарды тегін кәсіби медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін «Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы іске қосылады. Су тасқыны жағдайын ескере отырып, зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылатын болады.

(Инфографика Үкіметтің телеграм арнасынан алынды)

МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

- Ұялы байланыс операторлары су тасқыны аймағында орналасқан абоненттерге тарифтік жоспарларға (40-50 мин, 40-50 SMS және 7 күнге 8-10 ГБ) қосымша ресурстар қосты. Сондай-ақ оқу үдерісін үздіксіз қамтамасыз ету үшін Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына Starlink терминалдарының жинақтары жіберілді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406