Жұма, 15 Мамыр 2026
1549 1 пікір 22 Сәуір, 2024 сағат 15:29

Орал: 500 әскери мен құтқарушы жұмылдырылады

Сурет авторы: Жұбатыр

Өткен аптада Орал қаласы әкімінің хабарласамын жариялап, қаланы су басу қаупі жоғары екендігін хабарлаған болатынбыз.

Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсының хабарламасы бойынша өзен суы жайылған жерге орналасқан саяжай алаптары су астында қалып, Жайық және Шаған өзендерінің маңындағы шағын аудандарға су жетті. Орал қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізілуде.

Қорғаныс құрылыстарын нығайту шараларына облыс бойынша 10,6 мыңнан астам адам және қала бойынша 6,4 мың адам, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен тартылған 2 мыңнан астам техника жұмылдырылды.

"Вице-премьер Қанат Бозымбаев шарықтау шегіне жеткен су тасқынымен күресу үшін Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан, Астана мен Алматыдан тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушыны БҚО-ға жіберуді тапсырды. Оралға ТЖМ және Қорғаныс министрлігі бойынша 200 адам келіп, жұмысқа кірісіп кетті", – деп жазылған хабарламада.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2764
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1878