Сейсенбі, 26 Қараша 2024
1170 1 пікір 23 Сәуір, 2024 сағат 20:09

БҚО-да 15 мыңға жуық саяжай учаскесі суға кетті

Фото: Орал қаласы әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында 14 839 саяжай учаскесін тасқын су басты. Облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың айтуынша, соның ішінде 14 466-сы – Орал қаласында, 112-сі – Бәйтерек, 245-і – Бөрлі, 16-сы Теректі ауданында орналасқан. Бұл туралы Қазақпарат жазды. 

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда саяжай тұрғындарына келтірілген залалды өтеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Үйі суға кеткен саяжай тұрғындарына біржолғы (100 АЕК көлемінде) әлеуметтік көмек көрсетілуде. Олар эвакуациялық пункттерге орналастырылды.

Облыс әкімінің орынбасары мәлім еткеніндей, зардап шеккен тұрғындар Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтында көрсетілген мекенжайларға және Е-Гов-Мобайл мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыра алады. Күні бүгін мүмкіндігіне қарай суға кеткен үйлерге техникалық тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

«Қазіргі таңда әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында төтенше жағдай жарияланған кезде ҚР аумағында меншік құқығында басқа тұрғын үйі жоқ меншік иелері үшін қираған немесе уақытша (маусымдық) тұруға жарамсыз құрылыстарды тұрғын үйге жатқызу бойынша заңға өзгеріс енгізу жөнінде ереже жобасы әзірленуде. Осы ретте аталған шығындарды өтеу бойынша шаралар тұрғындардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында емес, төтенше жағдай салдарын жою болып табылатындығын ескеру қажет», - деді Т.Каюпов.

Оның атап өткеніндей, саяжай үйі бір ғана баспанасы болғанда ғана тұрғындарға үй беріледі. Жаңа үйлердің алаңы қанша адам болса да, 80 шаршы метрден, құны 22 млн теңгеден аспайды. Жаңа үй алған тұрғындар саяжай учаскелерін мемлекет меншігіне тапсырады. Жерлер орман қорына беріліп, ол аумақтарда қауіпсіздік мақсатында тұрғын үй салынбайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6020