Алматыда төрт күн бойы жаңбыр жауады
Алматы қаласының әкімдігі Алматыда 24-28 сәуір аралығында қаласында толассыз жаңбыр жауатындығын хабарлады.
Жауын-шашын кезінде мотопомпа, шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығып, 2,5 мың қап құм дайындалады.
Барлығы 465 бірлік арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы, ал түнгі уақытта 236 бірлік арнайы техника және 215 жұмысшы жұмылдырылады.
Судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін 320 жұмысшы мен 92 бірлік арнайы техника арық желілерін, арық өткелдерін тазалау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Күн сайын арықтан 250 м3 лай және кездейсоқ қоқыс шығарылады.
"Қазгидромет" РМК болжауынша:
24 сәуір: көшпелі бұлт шығады, 3 мм-ге дейін өткінші жауын, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, күндіз ауа температурасы +23...+25°C.
25 сәуір: күн ала бұлтты, таңертең және түстен кейін 15 мм-ге дейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс, батыс 3-8 м/с жел, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде + 10...+12°, күндіз + 18...+20°C.
26 сәуір: көшпелі бұлт, түнде және таңертең 8 мм-ге дейін жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыс 3-8 м/с жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде + 10...+12°, күндіз + 16...+18°C.
27 сәуір: күн ала бұлтты, күндізгі сағат 15-тен 23-ке дейін 3 мм-ге дейін жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Термометр бағанасы түнде +8...+10°, күндіз +13...+15°C көрсетеді.
28 сәуір: көшпелі бұлт шығады. Батыс, солтүстік-батыстан 3-8
Abai.kz