Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3157 0 пікір 19 Қараша, 2013 сағат 13:08

Қайрат Дәлбеков: Облыс əкімдігі материалдық-техникалық жағдайымызды жақсартуға баса мəн беруде

Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті бастығы, полиция полковнигі Қ.С.Дәлбеков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде үстіміздегі жылдың он айы көрсеткішін жария етіп, алдағы міндет-межелерге тоқталды.

– Əр мемлекеттің даму деңгейі қоғамдық тəртіптің тұрақтылығы мен азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етумен анықталатыны айқын. Елбасы жыл сайынғы халыққа Жолдауында қоғамдық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі, құқықтық тəртіптің сақталуы басым бағыттардың бірі екенін ескере отырып, тəртіп жоқ жерде қоғамдық тұрақтылық пен экономикалық дамудың болмайтындығын айрықша атап өтті. Осы міндетті басшылыққа ала отырып, облыстық ішкі істер органдары ағымдағы жылы аймақтағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тəртіпті нығайтуға бағытталған тиісті іс-шаралар қабылдады,-деді баспасөз мəслихатын ашқан Қайрат Сұлтанбайұлы. Кездесуде заң бұзушылыққа қатысты бірнеше деректер келтірілді.

Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде облыс бойынша 5361(2012-де 3496) қылмыс тіркелді, яғни 53,3 пайызға артып отыр. Бұған себеп-бөтеннің мүлкін ұрлау (2806), алаяқтық (609), бұзақылық (627) сияқты түрлерінің өсуі.

Облыстық ішкі істер департаменті басшысы қылмыс санының көбеюінің тағы бір себебі ретінде есепке алу-тіркеу тəртібінің күшейтілуін атады. Мысалы, бұрын кей жағдайларда келтірілген шығынның аз мөлшерде болуына байланысты қылмыстық іс қозғалмаса, енді барлық дерек тіркелетін болды. Дегенмен, біздегі қылмыстың деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 120-дан келсе, ал республикалық көрсеткіш 190, яғни, Маңғыстау еліміз бойынша қылмыс ең аз тіркелген аймақ болып саналады.

Жыл басынан бері облыс көлемінде қылмыстың алдын алуға бағытталған «Құқықтық тəртіп», «Заңсыз келуші», «Іздеу», «Пəтер» сияқты жедел сауықтыру іс-шаралары өтті. Нəтижесінде өткен жылмен салыстырғанда аса ауыр қылмыстар санының 25,3%-ға, қасақана кісі өлтіру деректерінің 6,1%-ға, тонау фактісінің 2,3%-ға төмендеуіне қол жетті. Сонымен қатар, көшеде болған қылмыстар 3,6%-ға (800-ден 771-ге), бұрын сотталған адамдардың қайта қылмыс жасау деректері 36,5%-ға (74-тен 47-ге), тұрмыстық жағдайда қылмыс жасау деректері 16,7%-ға (6-дан 5-ке) азайған. Алайда, алынған шараларға қарамастан былтырға қарағанда биыл мас күйінде қылмыс жасау деректері 11,9%-ға, кəмелетке толмағандар бойынша 7,9%-ға өскен. Айталық, Жаңаөзен қаласының тұрғыны А.Айжарықовтың бір өзі 24 қылмыс (18-автокөлікті заңсыз айдап кету, 4-ұрлық, 1-тонау жəне 1-қарақшылық) жасаған.

Баспасөз мəслихатында өткен жылдармен салыстырғанда аса ауыр қылмыс түрлерінің ашылуы 12,2%-ға, (63,9 %-76,1%), ауыр қылмыс бойынша 5,1%-ға (44,9%-50,0%) жақсарғандығы айтылды. Сондай-ақ, кісі өлтіру 17,1%-ға (65,8-82,9%-ға), қарақшылық 10%-ға (65,0-75,0), тонау 2,8%-ға (36,3%-ға - 39,1%-ға), алаяқтық қылмыстың анықталуы 16,8 %-ға (15,6%–ға-32,4 %) артып отыр.

Осы мерзім ішінде 2500-ден астам қылмыс ашылған, оның ішінде 359-ы аса ауыр, 54-і ауыр қылмысқа жатады. Атап айтқанда, 34-і кісі өлтіру, 33-і денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 24-і қарақшылық шабуылы, 133-і тонау, 549-ы бөтеннің мүлкін ұрлау жəне 323-і бұзақылық бойынша тіркелген. Сотқа өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 496 қылмыстық іс көп жолданған. Он айда облыс бойынша 80 есірткіге қатысты қылмыстық дерек анықталған. Заңсыз айналымнан 422 кг. 077 гр. есірткі заты тəркіленген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 116,2 пайызға өсіп отыр.

Қ.Дəлбеков Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қазан айының 11-жұлдызында өткізілген үкіметтің кеңейтілген отырысында жол қауіпсіздігіне қатысты айтқан сынынан туындайтын міндеттерге тоқталып, жол-көлік оқиғаларына қатысты мəліметтер келтірді. Есепті мерзім ішінде 346 оқиға тіркелген, нəтижесінде 87 адам қаза тауып, 453 адам түрлі дене жарақатын алған. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ЖКО 20,6%-ға, онда қаза болғандар саны 35,9%-ға, жарақат алғандар 29,1%-ға артқан. Жол-көлік оқиғаларының артуына автокөлік санының өсуі де себепші болып отыр. Бүгінгі таңда облыс бойынша 140 мыңнан астам автокөлік тіркелген.

Үкіметтің №855 қаулысын орындау мақсатында ІІМ-нің №577 бұйрығына сəйкес Ақтау жəне Жаңаөзен қалаларында жол-патрульдік полиция бөлімдері құрылды. Ендігі жерде патрульдік по-
лиция қызметкерлері тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етсе, енді жол қозғалыс қауіпсіздігіне де аса мəн берілетін болады.

– Облыс əкімдігі материалдық-техникалық жағдайымызды жақсартуға баса мəн беруде, - деді Қайрат Сұлтанбайұлы. - Ақтауда ІІО қызметкерлеріне арналған 120 пəтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жаңаөзен қаласында 100 жəне 60 пəтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы 2014 жылы пайдалануға беріледі. Жаңаөзен қаласында 10 учаскелік тірек пункті, 2 стационарлы полиция бекеті жəне «Ақтау-Түрікменстан» тас жолына 1 стационарлық-бақылау «Рубеж» бекеті салынады. Жаңаөзен қаласы ІІБ-ның жедел басқару орталығының құрылысы аяқталды. 2014-
2016 жж. облыс орталығында 5 күрделі жол қиылысына жол қозғалыс ережелерін бұзу деректерін өздері анықтайтын автоматты жүйе орнатылмақ. Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы аумағында халық көп шоғырланатын жерлердегі қозғалысты қадағалайтын 250 бейне бақылау камераларын орналастыру жайы қаралып отыр.

Ағымдағы жылдың 10 айында облыс бойынша ІІО-ның құрылымдарында жалпы алғанда 102 мың 396 құқық бұзушылық дерегі анықталып, 795 млн. 838 мың 204 теңге айыппұл салынған, оның 624 млн. теңгеден астамы немесе 78,4 пайызы өндірілген.

Облыстық ішкі істер департаменті басшысы Қ.Дəлбеков «əмбебап полицейлер» дайындығы, кадр мəселесімен қамтылуы жайы, басқа да бірнеше мəселелерге қатысты журналистер қойған сауалдарға жауап беріп, Елбасы міндеттеген тапсырманы орындау бағытында атқарылып жатқан шараларға кеңінен тоқталды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408