Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4245 3 пікір 28 Мамыр, 2024 сағат 14:38

Сынған көңілді немен жамаймыз?

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Жалғандықпен жағаласып, адалдыққа араша түсе алмаймыз. Жазығы жоқ жандар сотталып жатыр, ал біз сол баяғы қу дүниені күйіттеп соңынан жүрміз.

Ақиқаттың сөзін айтар бойымызда өжеттік жоқ. “Жазықсызға жаны ашыса, мылқауға да тіл бітеді”, – деуші еді, бүгінгі бүгежектеп қалған пенделерден ол да байқалмайды. Отаны үшін отқа түсуге даяр азаматтарды өз Отанының өктемділері қырып салуға дайын тұр. Әділдіктің ақтаушысы жоқ, жар сала айғайлайтын зиялылар да қалың ұйқыда. Қоғамды өтірік буды. Жәдігөй заманның өтірігі өкпеңді қысады. Шындық айтылса, шу шығады. “Заманның жақсы жағын айт”, – дейді. Сынасаң, жауып тастайды. Біз сонда қалай дамимыз? Айналамдағы теріс істі көрмейін десем – көзім бар, айтпайын десем – сөзім бар, шындыққа, әділетсіздікке көзімді жұма қарап отыра беруге адамшылық арым жібермейді. Жалған ақылдың пердесіне жасырынып, көрпе астында булығып жатырмыз. Сынған көңілді немен жамаймыз? Жауабын айтар жан бар ма?

Бекжан Тұрыстың жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321