Сенбі, 23 Қараша 2024
1208 0 пікір 30 Мамыр, 2024 сағат 16:23

Қандай науқастар Қазақстанда судья бола алмайды?

Сурет: inbusiness.kz

Сот төрелігінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін бірден-бір жауапты тұлға – судья. Алайда жауапкершіліг жоғары бұл қызметтің талаптары да көп. Соның бірі судья болуға кедергі келтіретін аурулар тізімі.

Қазақстанның Сот әкімшілігі мен Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда судьяның кәсіптік міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін ауру түрлерінің тізімін әзірледі. Қоғамдық талқылаудан өткен соң бұл тізім екі ведомствоның бірлескен бұйрығымен бекітілуі тиіс.

Тізімге 33 аурулар тобы енген:

  1. Айқын қимыл бұзылулары бар экстрапирамидалық құрылымдары айрықша зақымданған нерв жүйесі аурулары.
  2. Пирамидалық және мишықтық жүйенің айрықша зақымданған нерв жүйесі аурулары.
  3. Сирингомиелия және сирингобульбия.
  4. Бүйірлік амиотрофикалық склероз.
  5. Когнитивтік функциялары (Альцгеймер, Пик аурулары және басқалар) айрықша бұзылған дегенеративтік аурулар.
  6. Эпилепсия және әртүрлі этилогияның эпилепсиялық синдромдары.
  7. Жайылмалы склероз.
  8. Диффузиялы склероз (Шильдер лейкоэнцефалиті мен басқалар).
  9. Функциясы тұрақты бұзылған нерв-бұлшық ет аурулары.
  10. Инсульт, тұрақты қимыл және сезімталдық бұзылуы мен жоғары психикалық функциялары бұзылуының салдары.
  11. Функциясы тұрақты бұзылған мынадай эндокриндік жүйе аурулары: туа біткен йод жетіспеушілігі синдромы; диффузиялы зобы бар туа біткен гипотериоз; туа біткен зобсыз гипотериаз; ІІІ-ІV дәрежедегі эндокриндік офтальмопатиясымен ауыр түрдегі жайылмалы зобы бар тиреотоксикоз; 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті, ауыр түрі, тұрақты түрде болмайтын; ауырлығы орта және ауыр нысандағы акромегалия, белсенді сатысы және гипофизарлы ірілік; ауырлығы орташа және ауыр нысандағы Иценко-Кушинг ауруы, Нельсон синдромы; альвеолярлы гиповентиляциядан болатын, семірудің ең соңғы дәрежесі; толық гипопитуитаризм, ауыр нысаны, тұрақты түрде болмайтын; гипофизді нанизм; функциясы тұрақты бұзылған эндокриндік органдардың ісіктері.
  12. Орталық нерв жүйесінің функциялары айқын бұзылған қатерсіз ісіктері.
  13. Гемобластоздар: көкбауырдың эритермиядан кейінгі миелоидты метаплазасы бар эритермия; акселерация мен бласты криз сатысындағы созылмалы миелолейкоз; тұрақты анемиядан болатын созылмалы лимфолейкоз; лимфогрануломатоз (іс жүзінде сауыққандарды қоспағанда); жіті лейкоз (іс жүзінде сауыққандарды қоспағанда); көптеген миелома (2-3 дәрежесі); гемофилия; Вилли-Бранд ауруы; идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (тиімсіз спленэктомия кезінде); Рандю-Ослер ауруы (геморрагиялық синдром кезінде); тұқым қуалайтын тромбоцитопатиялар (геморрагия болған жағдайда).
  14. Геморрагиялық диатездер.
  15. ІІІ дәрежелі қан айналым қызметінің жеткіліксіздігі (ҚЖ) бар жүрек және жүрекқаптың созылмалы аурулары.
  16. Жүректің ишемиялық ауруы: стенокардияның жиі ұстамалары (функциялық класс (ФК) ІІІ-ІV).
  17. ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру.
  18. Ырғақтың бұзылуымен қатар жүретін жүрек аурулары: ЖҚЖ 1 минутта кемінде 50 немесе естен тану жағдайларымен қатар жүретін синустық түйін, А-В блокадалар функциясының бұзылуы; ұстамалы қарынша тахикардиясы, қарынша экстрасистолия (Лаун бойынша ІІІ-ІV); ЭКГ-да QT интервалын 440 миллисекундтан аса ұзарту.
  19. Қолқа мен артерияның кез-келген бөлімдерінің аневризмдері мен қатпарлануы.
  20. Кеш сатыдағы реваматоидты артрит.
  21. Басқа органдар немесе жүйелер зақымдалған жүйелік қызыл жегі.
  22. Барлық сатыдағы үдемелі жүйелік склероз.
  23. 2-3-дәрежедегі бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар созылмалы гепатиттің айқын нысандары.
  24. Порталды гипертензиясы бар бауыр циррозы.
  25. Іш өту синдромы мен жиі қан кетуі бар тоқ ішектің тұқымында бар диффузиялы полипозы.
  26. Крон ауруы және жиі асқынулары мен қайталаған қан кетулері бар басқа да тән емес колиттер.
  27. 2-3 сатылы созылмалы бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар (СБЖ) созылмалы бүйрек аурулары.
  28. Вестибулярлы қызметтің бұзылуы, оның ішінде Меньер ауруы.
  29. Бір және екі жақты (сыбырлап сөйлеуді кемінде 3 метрден қабылдау) естуді электроакустикалық түзетумен (есту аппараттарын кем дегенде 6 метрден сыбырлап сөйлеуді қабылдау деңгейіне дейін таңдау) жақсарту мүмкін болмаған жағдайда оның кез-келген этиологиясының тұрақты төмендеуі.
  30. Көздің көрмеуі.
  31. Ауыр тұрақты немесе жиі асқынатын ауырсыну құбылыстары бар созылмалы және ұзаққа созылған психикалық бұзылулар.
  32. Маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық.
  33. Псориаз, күлдіреуік, ихтиоз нысанындағы дерматоздардың ауыр нысандары.
  34. Сәйкесінше, судья болуға үміткерлер медициналық куәландыру кезінде өзінде аталған сырқаттардың жоғын дәлелдеуі тиіс.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379