Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4420 0 пікір 24 Желтоқсан, 2013 сағат 05:22

Қазақ «ұлтшылдары» және құрылтайлар

Желтоқсан көтерілісіне байланысты алматылықтар алаңға жиналып, гүл шоқтарын қойғаны белгілі. Желтоқсан оқиғасын еске алатындар қатары жыл санап азайып бара жатқанын да аңғардық...  Оған Мұхтар Шаханов бастаған біраз ұлтшылдар, желтоқсаншылар қатысты. Соның артынан Алматы қалалық әкімшілігі алаңға жиналғандарды арнайы асқа шақырды. Ол ас «Жұлдыз» ресторанында болды.

Ең қызығы, ас елдің есінде  Амантай қажының лепіре сөйлеп, аттандағанымен ғана емес, Қасен Қожа-Ахмет пен Мұхтар Шахановтың ұрсысымен де есте қалды.

Ендігі әңгіме сол екі ұлтшыл ақсақалдың қақтығысын қалалық әкімшіліктің арнайы ұйымдастырғаны туралы болып отыр. «Асқа жиналып, дастархан басына отырғанда-ақ бір пәленің болатынын сезген едік» дейді білетіндер. Себебі Қасен Қожа-Ахмет, Мұхтар Шаханов, Жасарал Қуанышәлин бір дастарханда тыныш отыра алмайды. Оны қалалық шенеуніктер жақсы біледі.

Енді сәл «детально» мән беріп көрейік. Қасен Қожа-Ахмет пен Мұхтар Шаханов туралы айттық. Астың басында-ақ, Қайрат  Рысқұлбековтың бауыры Талғат сөз алып, билікті мақтай жөнелгені жиналған елді таң қалдырды. «Сол билікте Қайратты өлтірген адамдар отыр ғой әлі. Органдарда істеп жүр, пенсия алып жүр құрметті... Үкіметте отыр. Сондықтан ағасын өлтірген билікті мадақтау жақсылық емес» деді ол туралы Қасен Қожа-Ахмет сұхбатында.

Одан кейін Гүлбахрам Жүніс, Нұрлыбек Қуанбаев сөз алды. Олар да мақтады билікті. Нұрлыбек өз сөзінде «желтоқсанды жиі жиі айта берудің қажеті жоқ. Одан бері 27 жыл өтті. Осымен желтоқсан оқиғасына нүкте қояйық» деді сабазың. Жиналғандар шуылдап, «мыналар не айтып тұр» деп айқайға басты. Содан кейін барып Қасен Қожа- Ахмет сөз алды. «Желтоқсанға қатысы жоқ, сотталмағандар» деп санайтын адамдардың алдымен сөйлегені, олардың билікті мақтағаны Қасенге ұнай қойған жоқ. Бірақ ол барынша байсалды, «дипломатично» сөйлеуге тырысты. Оның сөзі көпшілікке ұнап, дуылдап қол шапалақтап жатты.

Бұл кезде Мұхтар Шаханов Астана қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолованың қасында ашуға булығып отырған. Ол аздай Шаханов сөйлеудің аз алдында біреулер екі парақ қағаз таратып жүрді. Сөйтсе ол Шахановты жамандаған әңгіме екен-мыс...

Сонымен қолына микрофон тиген Мұхтар Шаханов Желтоқсан оқиғасы мен болмасам ашылмай қалатын еді, мен болмасам барлығың орысша сөйлеп, қазақстандық азамат болып отыратын едіңдер, мен болмасам, мен болмасам дей келіп, Қасенге шүйлікті... «Мен сенің әкеңді танытып жіберемін» деп кіжінді ол Қасенге. Сонымен не керек, Шаханов Әбіш Кекілбаев пен Тұманбай Молдағалиевтың сатқын екенін, Шахановты қаралағанын да айтып салды. Осыдан кейін астың шырқы бұзылып, дау дамай өршіді де кетті.

Осының бәрін қалалық әкімшілік, нақтырақ айтсақ ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды дейді ел аузындағы әңгіме. Кейбір білетіндер бұл шаруаны басқарма бастығының орынбасары Айдар Есенбековтың қолымен жасалғанын айтуда.

Мұның бәрі ұлтшылдардың бірігіп кетуіне қойылған тосқауыл көрінеді. Соның алдында ғана өткен халық өкілдерінің құрылтайына кедергі келтіру мәселесінде де басқарма аз еңбек сіңірмеген көрінеді. Құрылтай өтердің алдында  Мұхтар Шаханов әкімнің орынбасары Зәуреш Аманжоловамен кездесіпті. Сол кездесуден кейін Мұхаң құрылтайды өткізуден бас тартпағанымен қарқынды   әрекет етпеуге, оза шапқысы келетін белсенділерді ауыздықтап отыруға уәде берген сияқты. Себебі құрылтай өткелі бері бір ай уақыт өтсе де не Мұхтар Шаханов, не басқа ұлтшылдар жұмған ауыздарын ашқан жоқ.

Ел аузындағы әңгімеге қарағанда Мұхтар Шаханов ұлтшылдардың белсенді жұмыс істеуіне түрлі сылтау тауып, кедергі келтіріп жатқан көрінеді. Құрылтайды ұйымдастырушы Ғабиден Жәкеев пен  Мақсат Нұрыпбаевтың да үні шықпай қалды. Оның себебі Мұхтар Шаханов Ұлттық кеңестің атынан сөйлеуге тиым салып, Кеңестің ұйымдастырушы органын құруды түрлі сылтаумен кері ысырып жатқан көрінеді. Оның бір шетін Мақсат Нұрыпбаевтың Фейсбукта жазған әңгімесінен байқауға болады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында «Тек билікте ғана емес, барлық жерде буын алмасып, қоғамға қожалық орта және жас буынға көшу керек екендігіне сенімім бұрынғыдан да молая түсті. Жаңа заманның, жаңа уақыттың талабына сай ойлайтын, жұмыс істейтін жаңа буын қалыптаспайынша қоғамның жаңармайтынына, жақсармайтынына тағы да көз жеткізгендей болдым» деп жазды.

Әр сөзін аңдап сөйлейтін Мақсаттың «Тек уақыты өткен, қайраты қашқан адамдардың өле өлгенше тізгінге жармасып, жастарға жол бергісі келмейтіні өкінішті-ақ» деуі көп нәрсені аңғартса керек. Басында аттай қалап, қолдауына ие болған Мұхтар Шаханов енді оның аяғына тұсау болып отырған сияқты.

Жармахан Тұяқбайдың да құрылтай өткізу туралы әңгімесі түрлі жорамалдарға арқау болуда. Ең қызығы, Жармахан Айтбайұлы оппозицияның емес, ұлтшылдардың құрылтайын өткізгісі келетіні. Ол құрылтай туралы мәлімдемесінде ««Құрылтай өткізетін уақыт келді. Азаматтық жиын «Қазақстанның болашағы үшін» деген атпен өтеді. Елдегі жағдайды бәрі де жақсы біледі. Қазір біздің елдегі ахуалды еріншек адамдар ғана білмейтін шығар. Біз еліміздің болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетті, жұдырықтай жұмылған қоғамдық-саяси күш қалыптастыруды көздейміз» деген болатын. Ал Халық өкілдерінің құрылтайы қабылдаған қарарда «Құрылтай мемлекет құрушы ұлт мәртебесінен туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер жауапкершілігін  қазақ халқы өз мойнына алатынын хабарлайды» деп жазыпты. Демек, екі құрылтайдың мақсаты да саяси күш қалыптастыру. Бірақ көпшілік түсінбей дал болып отырған жағдайлар да аз емес. Мысалы, Жармахан Тұяқбай «Көптеген мәселелер бар. Соның бәрін шешудің жолдарын іздеу керек. Билік оны іздемейтін болса, халық өзі іздеуі керек. Яғни қантөгіске, көтеріліске жеткізбей соның алдын алу бағытындағы шараларды белгілеу үшін жалпы халықтың өкілдері жиналып, осы мәселенің төңірегінде алқалы жиналыс өткізіп, өз талаптарын, өз ұсыныстарын билікке жеткізу керек», -  деді ол 04 желтоқсанда берген сұхбатында. Сонда Халық өкілдерінің құрылтайының талаптары ЖСДП серкесінің көңілінен шықпағаны ма? Онда Жармахан Тұяқбайдың талабы Мұхтар Шахановтың 23 талабынан бөлек болуы мүмкін бе? Бөлек болса ол не болуы мүмкін? Жалпы екінші құрылтайдың қаншалықты қажеттілігі бар? Шаханов бастаған құрылтайға Балташ Тұрсынбаев пен Ғазиз Алдамжаровтың қатысып, төрде отырып, сөз сөйлегенін ескерсек, екінші құрылтай тың қандай ұсыныс жасап, талап қоюы мүмкін? Әлде бұл ұлтшылдармен жарыса шауып, бөлшектеп жіберудің немесе оны жұтып қоюдың амалы ма?

Бізге жеткен әңгімелерге құлақ түрсек, Жармахан Тұяқбайды қолдауға Мұхтар Шаханов та, Мақсат Нұрыпбаев та мүдделі емес сияқты. Қазақ ұлттық кеңесінің ЖСДПмен біріге кетуі екі талай. Олай болса құрылтай мен құрылтайдың арасында не болатыны әлі түсініксіз болып тұр.

Қуандық Абсамет, Алматы қаласы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377