Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 1685 7 пікір 17 Маусым, 2024 сағат 14:03

Мәсімовтің жанталасы: Жалмауызға жан керек

Сурет 365info.kz сайтынан алынды

Қазақ қоғамы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағасы Сатыбалдының ұлы, 45 жастағы Самат Әбішке рахымшылық жасалдығынан есін жия алмай жатқан сәтте Кәрім Мәсімов те саяси сахнадан бой көрсетті.

Елбасизм кезінде Алаш еліндегі тірі жанды көзге ілмеген Мәсімовтың басына қара бұлт «Қасіретті Қаңтардан» кейін төніп, бір кезде өзі Назарбаев режіміне наразыларды қойша тоғытқан абақтының дәмін татуына тура келді.

Шындығында Мәсімовтің сұрауы қазақтың «жалмауызға жан керек» деген аталы сөзін еске түсіреді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қаңтардағы оқиғалар кезінде мемлекетке сатқындық жасаған және билікті басып алуға әрекеттенген деп айыпталып, Астанада тергеу қамағында екенін жұрттың бәрі хабардар.

Өткен жылдың 24 сәуірінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кәрім Мәсімовті Қазақстанда 2022 жылғы қаңтар оқиғалары бойынша «мемлекеттік сатқындық», «билікті күштеп басып алуға әрекет ету», «лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» айыптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыруға соттады.

Процесс Астанада жабық есік артында өтті. Іске құпиялылық белгісі берілді.
Жұртты дүр сілкінткізген оның Мемлекет басшысы атын кешірім жасау туралы өтініш бергені болды. Бұл туралы ҰҚК: «Шынында да, ол осы мекемеден 2024 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдаған болатын», - деп хабарлады.

Ведомство одан ары Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)» және «Аса ірі мөлшерде пара алу» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда деп қосымша ақпарат берді.

Суға кеткен тал қармайдының харакетін жасаған Кәрім Мәсімов қазір Cейчас Карим Масимов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу қамағында (изоляторында) отырған жайы бар.

Сонымен қатар, 2023 жылғы маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық соты Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы екі орынбасары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожиннің жазасын өтеуге арналған мекеменің түріне қатысты үкімін барынша орташа қауіпсіздікке дейін жеңілдеткені туралы хабарланған болатын. Нәтижесінде Әнуар Садықұлов - 16 жылға, Дәулет Ерғожин - 15 жылға, Марат Осипов - үш жылға жазға кесілгендігін жақсы білеміз.

Ешкімде басынан бағы тайған Кәрімнің алайда бұлай тағдырының қалай боларын дәл кесіп айта алмайды. Отанын сатқан деп айып табылған жанға рахымшылық жасалатын болса, жікішілдікпен түрмеге қамалған «Путин кел» деушілерді маңдайынан сыйпап үйіне «Мерседеспен» апарып салу керек шығар?..

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397