Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4327 0 пікір 26 Желтоқсан, 2013 сағат 07:49

Баһаргүл Төлеген: Ұлттық қолөнерді ұлықтаған еңбегім текке кетпепті

Танымал этнограф, коллекционер, ҚР мәдениет қайраткері Баһаргүл Төлегенқызы Елбасының Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Ұлттық кәде-сый өнімдерін шығаратын «Әдемі-ай» компаниясының жетекшісімен аз-кем сұхбаттасқан едік.

 - Осы бір медальмен марапатталатынымды естігенімде қатты қуандым. Ұзақ жылдар бойы қазақтың ұлттық мәдениетінің, қолөнерінің өркендеуі үшін атқарған жұмыстарым текке кетпепті. Елбасының жарлығымен алып отырған бұл марапатым мені жаңа белестерге бастап, биік асуларды бағындыруға күш-жігер беретіні анық.  - деп ағынан ақтарылды Баһаргүл ханым.  - Бұл менің жеткен жетістіктерімнің алғашқысы да, соңғысы да емес деген ойдамын. Өзім басқарап отырған «Әдемі – ай Plus» компаниясы осы жылы «Қазақстанның Үздік Тауарлары 2013» байқауында «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша I орынды иеленген болатын. Бұл да биылғы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі болды.   Аналардың көз жасы, бабалардың қанымен келген Тәуелсіздік мен үшін қасиетті ұғым! Өз елімнің патриоты ретінде ел-жұртыма қал-қадерімше қызмет етіп, шама-шарқым жеткенше көмек қолын созуды парызым деп білемін.

- Өзіңізді қысқаша таныстыра кетсеңіз...  

- Мен 1969 жылы Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келдім. Орта білім беретін мектепті аяқтаған соң, Пекин мемлекеттік университетіне түсіп, оның биология факультетін 1994 жылы бітіріп шықтым. Сол жылы білімімді одан әрі жетілдіре түсу мақсатында Қазақстанға келіп, 1994 – 1997 жылдары өз мамандығым бойынша ғылыми жұмыспен айналыстым. Диссертация жазуға әзірлік барысында Қазақстандағы ежелгі қолданбалы өнерді зерттеуге бет бұрып, аталмыш өнердің ежелгі туындыларын жинастырушылармен танысып, ежелгі заттардың коллекциясына ие болдым.

- Бүгінде бүкіл Қазақстанға ғана емес, алыс-жақын шетелдерге таныла бастаған «Әдемі-айдың» беталысы қалай?

- Негізгі мақсатым - ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпаққа жеткізу. Антиквариат дүниелерін жинау арқылы қазақтың қол өнерінің баға жетпес байлықтарын шет елдерге таныстыру. Осы мақсатта алғаш 2000 жылы «Әдемі-Ай plus» ЖШС, ал 2002 жылы «Әдемі-ай» Өнер үйін аштым. Енді тек көне жәдігерлерді жинап қоймай, егемен еліміздің бай мәдениеті мен терең тарихын насихаттайтын, халқымызды ұлт жандылыққа тәрбиелейтін ұлттық кәде-сый топтамаларын дүниеге әкеліп, патент негізінде шығаруды жолға қойдым. 

 Бүгінде «Әдемі-Ай» Өнер үйінің қоржынында мыңнан аса кәде сый үлгілері топталған және Қазақстан Республикасы мен Орта Азия елдерінің зергерлік бұйымдары, ат әбзелдері, ерлер мен әйелдер белдіктері, тұрмыстық бұйымдар, сондай-ақ көшпенді қазақтардың киіз үй жабдығы, келі-келсап, диірмен, ошақ, бесік, сырмақ, кесте өнері қатарлы салт-дәстүр бұйымдары сияқты көне жәдігерлері жинақталған.

Әңгімелескен Замира Пулатова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377