Сенбі, 23 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 1818 6 пікір 24 Маусым, 2024 сағат 15:38

14-ші пакет санкция: Ресейдің түбіне санкция жете ме?

Сурет: anhor.uz

ЕО Ресейге қарсы санкциялардың 14-ші пакетін қабылдады. Бұл жолы Ресейдің 116 жеке заңды және жеке тұлғасына санкция қамшысы тиді. Соның ішінде, Ресейден сұйытылған табиғи газ тасымалдауға да санкция салынбақ. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды. 

ЕО-ның Ресейге салып жатқан 14-ші пакет санкцияларының негізгі тармақтарының бірі – ресейлік сұйытылған табиғи газға қатысты: оның еуропалық порттар арқылы транзитіне шектеулер енгізіледі.

Үшінші елдерге арналған ресейлік «LNG» (сұйытылған табиғи газ) бұдан былай порттар арқылы ЕО-ға қайта экспорттауға болмайды. Сондай-ақ, ресейлік «көлеңкелі флот» деп аталатын 27 танкерге, атап айтқанда, қару-жарақ немесе «ұрланған» украин астығын тасымалдау үшін пайдаланылатын кемелерге қарсы санкциялар енгізіледі.

САНКЦИЯЛАР ЖИЫНТЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОМПАНИЯСЫ ДА БАР!

Ал жеке тұлғалардан санкция тізіміне әнші – Полина Гагарина, бизнесмендер – Игорь Алтушкин, Роман Троценко және Таймураз Боллоевар енгізілген.

61 тұлға немесе компания ресейлік әскери-өнеркәсіптік комплекске тікелей қолдау көрсетуіне байланысты санкциялық тізімге енгізілген, оның ішінде Қытай, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және Біріккен Араб Әмірліктерінің компаниялары туралы сөз болып отыр.

РЕСЕЙГЕ АУЫР СОҚҚЫ: ҮШІНШІ ЕЛДЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ!

Біріншіден: Сондай-ақ санкцияларды айналып өтуге қарсы күрес бойынша қосымша шаралар енгізіледі. Қос мақсаттағы тауарларды үшінші елдерге жеткізу қатаң бақылауда болады. ЕО-дағы компаниялар өздерінің үшінші елдердегі еншілес компанияларының санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылуы мүмкін қандай да бір іс-әрекеттерге қатыспауын қадағалауы тиіс.

Екіншіден: Санкциялар үшінші елдермен қаржылық операцияларды жүзеге асыру үшін SWIFT-тің ресейлік баламасы - Ресей Банкінің жылдам қаржылық қатынастар жүйесіне қарсы енгізілетін болады.

Үшіншіден: ЕО-да жұмыс істейтін саяси партияларға, БАҚ пен ҮЕҰ-ға Ресей мемлекетінен немесе онымен байланысты ұйымдардан қаржы алуға тыйым салынады.

Төртіншіден: ЕО авиакомпанияларына бүкіл әлем бойынша чартерлік және жеке ұшуларды жүзеге асыру үшін ресейлік азаматтармен немесе ұйымдармен келісімшарттар жасасуға тыйым салынады.

Бесіншіден: Ресейлік сұйытылған табиғи газдың еуропалық порттар арқылы транзитіне шектеулер салынады.

ЕО Кеңесінің мәліметінше, санкцияларға сәйкес Еуроодақ ресейлік LNG сатып алуды жалғастырады, бірақ оны кері экспорттауға тыйым салады.

Осы санкцияның нәтижесі бұрынғыға қарағанда ауыр болатыны анық. Ресеймен жұмыс істеуге кіріестін компания ендігі жерде ең әуелі пайда табуды емес, өзінің бизнес ортадағы беделін сақтап қалуды бірінші орынға қояды. Ал, санкцияны пайдаланып құрылуы күмәнді бір күндік фирамалардың жұмысы Ресей бизнесмендерін сан соқтыруы да әбден мүмкін. Бұлардың алдап соғуы санкцияны айналып өтуден қиынға түседі дегенді экономистер алға тартады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371