Жексенбі, 6 Қазан 2024
Алаң 2013 11 пікір 9 Шілде, 2024 сағат 14:14

Украина-Ресей соғысы: Орбан бәріне ой салды...

Коллаж: Mezgil.kz

Виктор Орбанның «бейбіт сапары» Еуропа мен Батыстың саяси ортасында қызу реакция тудырды. Бұл туралы Mezgil.kz ақпараттық порталы жазды

Венгрия премьері Виктор Орбан: «Ресей мен Украина дұшпанның әрекетіне сенімсіздіктен бітімгершілікке бармайды. Бірақ сыртқы күштердің араласуы екі жақты райларынан қайтарып, келіссөз үстеліне отыруға мәжбүрлей алады. Ол үшін әлем саясаткерлері не істеуі керек?», - деп мәлімдеді.

ОРБАН ОРДАҢДАП ЖҮРІП БӘРІНЕ ОЙ САЛДЫ

Көптеген сарапшылар мен саясаткерлер Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты ғаламдық пікірді қаққа бөлді: Бірі тобы – келіссөзді Путин ұсынған жағдайда ғана реттеуге болады деп есептесе, екіншілері – Қытай, АҚШ және ЕО араласып қана түпкі нәтижеге қол жеткізіледі дегенді алға тарта бастады.

Ал Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату туралы әлем басшылары не дейді? Қараңыз:

1720511565553676.jpg

(Сурет: Анадолы агенттігіне тиесілі)

Украина президенті Владимир Зеленский не дейді?

Владимир Зеленский Варшавада өткен баспасөз конференциясында: «Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің делдалдары ЕО, Қытай және АҚШ болуы мүмкін», - деп жауап берді. Украина президентінің пікірінше, Ресейге немесе күшті армияға әсер ететін экономикасы бар «тек елеулі одақтар» ғана делдал бола алады.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский әлемдік көпшілік Ресейді әділ бейбітшілікке мәжбүрлеуі мүмкін және тиіс екенін Швейцариядағы бейбітшілік саммитінде мәлімдеген болатын. Енді ол «Қытай, АҚШ және ЕО араласып қана түпкі нәтижеге қол жеткізіледі» деген тезисін алға тартты.

Біз оқырмандарымызды осы аталған үш күштің серкелері соғысушы екі жақты райларынан қайтарып, келіссөз үстеліне отыруға мәжбүрлеуі үшін қандай пікірлер айта бастады және айтып келегендігімен таныс етпекпіз.

1720511920539228.jpg

(Сурет: Коммерсант сайтынан алынды)

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп не дейді?

АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтататынын үнемі қайталап отырады. Бірақ мұны қалай жасайтыны туралы ештеңе айтқан емес.

«Мен Зеленскийге: «Жеткілікті, саған келісім жасасу керек», - деп айтар едім. Мен Путинге: «Егер сіз келісім жасаспасаңыз, біз оларға (Украинаға) көп нәрсе береміз. Егер қажет болса, біз оларға алғандарынан көп ақша береміз», - дер едім деді Трамп.

1720511991819883.jpg

(Сурет: ВВС сайтынан алынды)

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден не дейді?

АҚШ президент Джо Байденнің айтуынша: «Әлем Украинаны осынау маңызды сәтте қолдап, Ресей агрессиясын назардан тыс қалдырмауы өте маңызды!».

1720512037367016.jpg

(Сурет Синхуа агенттігінен алынды)

Қытай төрағасы Ши Жипиң не дейді?

ҚХР Төрағасы Ши Жипиң халықаралық қоғамдастықты Ресей мен Украина арасындағы тікелей диалогты жаңғыртуға жағдай жасауға және жәрдемдесуге шақырды. Бұл туралы ол Бейжіңде Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесу барысында мәлімдеді.

Ол: «Халықаралық қоғамдастық екі тараптың тікелей диалогы мен келіссөздерін жаңғыртуға жағдай жасап, көмек көрсетуі тиіс», - деді.

ҚХР басшысы Украинадағы қақтығыстың шиеленісуіне жол бермеу және өңірдегі шиеленісті мүмкіндігінше тезірек азайту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ол атыс пен ұрыс қимылдарын тоқтату, сондай-ақ саяси шешімді іздеу барлық тараптардың мүддесінде екенін ерекше атап өтті.

Ұжымдық Батыс лидерлерінің пікірі қандай?

Украинадағы ахуал бойынша ең жақсы шешім - бітімгершілік пен бейбітшілік туралы келіссөздердің басталуы болып табылады. Өйткені, бұл қақтығыста ешқандай ілгерілеу жоқ. Бұл ретте екі жақ та адамдарынан айырылып, экономикалары кері кетеді. Бұл жеңімпазы жоқ соғыс дегенді үнемі алға тартып келеді.

Сонымен бұл соғыстағы бітімнің тізгіні АҚШ президенті, Қытай төрағасы және ЕО басшыларының қолында. Олар қалай келіседі оны уақыт көрсетеді. Бір нәрсе айқын! Ол - Путин абройы айрандай төгіліп, Украинаны толықтай тастап шығады.

Abai.kz

11 пікір