Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1818 1 пікір 16 Шілде, 2024 сағат 15:40

Петиция бойынша шешім: Утилалым алынбайды...

Коллаж: baq.kz

Еліміздің Өнеркәсіп министрлігі утилалымды алып тастауды қабылдамады. Бұл туралы Алматыдағы «Hyundai Trans Kazakhstan» зауытында өткен қоғамдық тыңдауда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі Әділбек Бектібаев айтты.

«Петициядағы уәждерді ескерсек, олар шындыққа жанаспайды. Бұған қоса, жобаны қоғамдық тыңдау кезінде басқа негіздемелер мен фактілер ұсынылған жоқ. Сондықтан петицияны қанағаттандырудан бас тарту ұсынылады», - деді ол.

Бектібаев ақырғы шешімді министр қабылдайтынын, бұл жайында ресми хабар болатынын айтты. Ол: «Петиция авторлары шешімге шағымдана алады», - деді.

Мамырда Қазақстанда шетелден әкелген көліктерге төленетін утилизация алымына қарсы петицияға қол қойғандар 50 мыңнан асып, үкімет петицияны қарауды қолға алған еді.

Петиция авторлары утилизация алымы мен алғашқы тіркеу жарнасын толық алып тастау немесе бағасын түсіруді талап етеді.

Алматыдағы жиынға «Утилалымға жол жоқ» қозғалысынан «қайталама металлургия өнеркәсіпшілерінің республикалық одағы» қауымдастығының төрағасы Владимир Дворецкий ғана барған. Тыңдауға петиция авторларының бірі, қоғам белсендісі Санжар Боқаев пен оның басқа жақтастары қатыспаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320