Сенбі, 23 Қараша 2024
Құсни хат 1679 2 пікір 19 Шілде, 2024 сағат 16:38

Әйтеке бидің мүрдесін неге іздемедің, Бақытжан?

Сурет: e-history.kz

СЕЙТҚҰЛ БАБАҢ АЙТҚАН АЯНЫМЕН ӘЙТЕКЕ БИДІҢ МҮРДЕСІН НЕГЕ ІЗДЕМЕДІҢ, БАҚЫТЖАН?

Бимиллаһи Рахмани Рахим.

Ей, Бақытжан, бауырым! (Фамилиясы Манасов болар).

«Ей» - деп сөз бастағаныма түсіністікпен қарарсың, Алла тағалам Мұхаммед (ғ.с.с.) пайғамбарға құранды «Ей, құлым» (Бұл сөздің шыққан тегі дұрыс болған. Б.А.), - деп бастап өз ілімін түсірген ғой, оның үстіне жасың да менен кіші.

Өзіңе былай  жалпақ дүниеге жария етіп  Хат жазып отырғаным, биылғы жылы Өзбек елі Науай облысына бабаң Әйтеке биге зиярат жасаушылар, әсіресе сенің туыстарың   көп болып жатыр. Тағы естігенім, аталынған  облыстың әкімі Нормат Тұрсынов Әйтекенің 380 жылдығына байланысты Сыр өңіріндегі жерлестерін арнайы шақырып, қаладағы Фархот мәдениет үйінде салтанатты жиын өткізіп, ас та беріпті. Бәрі жақсы...

Менің айтпағым, есіңде болар, осыдан он-онбес жыл бұрын бес адам, біз де Айтеке биге зиарат жасап қайттық қой. Сонда қайтар жолда мінген көлігімізді тоқтатып,  Әйтекенің бабасы (Сенің де) Сейтқұлдың өзіңе күңіреніп айтқан аяны есіңде болар? Сол жерде бабаң, көктен  аян ашық түсер күннен біз бір күн кешігіп жеткенімізді, сенің сол сапардан бұрын екі аяғың сал болып, екі-үш  жыл орныңнан тұра  алмай жатып қалғаныңда алғашқы әйелің бір ұлыңмен сені тастап кеткенін, содан аруақтар қолдап аяғыңа тұрған соң, әулие Мәшһр Жүсіптің ұрпағына  үйленіп екі перзетті болғаныңды, тағы да үш айлық ұрпағың  өмірге келе жатқанын сүйіншіледі. Сен толқып көзіңе жас алдың. Сейітқұл мешіті ішіндегі біз көрген; «Бұл жерде  Әйтеке жерленген»- деген жазуы бар тас белгінің  жалғандығын да айтты. (Кезінде солай тапсырыс болған шығар. Б.А.). Аян айтқан адуын сөзді бабаң сол жерде қазақтың үш биінің  рухы да бірге келіп тұрғанын, екі би бөлек, Әйтеке өзінің жанында тұрғанын, бұл тұрыс олардың өмірінің соңғы кезіндегі көрінісі екенін айтып, сөзінің соңында өзіңе былай деп еді. Сол сөзі менің дыбыс жазатын диктафоныма «Сейтқұл бабаның Бақытжанға айтқан аяны» деп жазылып қалыпты.

«...Мына тұрған Байбек ұлы Айтеке, бұл да менің ұрпағым. Ақшаханның Байбек баласының баласы. Қазіргі аңызға айналған адамдарың мына тұрған үш би, үшеуі де қазіргі кезде аңызға айналып отыр. Ұлы жүздің биі Қарлығаш би ол Төле би. Орта жүздің биі Қазбек, Қазбектің жатқан жері Йәссауийде. Оны жатқан жерінен шығарып тастады. Әр бабаны өз ретімен айтып кетейін, Ұлы жүз ата баласы, орта жүз аға баласы, кіші жүз іні баласы. Бәрі бір айналып келгенде бір атаның баласы, Адамның ұрпағы.

Төле бидің жолы үлкен болғанмен, жасы Айтекеден көп кіші. Жатқан жері қазіргі Ташкент. Жаугершілік кезінде, елді жау шапқанда, әр атқарылар жұмыс осы үш бидің ақылдасқан шешімі ескерілетін.  Әбілқайыр ханның тұсында үш би де болған. Үш би төреліктері бірінен бірі асып түскен. Бидің сөзі елге қазіргі сендердің қолданыстағы заңдарыңдай болған. Бұлар «Жеті жарғыны» шығаруға қатысқан. Төле бидей төре жоқ, төрелігін айтқан, қаз дасуысты Қазбек би екі жақты мәмлеге келтірген, от ауызды, орақ тілді Әйтеке би шешімін айтқан. Үшеуі ортақ шешімге келгендще бір бірінен асып кетпеген. Үшеуі бір бауырдай, ағалы інідей бір сөзге тоқтап, бірігіп ортақ бір шешім шығарған.  Әйтеке би 73 жасында қайтқан. Оның жатқан жері Самарқан қаласынан 100 шақырым жерде. «Сейтқұл бабаның қасында жатыр»- деп қазір аңыз болып кетті. Оның жаназасын шығарған адам жоқ. 1648 жылы туылған.  Дүниеге келген жері Қыз бибі деген ауыл. Ханның тұқымы болғандықтан еркін өскен. Атасынан әскери айла тәсілдерді ерте үйренген. Діни білім алған, 18 жасында ел алдына келген. Кіші жүздің ру тайпаларының басын қосып сол кезде-ақ би атанған. Ат баптаған, жылқы малын жақсы көрген.

Қазір Әйтеке жатқан жерде ескі қорым бар, кірпіштен төрт құлақ етіп көтерілген, ескі кірпішпен күмбезі көтерілген. Бірақ ол Әйтекеге қойылған емес, Әйтекенің басында ағаш тақтай бар. Ол да болар болмас көрінеді. Тақтай. Ағаш белгі. Ол өзі Әмір Темірді пір тұтқан, Пірі үнемі аян берген, соған зиярат еткен. Жауға қарсы күресте әрдайым қолбасшы болған Әйтекеге  әр рудан, әр жүзден би сайлап жатқан кезде сол Әмір Темір аян берген; «Сенің орның қорғаушылық емес, сенің орның төрелік»- деп айтқан. Содан бабаларың ханның кеңесшісі болған. Хан сарайындағылар «Бұл бізден асып кетеді, ханың орнына осы хан болады»- деп іштарлық танытып шайына у салған. Содан «Хан сарайында ит қорлықпен өлгенше елге жетейін»- деп Әйтеке би хан сарайынан ренішпен аттанған. «Өлсем пірім Әмір Темірдің қасына жетіп өлейін»- деп өлер алдында жалғыз жол жүріп кеткен. Сол жолда ауыруы күшейіп жүрегі тоқтаған...

Сол кезде ұрпақтары сүйегін таппаған соң, кейінгі ұрпақтары; «Ел жұртқа күлкі болмасын»- деп; «бабасы Сейітқұлдың аяғына қойылды»- деген сөз жіберген.  Кезінде моладан қазып алып тексерткендері Әйтеке бидің бас сүйегі емес, алған сүйектері Сейтқұл бабасының, менің  Майлыбас атты кеңесшімнің сүйегін алды. Сендер көрген Үлкен қорымда жатқандардың көбісі бабаңның нөкерлері. Алла нәсіп етсе, Алладан  ұрықсат жетсе, жол ашсақ,  бабаңның басын көтеру, іздеп табу, ұрпаққа аманат болған. Бақытжан, балам, сол ұрпақ ішінен тараған тұяқтарымыздың бірі өзіңсің. Он жыл іздеп күткен армандарың, тілеген дұғаларың қабыл болып, енді шын бабаларыңның сүйегін табуға Алла нәсіп етсін. Тауып жаназасын шығарыңдар...

Бұл үлкен бір жатқан шешіре, оны халық аузынан еститіндей адам қалған жоқ. Бұл дерек Абуллахап ибн Фараби, соның қол жазбаларында анық жазылған, Фарабидың еңбектерінде. Нұр атада бір зындан бар, сонда парсы тілінде жазылған теріге оралған үш кітап бар, ескі жұқа кітап. Елге жау шапқанда елдің жаудан жасырынған үңгірі бар, олар сол үңгірді қалқалаған. Кітап кейінгі ұрпаққа өсиет ретінде тығылып қалдырылған. Одан да бөлек ол кітаптың қасында құран кітаптары да бар қойма. Сол жерде отырып шамның жарығымен ибн Фараби кітабын жазған.  Алла нәсіп етсе, басымызға ендігі келгенде аянменен өзіңе жол көрсетіледі. Бұл шындықтың беті ашылатын уақыт келді.  Ол жерде Төле мен Қазбекке қатысты да деректер бар. Өзің қазір естіген аян, 73 - деген дауыс періште дауысы. Қыоғыздың Сасық биінің аулында өткен тойда Айтеке де болған. Сол тойға да Айтеке барып қатысқан. Хан сарайынан «ат құйрығын кестім»- деп кеткеннен кейін он жыл көлемінде қасиетті билер ұстанған тылсым дәнімен алыстан хабар алып отырғанымен ол ешкіммен кездеспеген. Қалмақтар ұлы жүзді қырғанда ол Төле бидің жер құшақтап зарлаған ащы даусын естіген. Төле бидей хазіретке хабарласпауы ол кезде ол Айтекеден көп уақыт хабар үзген. Сендердің Жоңғар басқыншылығы кезіндегі айтып жүрген деректерің  ол бергілердің қосып жазған деректері.

Айтеке Күлтөбедегі жиылыста болған, сол кезде  бір тоқтамға келе алмай, үш би ханға жалпақтап  ақыры Тәукені хан сайлайды. Содан бастап «Сөзге толық құлақ аспады» -деп Әйтеке бұлардан қол үзе бастаған. «Білгіш болсаңдар неге сөз таластырасыңдар, осы уақытқа дейін бір тоқтамға келе алмай»- деген сөз айтқан. Осы сөзді кейінгілер әр қайсысы жан жаққа тартып, халықты шатастыруда. Жиында Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қабылданған. Сол кезде Пірлік те, пір де сайланған. Мүсірәлі Әйтекенің айтуымен сайланып кеткеннен кейін, үш жүздің пірі атанған Мүсірәліге де «Кіші жүз Әйтекенің адамы»- деп бақталастық болып,  сөзге келісе алмай, хан сарайында болған бір мәжілісте Айтекенің айтқан  сөзін сөз қылмай, пікірін тыңдамай, бақталастары ханға айтқан сөзді басқаша жеткізіп, ханды қарсы қойған. Үш жүзді бірігуге шақырған сөз ханға дұрыс жетпеген. Сол кезден бақталастық басталған. Осылайша басы бірікпейтін қазақтарды  жоңғарлар  оңай жеңді. Әйтеке  ол кезде көмек қолын берген жоқ. Қазақ босқа қырылып қалды...».

Осы естіген аяннан соң, біздің «қалып  іздестірейік»- деген сөзімізге, елден арнайы  ниетпен шығуымыз керектігін айтып, шығарып салған. Бақытжан, одан кейін сен баба аманатын орындауға бармаған сияқтысың. Барсаң осы күнге дейін басқа хабар болар еді. Бұл сөз өзіңе ғана айтылған аманат болған соң, мен де одан әрі ешкімге ештеңе демедім. Сөйтіп жүргенде, міне қаншама уақыт  өтіп кетіпті.

Бұл хатты біздің діннен қол үзіп кеткен баспасөз басшылары «ертек, аңыз» деп жарыққа да шығармауы мүмін. Оларға әлемнің екінші ұстазы  Әл Фараби бабамыздың аян туралы айтқан; «Қала басшысы адамның жүрегі секілді маңызды рол атқарып, дені сау, ынталы, білім сүйгіш, әділетті және  уахимен аян алатын дәрежеде болып  екі нәрсені  меңгеру керек. Біріншісі - ой толғау, екіншісі - аян алу. Олар Құдайлық нұрды алатын дәрежеде болуы керек. Адамзаттың бақытқа жетуі аспан әлемімен байланысты. Аспан денелері - қасиетті, жер бетіндегі барлық нәрсе - лас. Аспан ғибадаттың құбыласы, уахидың қайнары  және миғраждың болған жері...» («Қайырымды қала» »)- деген жазбасын алдарына тартып, соны растай отырып осы хатты жазып отырғанымды жеткіземін. Көріп отырсыздар, өз бабамыз ғұлама әл Фараби аян қасиетін қабылдай отырып жұмыс істеп, құдайлық нұрды алу дәрежесі туралы қала басшысына қандай талап қойып, не айтып отыр. Әруақтар айтар мұндай аманатпен санасатын кез болғанмен, мына нәпсі билеген заманда, адамдардан әр нәрсені күтуге болады ғой. Алла өліні тіріге, тіріні өзіне байлаған. Қазаққа аруақ айтқан аянды тыңдамауға болмайды. Аруақ болмаса – адам жоқ. Адам - аруақтардың ұрпағы. Адамзаттың Алладан кейінгі ұстазы - аруақ. Аруақ – бар. Рух та – бар. Бірінсіз бірінің тіршілігі көрінбейді, аруақсыз рух қонбайды. Аруақ кім? Кешегі өмірден өткен бабаларымыз.  Аруақ – қопарылып шығар адамның тамыры. Өлі мен тірінің – тамыры бір. Өлі – нәрді тіріден алады.

Бақытжан, бәлкім бұрынғы мекен жайыңда тұрып жатқан да боларсың, бірақ сұрастырып іздеп жатпадым,  бұлай жалғанға жария етіп Хат жазуым, сенің мүмкіндігің болмай жатса, басқа жанашыр ұрпақтары шығар дегенім ғой...

Сәлеммен, ағаң Бақтыбай Айнабеков

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341