"Казцинк" зауытындағы жарылыс: Жедел желі іске қосылды
Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті: 2-еуі қаза тауып, 2-еуі ауруханаға жатқызылып 3 адам үйіне жіберілді.
Өскемендегі зауытта болған жарылыстан кейін жедел желі іске қосылды.
"Казцинк" қорғасын зауытының аумағында, электролиз цехының балқыту бөлімінде шаң ұстау құрылғысының жарылысы болып, кейіннен өрт шықты.
Құтқарушылар келген сәтте ашық жану байқалды.
ТЖМ күштерімен өрт 120 шаршы метр алаңда толық сөндірілді. Сондай-ақ цех құрылымдарының 220 шаршы метр аумақта құлауы орын алды. Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті: 2-еуі қаза тауып, 2-еуі ауруханаға жатқызылып 3 адам үйіне жіберілді. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Апат салдарын жоюға шамамен 80 адам жеке құрам, 18 техника бірлігі, командалық-штабтық машина, ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараты, кинологиялық есептоптар және Апаттар медицинасы орталығының бригадасының дәрігерлері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізілуде. ТЖД-да жедел желі телефоны жұмыс істеуде: 8 (7232) 55-38-19, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Өскемендегі «Казцинк» ЖШС аумағында болған өрт оқшауланды. Құтқарушылар өртті толық сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам ауруханаға жеткізілген.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемен қаласындағы өндірістік нысанда болған жарылысқа байланысты жауапты органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Abai.kz