Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Өзгелер 1164 4 пікір 22 Шілде, 2024 сағат 14:29

Байден доғарысы: Трамптың ендігі қарсыласы кім?

Сурет: euronews.com

Соңғы үш аптада 40-қа жуық демократ конгрессмен Байденді Трамппен алғашқы пікірталаста сәтсіз сөз сөйлегені үшін науқанын тоқтатуға шақырды.

Кеше АҚШ-тың қазіргі президенті Жо Байден президенттік сайлаудан өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді.

Сурет Википедиядан алынды

БАЙДЕН НЕ ДЕДІ?

"Мен үшін сіздердің президенттеріңіз болу өмірдегі ең үлкен құрмет болды. Мен қайта сайлануға ұмтылғаныма қарамастан, менің партиямның және елдің мүддесі үшін доғарысқа кетіп, қалған мерзімге президенттің өз міндеттерін орындауға ғана көңіл бөлу керек деп есептеймін", - делінген Х Байденде жарияланған мәлімдемеде.

Ол АҚШ соңғы үш жылда, яғни оның президенттігі кезінде экономикалық тұрғыдан, денсаулық сақтау, климаттың өзгеруі және т.б. салаларда "үлкен прогреске" қол жеткізгенін, сондай-ақ, коронавирус пандемиясынан жеңіл-желпі өткенін атап өтті. Ол өзінің вице-президенті Камала Харриске алғысын білдірді.

Үш аптадан астам уақыт бойы 81 жасар қазіргі мемлекет басшысы өзінің сайлауалды науқанын тоқтатуды талап еткен партияластарының қатты қысымына ұшырады.

Бұған республикашыл Доналд Трампқа қарсы алғашқы пікірталастағы әбден абыржып, кібіртіктеп сәтсіз сөз сөйлеуі себеп болды.

БАЙДЕНГЕ КІМДЕР ҚАРСЫ БОЛДЫ?

Бастапқыда Байденнің сайлауының болашағына қатысты Демократиялық партия ішіндегі барлық пікірталастар жұрт көзінен тасада болды. Дегенмен кейін келе, оның жекелеген мүшелерінің наразылығы мен саяси үрейі БАҚ-қа тарады. Бірақ кейін ондаған конгрессмен (бұл арада The Washington Post журналының мәліметтерінше, кем дегенде 37 демократ туралы сөз болып тұр) президентті өз кандидатурасын алып тастауға шақырды. Оларға партияның бірқатар ірі қажыландырушыларымен қатар, тіпті, Жордж Клуни сияқты голливудтық атақты адамдар да қосылды.

Сенаттағы демократтардың басым көпшілігінің серкесі Чак Шумер және өкілдер палатасының бұрынғы спикері Нэнси Пелоси де Байденді осындай қадамға шақырды. Олар егер Байден додадан кетпесе, Ақ үймен бірге АҚШ конгресінің палаталарын да бақылаудан шығып, Трамп жеңіске жеткен жағдайда толық күш алып кетеді деген алаңдаушылықтарын білдірді.

Соңғы күндері Байден өз кандидатурасын көпшілік алдында ұсынып отырғанымен, жеке әңгімелерінде сайлаудан бас тарту мүмкіндігін алға тартып, өз орнына вице-президент болуы ықтимал кандидатуралардың бірі болып есептеледі дегенді ауызына ала бастады.

АҚШ-та жүргізіліп жатқан кейбір сауалнамалар сенер болсақ, президент додадан шеттеуінің алдында оның Трампты жеңу мүмкіндігі зор болған.

CNN дереккөздері хабарлағандай, вице-президент Камала Харрис Трампты жеңе алмайды деген сөздердің өңі айналып, "ал Харрис жеңе ала ма?" деген сауалдың басы қылтия бастады.

ABC News Ақ үйдің жоғары лауазымды қызметкеріне сілтеме жасай отырып, Байден өзі тіпті, жарыстан бас тартқан жағдайда париясының жеңіп шығу мүмкіндіктерін бағалау үшін қоғамдық пікірге сұрау салуды тапсырғанын хабарлады.

17 шілдеде Байденге коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Саясаткер сайлауалды іс-шараларды тоқтатып, Вашингтоннан кетіп, Делавэрдегі жазғы үйде карантинге түсті.

Демократтардың партиялық съезі 19-22 тамызда Чикагода өтеді. Маусым айының басында аяқталған ішкі партиялық сайлаудың қорытындысы бойынша Байден - президенттікке ұсыну үшін партия делегаттарының қажетті дауыс санын жинаған жалғыз кандидат.

Алайда Демократиялық партияның Ұлттық комитеті съезге екі апта қалғанда, тамыз айының басында, өз кандидатын Огайодағы бюллетеньдерге енгізу үшін құжаттарды тапсыру мерзімін өткізіп алмау үшін партия делегаттарын "виртуалды қайта тіркеуді" өткізуді жоспарлаған болатын.

ДЕМОКРАТТАРДЫҢ КӨЗІРІ КІМ?

Жергілікті заңнамаға сәйкес, олар 7 тамызда аяқталды. Бірақ жақында штат губернаторы оларды қыркүйектің басына дейін ұзартқан заңға қол қойды. Алайда, құжат 1 қыркүйекте ғана күшіне енедІ. Сондықтан Демпартияның ұлттық комитеті мерзімінен бұрын дауыс беру арқылы ықтимал заң проблемаларын болдырмауға үміттенді.

Демократтардан президенттікке үміткерлердің қатарында сенатор Марк Келли, көлік министрі Пит Буттиджич, сондай-ақ губернаторлар Гэвин Ньюсом, Гретхен Уитмер, Джошуа Шапиро, Уэс Мур және басқалардың есімдері бар.

Ал Жо Байденнің өзі демократтардың үміткері ретінде вице-президент Камала Харристі ұсынатынын және оның кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді.

Камала Харристің өзі де президенттік додадан кетәрі емес екенін ашық білдірді. Ал алдын ала сауалнамалар бойынша, Харристің рейтингі Трамптың рейтингін қуып жетіп қалған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1980