Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Билік 949 0 пікір 22 Шілде, 2024 сағат 16:52

Алматы: Ана мен баланы қорғау – басты міндет!

Сурет спикердің жеке мұрағатынан алынды

Елімізде ана мен бала ерекше қорғауға алынған. Ана мен баланың құқығын қорғау, әлеуметтік және денсаулық жағдайын жасау туралы түрлі қорлар, кеңестер мен қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді.

Бүгінде Ана мен баланы қорғауда «Аналар үйі» қоғамдық қоры да өз үлесін қосып келеді, деп хабарлайды Abai.kz.

Республика бойынша 19 қалада 25 «Ана үйі» бар екен. Олардың 4 Алматы қаласында, қалғандары еліміздің ірі қалаларында орналасқан. Алғашқы үй Астана қаласында пилоттық режімде ашылып, кейіннен тиімділігі артып еліміздің барлық қалаларында іске қосылыпты.

Алматы қаласындағы «Аналар үйінің» үйлестірушісі Аминат Джаппуеваның айтуынша, қор бір жылда 216 қыз-келіншекке көмек көрсеткен.

- Әрине «Аналар үйі» тағдырдың тәлкегіне ұшыраған аналарға көмек қолын созу үшін ашылған. Аналар деп неге айтып отырмын, біз ең алдымен баласы бар аналарға көмек ұсынамыз. Олардың жас ерекшелігіне қарамаймыз.

Бүгінде Алматы қаласындағы «Аналар үйінде» 10 ана мен 7 бала орналасқан. Қазір оларға медициналық, психологиялық, әлеуметтік әрі құқықтық көмек көрсетілуде. Ал орталықта тұру мерзімі — 6 ай. Осы аралықта біз болашақ аналарды қоғамдық ортаға бейімдейміз. Біз ең бірінші қыз-келіншектердің туыстарымен сөйлесеміз. Олардың қолдау көрсетуін сұраймыз.

Әрі қарай біздегі әрбір ананың аяғына тұрып, өз еркімен өмірге бейімделіп кетуіне септігімізді тигіземіз. Аяғы ауыр болып қалғанын жақындарынан жасырып, пана таппай жүрген жас қыздар да болады. Кейбірі тіпті баласынан бас тартып жатады. Біздің міндетіміз ана мен баланы бір-бірінен ажыратпау. Сол үшін жас анаға барынша барлық жағынан көмек ұсынылады. Кейбір аналар қысқа мерзімді кәсіптік курстардан өтеді. Тігінші, шаштараз, маникюр мастері сынды кәсіпті үйренеді.

Біздегі аналар жатын орынмен, уақытылы тамақпен, киім-кешекпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар құжат рәсімдеу жағынан толық кеңес алып, балаларын балабақша кезегіне қою, атаулы әлеуметтік көмекке тапсыратын құжаттарды реттеу сынды жұмыстармен де толық қамтылады, - деді.

«Аналар үйі» қорының құрылғанына былтыр 10 жыл толыпты. Бүгінге дейін Алматы қаласындағы «Аналар үйі» 600 ден астам ана мен 500-ден астам балаға көмек қолын созыпты. Қорға келген жас аналар, қыз-келіншектер қор көрсеткен көмекті алып, қоғамдық ортаға бейімделді. Ең бастысы анамен бала бірге. Көпшілік «Аналар үйі» нақты көмек көрсететінін білді.

«Аналар үйі» үйлестірушісінің айтуынша, кәсібін ашып, өмірге бейімделген қыз-келіншектер де қорға рахметін айтып тұрады.

«Біздің көмегімізбен өз кәсібін ашқан қыздар бар. Бірақ біз нақты санын жүргізбеппіз. Интернет магазин, ателье ашып кәсіпкер болып кеткендер әлі де хабарласып тұрады. Кейбірі тұрақты жұмыс тауып, өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жатыр. Бізге келетін қыздардың көпшілігі отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар. Одан бөлек жігітіне алданып қалғандар. Тіпті өзінің жақын туысынан зәбір көретіндер де бар. Биылдан бастап қатаң заң күшіне енді. Құқық қорғау органдары енді зорлық көрсеткендерді аямайды. Сондықтан елімізде ана мен баланы қорғауға барынша басымдық беруде», - деді аминат Джаппуева.

Қордың мақсаты да ана мен баланы жан-жақты қолдау әрі қорғау.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1239
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2950
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3320