Жұма, 22 Қараша 2024
Ақмылтық 2217 13 пікір 26 Шілде, 2024 сағат 15:30

Ғалым: Бас мүфти өз еркімен қызметінен кетуі тиіс!

Коллаж суреттері: madeniportal.kz / muftyat.kz

 

Кешелі-бері қазақ қоғамы ызу-қызу талқылап жатқан тақырыптардың бірі – Қостанай облысының Бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлының мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 15 тәулікке қамалғаны туралы ақпарат.

Ресми ақпаратта Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлының 15 тәулікке қамалғаны және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны айтылды.

Бұл жаңалық қазақ қоғамының негативті реакциясын тудырды. Артынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ресми түсініктеме беріп, Бахытбек Нұрғабылұлының қызметтен алынғанын хабарлады.

Сурет: Abai.kz скрині

ҚМДБ НЕ ДЕЙДІ?

Мүфтият болған оқиға үшін елдегі мұсылман қауымынан кешірім сұрады.

«Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бақытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды. Алла Тағала баршамызды жамандық пен өкінішті істерге жетелейтін нәпсі қалауының кесірінен сақтағай», - делінген хабарламада.

Сурет: madeniportal.kz

Десе де, қоғамдық пікір әрқилы. Қостанай облысының бас имамына қатысты оқиғадан соң, ҚМДБ  басшылығының жұмысын жүйелеу керектігі туралы пікірлер айтылуда. Сондай пікірдің бірін белгілі дін ғалымы Қайрат Жолдыбайұлы өзінің «Facbook-тегі» жеке парақшасында жазды.

«Екі күннен бері ішім алай-дүлей. Бұл ұятты жағдайға сенгім келмейді. Бәлкім әдейі ұйымдастырлған қастандық шығар. Қымызға яки басқа бір тағамға бір нәрсе араластырып әдейі ішкізіп, сосын арнайы тапсырыспен ұстатты ма екен? Егер имамның ары таза болса, адвокат жалдап, өзін қорғауы тиіс. Ал рас болса, онда бас мүфти өз еркімен қызметінен кетуге тиіс. ҚМДБ түбегейлі рефермолануы шарт», - деп жазды Қайрат Жолдыбайұлы.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333