Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Рыбакина дауы: 1660 2 пікір 26 Шілде, 2024 сағат 18:33

АҚШ-тағы ақшалы турнир һәм Париждегі қазақ намысы

Коллаж: Abai.kz

Париж Олимпиадасының ашылуына бір күн қалғанда, төртжылдықтың басты бәсекесіне қатысудан, анығы Қазақстан намысын қорғаудан бас тартқан Елена Рыбакинаның дауы әлі басылар емес.

Халықаралық теннис федерациясы бір, Қазақстан теннис федерациясы екі, ҚР Спорт және туризм министрлігі үш, Рыбакинаның өзі төрт қайтара қайрылу жасап, «денсаулығының кенет сыр бергенін» айтып ақталса да, қазақ қоғамы, Қазақстан қоғамы Елена Рыбакинаның бұл уәждеріне сенімсіздік білдіруде. Бұл туралы «Рыбакина бізді «лақтырып кетті»: Ресей спортшысына керегі - қазақтың ақшасы!» атты Abai.kz мақаласында егжей-тегжейлі жаздық.

Сурет: Abai.kz скрині

Десе де, Рыбакина кім, ол Қазақстан азаматтығын қашан, қандай мақсатты алды деген сауалдарға жауап іздей отырып, мынадай мақалаға тап келдік.

ОЛИМПИАДАҒА БАРМАҒАН РЫБАКИНА АҚШ-ТАҒЫ АҚШАЛЫ ТУРНИРГЕ ҚАТЫСПАҚ!

Ағылшын тілді «tennis.com» сайты: «Елена Рыбакина Париж Олимпиадасынан бас тартты, Каролин Гарсия енді бірінші орынға шықты» атты мақала жариялапты.

Сурет: tennis.com сайтынан скрин

Мақалада: Елена Рыбакинаның Париж Олимпиадасмының жеребесі тартылғаннан кейін жарыстан бас тартқаны, Халықаралық теннис федерациясы мен Қазақстан теннис федерациясының түсіндірмелері һәм Рыбакинаның өз ақталуы жайлы қысқаша баяндай келіп:

«25 жастағы теннисші соңғы рет «Уимблдон» турниріне қатысып, жартылай финалда ақырғы чемпион Барбора Крейчиковаға жеңіліп қалды.

Енді Рыбакинаның назары Солтүстік Америкадағы хард турнирлеріне ауып отыр. Ол 6 тамызда Торонтода Роджерс ұсынған National Bank Open турнирінде бақ сынайды деп оспарланған», - деп жазды.

ОЛИМПИАДА АҚШАСЫ РЫБАКИНА ҮШІН БОЛАР-БОЛМАС ТИЫН-ТЕБЕН!

Елена намыс емес, ақша үшін жүрген жан. Дәуренінің барында һәм қолы жүріп тұрғанда тек миллиондық бәсі бар додаларға ғана аш қасқырдай жалаңдайды. Қазақстан төлқұжаты оған тек Ресейлік спортшыларға Үлкен теннистің жолы жабылған шақта ғана керек болды. Қоғам пікірі қазір осы.

Олай демеске лажы жоқ. Әлгінде ғана «ауырып,  ұшаққа мінуден қалған», соны сылтау етіп, Олимпиадаға бармай қойған Елена Рыбакинаның АҚШ-тағы ақшалы турнирге қатысатыны туралы БАҚ жазды. Осыдан соң Рыбакина ірі қомақты қаржы бәсі тігілген жарыстарға қазақ елі атауын көз қылу үшін қажет етті деген ойдың шындық екенін аңғарамыз.

Енді келіп, одан қазақтың жыртысын жыртпадың деп сөйлеудің өзі ауызды босқа ауыртқандық. Оған еліміз емес, еліміздің атынан қатысып пайда табу ғана керек еді. Олимпиададан түсетін ақша ол үшін қайыршыға берген тиын-тебен есепті.

«Олимпиада қоры, барлығы 50 мың, ал АҚШ-тағы финал олимпиададан кейін басталады. «Open US», 1.5 миллион. Енді бәрі түсінікті болды, бизнесмендер ақша үшін барлығына дайын. Олимпиадада 2,3 алтын алу өте қиын екенін бәріміз де түсінеміз. Елена алтынға шынайы үміткер болды. Бірақ ол үмітті ақтамады. Ресей Федерациясында оған ешкім сенбеген кезде Қазақстан оған қанша қаражат салды?!», - дейді қазақ қоғамы...

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019