Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Дабыл 1415 0 пікір 31 Шілде, 2024 сағат 13:45

ТЖМ: Шомылу маусымында 70 адам суға кетті

Сурет: baq.kz

Елімізде адамдардың шомылу кезінде суға батып кетуінің негізгі себептері аталды.

«Елімізде 85 мыңнан астам өзен және 48 мың көл бар. Байқағанымыз, Балқаш, Каспий басқа да үлкен су айдындарына қарағанда, кішірек өзен, көлдерде суға кету жағдайы жиі орын алады. Ересектерге келсек, көбінесе ішімдік ішкеннің кесірі, ал балалар ересектердің қарауынсыз қалғандықтан шомылудың арты қайғылы жағдайға ұласып жатады», - деді ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.

Сондай-ақ, ТЖМ өкілінің айтуынша, кейбір адамдар шамасына қарамай жүзгісі келеді.

Шілденің басында хабарлағанымыздай, шомылу маусымы басталғалы елімізде 70 адам суға кетіп мерт болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 203
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 244
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 232
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 161