Қазақ-Кәріс дипломатиялық қарым-қатынасына 22 жыл
28 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 22 жыл толады. Нақты айтсақ, 1992 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Содан бастап еліміздің саяси және экономикалық өмірінде қыруар шаруалар атқарылды. 2012 жылдың көктем айларында өткен Сеулдегі саммитке дейін Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастар әр салада қарқынды дамыды. Осы 22 жылдық тарихы бар Қазақ пен Кәріс қарым-қатынасының алтын іргетасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей араласуымен берік қаланды. Екі елдің арасында орнаған дипломаттиялық қатынас қос елдің болашағы үшін қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда бұл қарым-қатынастың бүгіні нығайып, ертеңі тереңге кететіндігін өткен жылғы «жиырмалық тобы» кезіндегі Н.Ә. Назарбаев пен Оңтүстік Кореяның президенті Пак Кын Хенің кездесуі тағы бір айқындады. Сол кездесу барысында мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Оңтүстік Кореяның президенті Пак Кын Хені мемлекеттік сапармен Қазақстан жеріне келуге шақырғаны көпке белгілі.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап шығыстағы Кореямен қарым-қатынасы өзара тиімді ынтымақтастықтың желісінде әрі сенімнің негізінде дамып отыр. Қазақстан мен Корея Республикасының дипломатиялық және саяси қарым-қатынастары сындарлы диалог негізінде құрылып, ал бұл күні экономика мен бизнес көкжиегінде қоян-қолтық бірлесіп жұмыс атқарып отырғанын ерекше атап айтуға болады. Еліміз Қазақстан, Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы төрағасының қызметінде сәтті жұмыс жасаған бірден бір Азиядағы беделді ел екенін корей тарапы жақсы біледі. Орталық Азия елдерінің ішінде сөзден іске көшіп, әлемдік маңызы бар әр бастамасын жүзеге асыра білетін Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік кеңесінің құрамына мүше болып, өзін іскерлік қырынан танытты. «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәртебесіне ие болды. Міне еліміздің осындай жетістіктеріміздің бәрін Оңтүстік Корея қатты бағалары анық.
Қазіргі таңда Қазақ елі мен Корей елінің басшылары көп саланы екі елдің іскер топтарымен бірге игеруді көздеп отырғаны белгілі. Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуеті мен болашағы Корей елінің бизнесмендерінің назарын аудартып, корейлік инвесторларды қызықтырып келеді. Корей елінің бизнесмендері мұнай, электр, құрылыс, жол, сауда, инновация саласы секілді салалардағы жобаларға қатысуға біраздан бері ниет танытуда. Жиі-жиі Астана мен Алматыға ат ізін салуы осының айғағы.
Астананың аумағында бой көтерген ірі тұрғын үй құрылыс нысанын былай қойғанда Алматыда біраз құрылыс нысандары ашылып, корейлердің қолынан шыққан пәтерлердің құрылысы қызу жүруде. Екі ел арасындағы сауда айналымының көрсеткіштері көңіл көншітерліктей. Сауда жөнінде өзге елден асып түспесе кем жасамайтын корейлер қазақтармен саудасын жылдан-жылға нығайтып отыр. Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның сауда экономикалық қарым-қатынасының аяқ алысы әу бастан жаман болған жоқ. Қазақстанның елшілігі Корей елінінің жерінде ресми ашылған күннен бастап қазақ жеріне сапалы корей тауарын тасушы әрі жөнелтуші саудагерлердің саны бір азайған емес. Тіпті, ірі сауда компаниялары бұл ретте пайда көрмесе зиян шекпеді. Қазақ елінің топырағында өкілдіктерін ашып, өздерінің екі елдің экономикалық қарым-қатынасына үлкен үлестерін қосты. Бүгінгі күні Корей елінің инвестициясының жағрафиясы кеңейіп алған ел екенін бүкіл әлем жұртшылығы мойындайды. Олардың инвестициясы жетпеген әлемде ел жоқтың қасы. Қытайдың тауары бармаған әлемдік базар қалмаса, корейдің инвестициясы бармаған әлемде мемлекет жоқ. Сондықтан осы елдің инвестициясы біздің елге суша құйылып, қоғамымызда жағымды сипат пен бағаға ие болып отыр. Корейлердің ірі банк, корпорация, компания, сақтандыру компаниясы және құрылыс компанияларының кеңселері Алматы мен Астана қаласында ашылып, заманауи бизнес жобалар игерілуде. Екі елдің компаниялары бірлесіп бір компания құрып, екі тараптан құрылтайшылардың шығуы корей мен қазақ бизнесінің түсінісіп қызмет атқара бастауы деп бағалауға болады. Корейлердің бизнес әлемінде беделді компаниялары бұл күні мемлекеттік және коммерициялық жобаларды инвестициялауға және бірлесіп іске асыруға белсене атсалысып жүр.
Қазақстан мен Корея Республикасымен тығыз байланысы, Оңтүстік Кореяны бүгінгі таңда сауда-саттық, саяси және экономикалық, әрі инвестициялық жобаларының көлемі жағынан басқа елдерге қарағанда алға шығарды. Корейлер инвестициялық бестіктің әрдайым алдында жүреді. Қазақ жеріне соны технологияны, озық тұрмыстық техниканы әкелген де осы кәрістер. Осындай жақсы жағдайдың орнауы Елбасының жоғарғы деңгейдегі инвестициялық саясатының арқасында екендігін атап айту керек.
Бұдан басқа екі жақты қарым-қатынастың дамуын үкімет аралық маңызды келісімдерге қол қойылғаннан байқауға болады. Қазақ мемлекеті мен Корей мемлекетіне тиімді жобалардың бүгінге дейін біразы іске асып, бірсыпырасы болашақтың еншісінде қалып отыр.
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған жылдан бері екі елдің арасында сан-сала бойынша ынтымақтастық тұрақты дамып отырды. Екі елдің мемлекет басшылары әрдайым өзара мүдделілік білдіретін кең ауқымды мәселелерді талқылай отырып, бірігіп атқаруға күш салып келеді. Бұл Қазақстан мен Кореяның жақындығын әрі стрегиялық серіктестер екендігінің үлкен дәлелі. Алдағы жылдары бұл ынтымақтастықтың перспективасы жоғары. Екі ел әсіресе үкімет аралық кездесулер өткізіп, экономика және технология салалары бойынша жиі пікір алмасуда. Екі елдің ынтымақтастығы сапалы жаңа кезеңдерге көтерілу үшін екі елдің кәсіпкерлері белсенді қызмет атқару керек.
Міне, осындай атқарылған ірі істердің бәрі 22 жыл бойы жүрген жақын қарым-қатынас пен достықтың дәлелі. Корей мен Қазақ қатынасы әлі де болашақта жаңа белең алып, жаңаша дами түседі. Келешекте екі елдің ынтамақтастығы нығаяды. Бұның бәрі жүзеге асу үшін Қазақстан халқына саяси тұрақтылықта әрі бейбітшілікте өмір сүру маңызды. Азияның Жолбарыс еліне дипломатиялық даңғыл жол салған Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі 22 жылдың ішінде үлкен жетістік пен жаңашылдықты байқатты. Сондықтан Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның қарым-қатынасы жыл сайын қарқынды дамуда.
Дастан Ақаш,
Мемлекеттік және жергілікті басқару саласының маманы
Abai.kz