Сенбі, 23 Қараша 2024
687 0 пікір 20 Шілде, 2024 сағат 16:31

Қайрат Нарынбаев: Бұл сайлау өзгелерден ерекше  

Сурет спикердің жеке мұрағатынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылы ауыл әкімдерін сайланған болатын. Бұл сайлаудың ерекшелігі әр елдімекен әкімін сайлап, тұрғындар бірауыздан таңдау жасаған азамат сол ауылдың тізгінін ұстады. Бүгінде халқы үміт артқан әкімдер нәтижелі жұмыс істеп жатыр. 

Abai.kz тілшісі Алматы облысы Кеген ауданы Жылысай ауылының әкімі  Қайрат Нарынбаевпен тілдесіп, сайлаудағы өзгерістер жайлы сұхбаттасты.

- Қайрат Ұлдаханұлы, халық сайлаған ауыл әкіміне халықтың көп үміт артатыны белгілі. Әсіресе жергілікті атқарушы органдарға артылар жүктің салмағы ауыр. Сізге сайлау жүйесіндегі өзгерістер қалай әсер етті? Әкім бола сала қай саланың түйткілімен таныстыңыз?

- Әрине әкім болғаннан кейін, сол ауыл тұрғындарының үмітін ақтамуға тырысасың. Оған жүрдім-бардым қарауға болмайды. Сайлау жүйесіне өзгеріс енгізіліп, округ әкімдерін тұрғындар өздері дауысқа салады дегенде қобалжыдым. Осы кезде ауыл тағдырына алаңдайтын бірнеше азамат өз кандидатураларын ұсынды. Өзім осы ауылдың тумасы болғандықтан, осы жерде тұрғылықты мекен ететін азамат ретінде мен де өз бағымды сынап көрдім. Өйткені бұған дейін әкімнің орынбасары сынды қызмет атқарып, ауылдағы қоғамдық іс- шараларға белсенді қатыстым. Сайлау қызықты да тартысты өтті. Одан бөлек, ауылды дамытуға қатысты өз бағдарламаларымызды ұсындық. Аудандық газетке сайлауалды бағдарламамыз жайлы жарияладық. Нәтижесінде ауыл халқы сенім артып, әкім болып сайландым. Міне үш жылдан  бері кішкентай ауылдың мәселелерін барынша шешуге атсалысып келемін.

- Өзіңіз осы ауылдың тумасымын дедіңіз. Ауыл әкімдерін сайлағанда кандидаттарың сол ауылдық округтің тұрғыны болғаны қаншалықты дұрыс?

- Меніңше бұл дұрыс шешім. Өйткені, жергілікті азамат ауылдың қыр-сырын, жай-күйін басқалардан гөрі өзі көбірек біледі. Мен де ауылдағы негізгі мәселелерді білемін. Бүгінгі күнге дейін шешімін тапқан мәселелер ауылішілік жолдардың жағдайы. Жұмыссыздық, ауыз су мәселесі,  жайылымдық жер сынды мәселелер. Одан  бөлек  тұрмысы төмен отбасыларға да әлеуметтік көмек көрсету сынды мәселелер де күн тәртібінде. Бүгінде тұрғындармен жиі кездесу өтеді. Одан бөлек апта сайын ауыл тұрғындарын қабылдайтын ашық есік күні бар.  Тұрғындар алдын ала жазылып, өздерінің жағдайларын айтып келеді. Әр келген тұрғынның мәселесімен жеке танысып, шешімін табуға тырысамыз. Қазір ауылдың жолдарын жөндеу жұмыстары басталды. Одан бөлек бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауылда спорттық алаңдар яғни футбол алаңын орнату жұмыстары басталды. Жаз маусымында туризмді дамыту мақсатында демалыс орындарын салуға бекінген кәсіпкерлерге жер бөліп беру жұмыстары жүргізілді. Ауылға жас мамандарды  тарту мақсатында да бірқатар жұмыстар жүргізілді. Осылардың барлығы менің сайлауалды жоспарымның бір бөлігі болатын. Халық сенім артқаннан кейін, халық үшін бар күшімізді салатын боламыз.

- Сайлау жүйесіндегі өзгерістер туралы айтсаңыз. Сіз қанша мерзімге с айландыңыз. Алдағы уақытта сайлауға тағы да қатысасыз ба?

- Сайлау жүйесінің өз ережелері бар. Ауыл әкімдері 4  жылға сайланады. Ереже бойынша бір үміткер екі рет қана сайлауға қатыса алады. Яғни келесі жолы сайлауға қатысып, өтетін болсам мен өкілеттігімді жалғастыра аламын. Бірақ ол мерзім өткеннен кейін мен сайлауға қатыса алмаймын. Бұл да дұрыс шешім деп ойлаймын. Төрт жыл ішінде біраз нәрсені жасауға болады. Ең бастысы халық сенім артып тұрса, халықпен бірге сол ауылдың дамуына ұйытқы боласың.  Алдағы сайлауда да өз бағымды сынап көремін. Егер халқым маған сенімін білдіретін болса, алға қойған жоспарларды әрі қарай жүзеге асырамын деп ойлаймын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5441