Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3849 0 пікір 29 Қаңтар, 2014 сағат 07:16

МӘСЕЛЕ ГҮЛНӘР САЛЫҚБАЙДА ЕМЕС

Жиырма үш ақын-жазушы дауыс берген комиссияда Гүлнәр Салықбайға екі-ақ адам дауыс беріпті. Осы күнгі он үздік ақынды атаңыз десеңіз, ішінде міндетті түрде Гүлнәр Салықбай аталатын. Мақал-мәтелдің де шебері Мұзафар ағамыз: «Гүлнәрдің бәрі Салықбаева емес», – деп миығымызға күлкі үйірсе де, сүйінгеннен айтқан шығар. Бүкіл әдебиетсүйер қауым Гүлнәрді талантты ақын деп бағасын баяғыда-ақ беріп қойған.

Бүгінде халыққа кең танылып қалған әнші Роза Әлқожаны сүйреп жүрген бір ән бар. Ол ән – «Мен сыйға тартқан орамал» деп аталады. Кезінде «Мен сыйға тартқан орамал» деп аталған альбомы да жарық көрген. Тіпті әншінің концерттік бағдарламалары да осылай аталады. Міне, сол ән Гүлнәрдің өлеңінен туған. Гүлнәрдің басқа да үлкен-кіші түгел мойындаған өлеңдері аз емес. Хас әдебиеттің хас сыншысы Тұрсынжан Шапайдан бастап, сол әдебиетшілердің өздері жоғары баға берген.
Әрине жоғарыда аталған комиссия жиынына Тұрсынжан Шапайлар қатысқан жоқ.  Қатысса тұрып жүріп кете берер еді. Әдебиеттегі тазалық сондай әрекеттен де көрінер еді. «Солай болыпты» деп, оны біраз жұрт әңгіме қылар еді. «Ұят болыпты ғой» деп, біреулер бетін шымшыр еді. Бірақ әлгіндей комиссиялардан ұят кеткелі қашан?

Иә, мұндайға біздің де етіміз өліп кеткен. Соның өзі қалыпты нәрсе сияқты үндемей қоя саламыз. «Мұнысы несі?» деп айтуға да жарамаймыз. Біз мұндайда: «Бұларың не?» деп айтып үйренбегенбіз. Бүгін, ертең көріңіз, газеттер де жым-жырт қалады. «Сенсация іздегендер үшін де бұл ешқандай «сенсация» емес. Бопты!

Рас, басқалар да оңай-оспақ ақындар емес. Ғалым Жайлыбай мен Гүлнәр Салықбай қатар тұрса бек жарасар еді. Екі талантты ақынға да ешкімнің дауы болмас. Бірақ, әлгі комиссияда дауыс берген жиырма үш ақын-жазушы сәл қылдан тайғандай. Әлде, халық сүйген ақынды қызғана ма екен? Үздік он ақынды атағанда Гүлнәрді неге атайды, мені неге атамайды дей ме екен?

Осының соңы қара да тұрыңыз, үлкен дауға апарып соғады. Шөмішбай Сариевтің еңбегі сіңбеді деп кім айтады, мысалы. Осыған дейінгі алған сыйлықтары мен атақтарының мысы да, пысы да басып тұр. Ол да әне, басқа бір комиссияның атынан ұсынылып жатыр. «Бәйгемді шаппай бер» дейтін Ғалым Жайлыбайға да, басқаларға да оңай болмас.

Сөйтіп міне, тағы да, кезекті рет әдебиет саласындағы мемлекеттік сыйлықтың әңгімесі басталды. Кілең дауға айнала берген соң, алдыңғы жолы бұл сыйлық әдебиет саласында ешкімге берілмей қалған. Жоғары жақтағылар: «Мыналар бір пәтуасыз екен» деген болуы керек. Ал, өткен жолы Сәбит Досановтың алғаны біраз сөз шығарды. Арты сотқа дейін барып қалды.

«Өздерін өздері сыйламайды» деген осыдан шығады. Әрине, бір Гүлнәрға тіреліп қалған ештеңе жоқ. Бірақ «талантты уағында бағалау керек» деп айтып жүргендер де ақын-жазушылардың өздері. Сөйтеді де араларында жүрген Гүлнәр Салықбайдай талантты ақынды аттап баспай жатып-ақ сүріндіріп жібереді. Бұл қалай? Басқасы басқа, осы Гүлнәр Салықбайды жиырма үш адамның екеуі ғана бағалайды екен дегенге адам сене ме?

«Алматыға қар жауып тұр қиғаштап» деп жазыпты Гүлнәр бір өлеңінде. Осы бір жолдың өзі талай сырды қозғап кетеді. Жүрек қылын дөп басатын мұндай өлеңдер ана комиссия мүшелерінің қайсысының қаламына ілікті екен? Біз білмейміз ғой, бірақ ақын-жазушыларымыздың арасында әдейі көрмеу, елемеу, бағаламау тенденциясы бұрыннан бар деседі. Таланттылар бір-бірімен таласып жүргенде, сый-сыйапатты талақтылар иеленіп кететін көрінеді. Біреулер соған сырттан қарап күледі екен-мыс. «Өзің диуанасың, кімге пір боласың?»

Жоқ, бұл, қанша төндіріп айтсақ та ешқандай трагедия емес. Көз алдымызға Тұрсынжан Шапайдың, Мейірхан Ақдәулеттің, Тыныштықбек Әбдікәкімұлының және Гүлнәр Салықбайдың өзінің де жымиып күлгені елестеді. Біз де сол Гүлнәр Салықбайдың жоғын жоқтап қапа болғаннан жазып отырған жоқпыз бұл мақаланы. Әдеби ортаның сұрқай тартып бара жатқанына қапа болып жазып отырмыз. Шындап келгенде қазір әдеби ортада ешкімнің шаруасы жоқ. «Гүлнәр Салықбайларға дауыс бермеңдер» деп те ешкім айтпайды. Бәрін өз қолдарымен істеп отырған әдеби ортамен бірге сұрқайланып бара жатқан ақын-жазушыларымыздың өздері. Дауыс беруге қатысқан жиырма үш қаламгердің артында жеті жүз жазушы тұр. Сонда қолына дауыс беру құқығы тисе жеті жүз жазушы түгел солай істей ме?
  
Біртүрлі арқа-басың шымырлап кетеді. Өз талантын өз ортасы бағаламаған соң не істейсің? Билікке, басқаларға не айтасың? Кімге сөзің жүреді? Кім сыйлайды, кім бағалайды? «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын» дегеннің кері келді ме, келе бере ме? Қашанға дейін? Мұқағали Мақатаев сабақ болмады ма? Жұматай Жақыпбаев сабақ болмады ма? Қасым Аманжоловтарды атпай-ақ қоялық десек те!..

Әлгі жиырма үш ақын-жазушы бізге қарап қалған ештеңе жоқ десетін көрінеді. Қолың жетсе басқа ұйымдардан да ұсына беруге болады. Соңғы мәреге дейін барлығы оншақты адам ұсынылуы мүмкін. Ондай қаракет жасасаңыз, ешкім қой демейді. Озып шық та бәйгеңді ала бер. Ақтық сында кімдер дауыс береді дейсіз бе? Онда да негізінен ақын-жазушылар мен өнер адамдары. Ау, сонда мемсыйлық дұрыс берілмеді деп, кімге шағым айтасыз? Айтып жүргем жоқ деңізші?..

Жалпы, мемлекеттік сыйлық ұлттың ар-ожданы саналатын ақын-жазушылардың мерейін көтеруі керек. Бізде керісінше, мемсыйлыққа таласқан ақын-жазушыларымыз ұсақталып бара жатыр. Ал енді осы мемлекетшіл, ұлтжанды адамдардың ісі ме? Олар неге үлкен мәртебеге өз пендешіліктерінің деңгейімен қарайды? Халық көріп, біліп отырған нәрсені неге көрмейді? Әлде кімнің талант, кімнің талант емес екенін білмейтіндей халықты надан көре ме?
  
«Жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шап» деген сөз бар. Ертең болары болып, бояуы сіңіп қойған соң ақ-адалсып айтқан сөздің не керегі бар? Неғылса да айтар сөзімізді алдын ала айтқанды жөн көрдік. Шынымызды айтсақ, алдыңғы айтыс-тартыстан әлі есімізді жиып болған жоқпыз. Енді соған тағы бір дау қосылып, абыройымыз төгілмесін дегендік біздікі. Әйтпесе өздерін өздері қадірлемеген ақын-жазушылардың арасында неміз бар?

Айтпақшы, өткенде бір қаламгер сыйлық алды дегенді естігенде, сыншы Құлбек Ергөбек: «Ағайын, әдебиет өлді!», – деп күңіреніпті деп естідік. Қайта-қайта айтып, сол сөздің де қадірін қашырып жібермесек болды, әйтеуір. Қайталай берсеңіз, ол да үйреншікті сөзге айналып кетуі мүмкін ғой. Әлде оған да құлағымыз үйреніп, етіміз өліп кетер ме екен?!.

Балжан МҰРАТҚЫЗЫ
 
"Халық сөзі" газеті
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320