Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Аласапыран 1867 13 пікір 7 Тамыз, 2024 сағат 13:37

Курскіге шабуыл: Майдандағы ахуал қалай өзгереді?

Сурет: Getty Images

Бірнеше ресейлік телеграм-арналар ресейлік армияның Курск облысында Ка-52 соққылаушы тікұшағын жоғалтқаны туралы хабарлайды. Тағы бірнеше ресейлік тікұшақ атып түсірілгені туралы мәлімделді.

Бұдан басқа, ресейліктер Курск облысында жойылған екі жүк көлігі мен Т-62М танктерінің зақымдаған суреттерін жариялады. Z-арналарының авторлары техниканың тралдарда сынғанын және соғысқа кірісуге үлгермегенін айтып шағымданады.

РФ Қорғаныс министрлігі: «Украиналық әскерлер кешке қарай Курск облысынан Украина аумағына ығыстырылды», - деп мәлімдейді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, бір топ шекарадан өткен, ал екіншісінің жолын «ресейлік әскерилер кескестеген». Бірақ кейін алдыңғы кірген топ Украина жаққа кері қайтқан.

Украина жағы мұны растаған жоқ. Қарулы күштерінің Курск облысындағы қандай да бір шабуыл әрекеттерін де растаған жоқ.

Сонымен қатар ресейлік әскери телеграм-арналар Украина әскерінің Курск облысындағы Николаево-Дарьино және Дарьино елдімекендерін басып алып, ұрыс жасағанын жазды. Украиндық БАҚ ресейліктердің тұтқынға өз еріктерімен берілгенін мәлімдеді.

«Сағат 8-ден бастап Қарулы Күштердің 300 адамдық тобы 11 танк пен 22 броньды машинаның қолдауымен Курск облысындағы ресейлік позицияларға шабуыл жасады. Орын алған атыс барысында Қарулы Күштердің 16 броньды техникасы, оның ішінде 6 танк жойылды», - деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.

Ресейлік Z-арналар өткен түні украиналық әскерилер Украинаның Сумы облысынан Ресейдің Курск облысының аумағына «басып кіруге» әрекеттенгенін айтады. «Два майора» телеграм-арнасы: «Украина Қарулы Күштердің шағын тактикалық топтары жекелеген учаскелерде РФ Қарулы Күштерінің қорғанысына бірнеше жүз метр қашықтыққа дейін ене алды», - дейді.

Жалпы аталмыш диверсиялық рейдке байланысты ресми Киев мүлде ақпарат бермеді. Қазіргі ашық дереккөздерде тарап жатқан ақпаратқа сүйене отырып, диверсанттардың саны 150-200 адам және бірнеше бронды техника (мүмкін жеңіл бронды әскери көлік) екенін түсінуге болады.

Бұл әрине соғысқа үлкен әсері бола қоймас. Негізгі мақсаты ақпараттық және психологиялық эффект алу. Әскери тұрғыдан Ресейді Украинаға кіргізуі тиіс әскерінің біршама бөлігін осы шекаралас облыстарда ұстауға мәжбүр ету болса керек. Ресей қазір әскери күшінің негізін Торецк қалашығын алуға бағыттауда. Украинадағы оккупациялық әскерінің 30 пайыздан астамы осы бір кішігірім қалашық маңына топтасқан. Жақын аралықта оған Белгород пен Курскта тұрған әскер барып қосылуы тиіс еді. Міне, сол қосылуы тиіс әскердің біраз бөлігін осы шекаралас аймақты күзетуге қалдыруға мәжбүрлеу әрекетіне ұқсайды.

Соңғы рет украин диверсанттары наурызда осындай шабуылдарға шыққан. Ол сәтте АҚШ-тың көмегі тоқтап, Конгресс әлі көмекті мақұлдамаған сәт еді. Украина тарапы уақыт ұтуға және әскерге рухтық серпіліс беруге талпынып, диверсиялық рейдтер жасаған болатын.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052