Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
Анық 918 0 пікір 7 Тамыз, 2024 сағат 15:45

Су және ирригация министрлігі: Қырғызстан бекітілген кестеге сай су беріп жатыр

фото: informburo.kz

Қырғызстанда Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 34-ші отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров басқарды.

Вице-министр Қырғыз Республикасы Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігінің Су ресурстары қызметінің директоры және министрдің орынбасары Алмазбек Сокеевпен кездесті.

Отырысқа елімізден ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Жамбыл облысы әкімдігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, су шаруашылығы мекемелері мен ұйымдарының өкілдері қатысты. Тараптар биылғы су шаруашылығы жағдайын және осыған дейін бекітілген су беру кестесін сақтау мәселесін талқылады. Сондай-ақ, су шаруашылығы нысандарындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары туралы есеппен танысты.

Бұдан бөлек, су бөлу қондырғыларын автоматтандыру және Аспара өзені мен Чумыш гидроторабында бірлескен өлшеу жұмыстарын жүргізу, Талас өзеніндегі «Жасөркен» гидробекетінде гидрологиялық бақылауларды қалпына келтіру және басқа да су шаруашылығы мәселелері қаралды.

«Сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Қырғызстаннан бекітілген кестеге сәйкес су келіп жатыр. Қырғыз әріптестерімен бірлесіп, Аспара трансшекаралық өзені мен Чумыш су торабында су бөлуді бақылауды күшейту жұмысы жалғасады»,
- деді ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Комиссияның келесі отырысы 2024 жылдың 4-тоқсанында Астанада өтеді.

 

Abai.kz

0 пікір