Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1289 0 пікір 8 Тамыз, 2024 сағат 16:24

Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері кеңесін құрды

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері кеңесін құрды. Бұл туралы Ақордада Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Ғылым-білім саласындағы ынтымақтастыққа жеке тоқталдық. Жастарды жақындата түсетін маңызды бастамаларды талқыладық. Жыл сайын екі ел жастарының конгресін өткізу дәстүрге айналған. Қазір Қазақстанда Өзбекстаннан келген 6 мыңға жуық студент оқып жатыр. Қазақ жастары да Өзбекстанның жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Бүгін Өзбекстанның Шыршық қаласында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалы ашылды. Алматыда Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының филиалы өз жұмысын бастады. Жаңа біз осы оқу орындарын салтанатты түрде аштық. Мұның бәрі бауырлас екі халықтың ортақ мүддесі үшін жасалып жатыр», - деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы аймақтағы қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасқандықтарын баса айтты.

«Қазір өзекті болып тұрған халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ұқсас. Аймақтағы ықпалдастықты күшейтуге екі тарап та мүдделі. Біз ертең Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті 6-шы консультативтік кездесуіне қатысамыз. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты ұстанымдарымызды үйлестіру үшін біз бүгін Сыртқы істер министрлері кеңесін құрдық. Бұл қадам екі елді жақындастыра түсері сөзсіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394