Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 1573 1 пікір 14 Тамыз, 2024 сағат 18:00

АҚШ елшісі: Санкцияларға Қазақстан кінәлі емес!

Сурет: Amerika Ovozi

Қазан айында елші ретінде Қазақстанға келгеніне екі жыл толағалы отырған АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында: «Біз Тоқаевтың Ресейге қарсы санкциялар мәселесіндегі ұстанымын құрметтейміз», - деп айтты.

Қазақстанның Ресеймен сауда-экономикалық тығыз қарым-қатынасына байланысты АҚШ-тың және Батыстың Ресейге қарсы санкцияларына түсу қаупі қаншалықты жоғары? Қазақстан мен АҚШ арасындағы байланыстар қандай? Бұл туралы елші Розенблюм не дейді? Қараңыз:

Дэниел Розенблюм

- Ресейге салынған санкциялар Қазақстанға тікелей бағытталмаған. Олар Ресейдің агрессивті әрекеттерінің салдарына, халықаралық құқықтың бұзылуына және Украинаға толыққанды басып кіруіне байланысты. Бірақ, әрине, біз олардың Қазақстан сияқты елдерге жанама салдары бар екенін мойындаймыз.

Біз Қазақстан Республикасының үкіметімен жарасымыды диалогтамыз және біз президент Тоқаевтың басы ашық ұстанымын құрметтейміз. Ол Қазақстанның Ресейге қатысты ешқандай санкция қолданбайтынын мәлімдеді. Қазақстан өз тарапынан халықаралық санкцияларды сақтайды және құрметтейді.

Сондай-ақ Қазақстан жағы өзін осы санкциялардан жалтаруға немесе айналып өтуге арналған платформа етпеуге міндеттенеді.

Мен осында жұмыс істеген екі жыл ішінде санкциялардың мұндай ықпалын болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметімен, бизнес, банк секторының өкілдерімен осы тақырып бойынша өзара өте көп іс-қимылдар жасадық.

Бірінші кезекте осы санкцияларға ұшыраған Ресей Федерациясының ұйымдары туралы ақпарат беріліп, бұдан басқа осы санкциялар қолданылатын ережелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Соңғы жылы біз жұмыс істеген екі бағытты атап өтетін болсақ: Біріншісі - АҚШ-тан немесе Еуропадан келетін әскери мақсатта пайдаланылуы мүмкін тауарлардың, яғни, қосар мақсаттағы тауарлар деп аталатын тауарлардың кері экспорты. АҚШ пен Еуропа осы тізімді бірлесіп әзірледі. Біз бірыңғай тізімді пайдаланамыз. Ол Қазақстан Республикасына берілді және ол мұндай тәуекелден басты ала қашуға мүмкіндік береді.

Мен бұл жерде атап өткім келетін екінші нәрсе, қазақстандық компаниялардың кейбіреулері бұрын Ресейде болған өткізу нарығынан айрылғандықтан зардап шеккені. Енді ол жаққа өз тауарларын сата алмайтындығы. Осыған байланысты біз жоғалған нарықтарға балама іздеуде Қазақстан Үкіметімен диалог жүргізудеміз. Бұл айтарлықтай күрделі, көпфакторлы проблема, бірақ кез келген жағдайда Қазақстан үшін осы тәуекелдерді жұмсартуға деген біздің ниетімізді тағы да атап өтейін, себебі болған оқиға Қазақстанның кінәсі емес.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385