Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Аласапыран 2319 10 пікір 14 Тамыз, 2024 сағат 18:09

Курскі шайқастары: Майдан даласында не өзгерді?

Сурет: focus.ua

Соңғы тәулікте Украина Қарулы Күштері Құрск облысындағы тағы екі ауылды басып алды, деп хабарлайды «Агенттік» басылымы.

Бұл Суджа ауданының оңтүстігіндегі Плехово және Спальное ауылдары, деп жазады басылым. Плеховоның алынғанын бейнежазба растады, оны сейсенбі күні кешке қарай украиналық Telegram-арналар таратты.

Толассыз ұрыс қимылдары аймағының аздап кеңеюі Коренев ауданында, Коренево ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орын алды. Қақтығыс фактісін NASA спутниктері тіркеген өрт деректері де растайды.

Сондай-ақ, аудан орталығының жанында да ұрыстар жалғасуда. Бұдан басқа, Қарулы Күштер бұрынғысынша Суджа аудан орталығын бақылауда ұстап, Мартыновка ауылының солтүстік-шығысына шабуыл жасайды, делінген жарияланымда.

Мурманск облысынан әскерге шақырылушыларды Украинаның Қарулы Күштері кірген Курск маңына көшіруге дайындауда, деп хабарлады «Агенттікке» атлған сарбаздардың ата-аналары.

«Қазір әскери бөлімде әскерге шақырылушыларды Курск облысына іс-сапарға дайындау жүріп жатыр. Курск батальондары құрылды. Бұл ақпаратты бізге 3 тамызда ант бергізген қолбасшылық растады. Курск облысында ұрыс қимылдары жүріп жатыр және біздің ұлдарымыздың өміріне қауіп төніп тұр», - делінген ата-аналардың мәлімдемесінде.

Әңгіме Мурманск облысындағы 80-ші мотоатқыштар дивизиясының әскерге шақырылушылары турасында болып отыр. Бұған дейін басқа мерзімді қызметтегі сарбаздардың аналары мемлекет басшысына ұлдарын Курск облысынан шығаруға шақырған болатын.

«Таврия» жедел-стратегиялық әскер тобының спикері Дмитрий Лиховой Ресей Украинаның оңтүстігіндегі басып алынған бөлігінен өз әскерлерінің бір бөлігін шығарғанын мәлімдеді.

«Ресей өзінің кейбір бөлімшелерін Украинаның оңтүстігіндегі Запорожье және Херсон облыстарынан қайыра орналастырды», - деді Лиховой.

Сонымен қатар, бұл арада әңгіме бөлімшелердің салыстырмалы түрдегі саны туралы болып отырғанын атап өтті. Лиховойдың айтуынша, ресейліктер жеке құрамның көп бөлігін атап айтқанда, Запорожье облысында қайыра топтастырған. Ал өз күштерінің бір бөлігі әкетілген түні ресейліктер Херсон облысында бірнеше шабуыл жасады.

Курск облысындағы ұрыс кезінде Ресей аймаққа Калининград облысынан жеткізілген өз әскерлерін жіберді. Бұл туралы Литваның ұлттық қорғаныс министрі Лауринас Кащюнас Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу барысында айтты.

«Біз қазір ресейліктердің өз әскерлерін Калининградтан Курскке жеткізіп жатқанын көріп отырмыз. Мен литва халқына айтамын: сіздер украиндардың сіздер үшін күрескендерін көріңіздер, өйткені олардың осы күресі Калининградтан әскер шығаруға мәжбүр етті. Біз мұны Калининградтың демилитаризациялануы деп те атаймыз», - деді министр.

Шенеуніктің айтуынша, Украина маңызды істерге қол жеткізе алатынын көрсетті және Курск облысындағы операция - әлеуетті қадам, сондай-ақ соғыс барсындағы мүлдем жаңа бетбұрыс болып табылады.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053