Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Қайраткер 3271 0 пікір 16 Тамыз, 2024 сағат 17:11

Түркиядан қаралы хабар жетті…

Cурет Ұлықбек Есдәулеттің жеке парақшасынан

Түркі дүниесі жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Түркиенің көрнекті қаламгер жазушысы, "Қардеш қалемлер" жураналының бас редакторы Якуб  Өмероғлының өмірден өтуіне байланысты түркі әлеміне көңіл айту жазбасын жариялады.

"Еуразия Жазушылар одағының төрағасы, көрнекті жазушы-қаламдасымыз, 37 елге тарайтын “Қардеш қалемлер” журналының бас редакторы, Еуропа ғылым, өнер және әдебиет академиясының мүшесі, Яссауи халықаралық университетінің профессоры, Ғази университетінің ұстазы, ғылым докторы, түрік дүниесінің тау тұлғалы қайраткері Якуб Өмероғлы досымыз өмірден өтіпті. Жайсаң азаматтың жаны жаннатта болсын!

Орны толмас ауыр қаза!

ТҮРКСОЙ ұйымы жанындағы Түркі дүниесі Жазушылар қауымдастығы атынан күллі түрік әлеміне қатты қайғырып көңіл айтамын!", - деп жазды Ұлықбек Есдәулет.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1230
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2755
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 883
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 834