Атыраудың атқа мінерлері абыр-сабыр
Осы аптаның аяғын ала Президент Назарбаев Атырау облысында іс-сапарда болады деп күтілуде. Сенімді дерек көзінің мәліметіне жүгінсек, Елбасы алдымен өткен жұмада (11 қыркүйекте) Жайықтың үстінде салынып жатқан көпірдің құлауының себеп салдарын анықтаған комиссияның қортындысымен танысатын көрінеді. Содан кейін облыс басшылығында ауыс-түйіс жасамақшы. Егер, біздің дерек көзінің болжамы аныққа шықса, онда Атырау облысын үш жылдай басқарған Бергей Рысқалиев Ақтөбе облысына ауысады. Бергей Сәулебайұлының орнына Болат Дәукенов тағайындалып қалуы ықтимал. Болат Дәукенов қазір Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары. Түп негізі Атыраудың Индер ауданынан. Алайда қызмет бабымен Ақтөбеде өскен жігіт. Демек, ол да Аслан Мусиннің адамы болса керек. Еліміздің батыс аймағына сөзі жүріп тұрған Аслан Есболайұлы Атыраудан айрылмауды көздеп жүрген саясаткер. Сондықтан Мусин қайтседе қара алтынның астанасына өзіңнің тәрбиесін көріп, бетіне келмейтін жігіттерді қойып отыруға барын салады. Ол үшін алдымен Елбасына етене жақын жүрудің бар амалын қолданып бағуда. Өткенде, Президент Ақтөбеге барғанда алдынан Зәкіратдин Байдосов сияқты ақсақалды алып шығып, соның аузымен елді мәңгі бақи басқара беріңіз деген өзінің жіңішке тілегін білдірді. Байдосов былай деді:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің парасат-пайымыңыз, сарабдал саясатыңыздың арқасында біз көптеген қиындықтарды еңсердік. Халқыңыз Сізге сенеді. Сондықтан халқыңыз Конституцияға өзгеріс енгізгенді жөн деп санайды. Яғни Президент сайлауын өткізбей-ақ, Сіз Алла қанша ғұмыр берсе, сонша жыл Ел басқара беруіңізді қалайды (Дерек көзі - «Ақтөбе» газеті).
Ақтөбе облысы Аслан Мусинді ерекше тұлға көреді. Ақтөбеде әзірге оның алдына шығатын адам болмай тұр. Редакциямызға мәлім дерек көзі Бергей Рысқалиев Ақтөбе облысына әкім болып барады дейді. Ал, Аслан Есболайұлының өзі Ақтауға аттанып Маңғыстау облысының әкімі дейтін лауазымға ие болмақ көрінеді. Қырымбек Көшербаев болса, Президент әкімшілігінің жетекшілігін қолға алмақ-мыс. Ақтөбе облысының қазіргі әкімі Елеусін Сағындықов үкіметке ауысуы ықтимал.
Бұның бәрі, әрине, болжам ғана. Алайда кейбір болжамның нақты шындықпен үйлесіп жататыны бар. Негізі Аслан Мусин шаруашылық басқарып қалған адам. Ол Президент әкімшілігінде енді ұзақ отыра алмайды. Өйткені ішкі саясатқа Марат Тәжин қайтып оралды. Тәжин Аслан сияқты айқайы басым кісімен сыйыспасы белгілі. Ал бұрыннан сыралғы Тәжин Президентке бәрінен жақын. Тәжинмен Қырмбек Көшербаевтың ісі де, сөзі де жарасады дейді Ақ Орданың дәлізін кешіп жүргендер.
Президент батыс аймақтарды аралап болған соң Қызылордаға, Оңтүстік Қазақстан облысына соғып ауыс-түйістер жасмақ. Жетісуға де көп кешіктірмей келіп, Талдықорғандағы наркодиспансерді өртеп алған Серік Үмбетовпен сөйлеспекші...
«Абай-ақпарат».