Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 770 0 пікір 21 Тамыз, 2024 сағат 14:14

Әділет министрлігі Цифрлық сот орындаушыны іске қосты

Фото:egemen.kz

Бұл жүйе азаматтардың 5 миллиард теңгеден астам қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мұндай мүмкіндік Әділет министрлігінің бастамасымен жеңілдетілген өндірістің жаңа институты аясында халық игілігіне ұсынылып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтардың кредиттелуін төмендету және әділет органдарының жұмысын одан әрі цифрландыру бойынша заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді.

«Бұрын қарызды уақтылы өтемеген жағдайда, азаматтар жеке сот орындаушының қызметі үшін айыппұл сомасына қосымша 25% қаражат төлеуге міндетті болған. Енді азаматтар осы шығындардан және ЖСО-на барудан босатылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі сомадағы оңайлатылған өндіріске азаматтар EGOV Mobile-да іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар 1414-тен SMS хабарламалар мен push-хабарламалар алатын болады.

Халыққа ыңғайлы болу үшін барлық қамтамасыз ету шараларын (тыйым салу) автоматты түрде алып тастай отырып, берешекті онлайн төлеу қолжетімді. Осылайша, адами фактор толығымен алынып тасталады», — деп түсіндірді министрліктен.

Алдын ала есептеулер бойынша жеке сот орындаушыларына қызмет ақысының 25% алып тастау есебінен жыл сайын азаматтардың қаржылық жүктемесі шамамен 5,5 млрд. теңгеге төмендейді деген болжам бар.

Осылайша сот орындаушыларымен байланысудың қажеті жоқ, барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі және өндірісті тоқтату және қамауға алуды алып тастау үшін түбіртектер мен басқа да растайтын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ.

Айта кету керек, күнтізбелік 30 күн ішінде атқарушылық құжаттың (оңайлатылған іс жүргізу бойынша) талаптары орындалмаған жағдайда, іс жеке сот орындаушысына орындауға берілетін болады және одан кейінгі атқарушылық әрекеттер комиссияны өндіріп ала отырып, жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 18 қаңтарынан бастап бұл жоба Тараз қаласы бойынша сынақтан өткізіліп, азаматтардың ақшалай міндеттемелерін төмендету, қағаз тасығыштан толық бас тарту және Атқарушылық іс жүргізуді орындау процесінде адами факторды алып тастау түрінде оң нәтиже көрсетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407