Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2024
Билік 845 13 пікір 27 Тамыз, 2024 сағат 13:06

Министр: Қазіргі кезеңде АЭС-ке балама жоқ!

Сурет halyq-uni.kz сайтынан алынды.

Тағы да АЭС туралы екі ауыз сөз: Осыған дейін Мұхтар Жәкішев бастап, өзгелері қостаған түрле санаттағы мамандар мен сарапшылардың АЭС құрылысына қатысты пікірлерінен ой түюге тырыстық.

Бір нәрсе анық. Ол – Қазақстанға АЭС керек. Себебі, Қазақстанда энергия тапшылығы әл-әзірден білене бастады. Бұл да сарпашылардың пікірі. Десе де, бұл сауалға келгенде де қоғам пікірі қаққа жарылады. Бір тарап – АЭС құрылысына қарсылық білдірсе, келесі тарап – керісінше, «Қазақстанға АЭС керек» деген позицияны ұстанады. Үшінші тарап тағы бар. Олар: «Қазақстанға АЭС салу керек. Бірақ, оны Ресей салмауы керек», - деген қатаң позицияда.

Сонымен, бұл мәселеге ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев те араласып, өз пікірін білдіріпті. Министр мырза бүйдейді:

«Қазірдің өзінде өнеркәсіп, металлургия, көлік, IT, медицина, фармацевтика және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сияқты секторларда жаңа жобаларды іске асыру үшін электр энергиясының едәуір көлемі (шамамен 8 ГВт) қажет. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға, экономикалық өсуді ынталандыруға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қабілетті. Алайда олардың дамуы қазір елдегі энергия қуатының жетіспеушілігімен шектелуде.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, атом электр станциясының құрылысы шығатын қуаттарды ауыстыру және Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім болып көрінеді. Қазіргі кезеңде АЭС-ке балама жоқ», - дейді министр Сәтқалиев Үкімет отырысында.

Abai.kz

13 пікір