Марат Мадалимов. Ауа райы бұзылса да Әбдешев кінәлі ме?
Жасырып қайтеміз, тұмау тигізіп алсақ та, әкімнен көріп үйренгенбіз бүгінгі күні. Жә, бұ жайлы кейінірек, ал қазіргіміз:
Кеншілер қаласындағы мұқым республикаға «атағы» жайылған белгілі «Бесоба» тұрғын үй кешенінің жыры биылғы жылқы жылында да жалғасын табатынға ұқсайды. Бауыржан ӘБДІШЕВ деген азамат осы қаланың әкімі болып тұрған тұста басталған «Бесоба» хикаясы Баукең облыс әкімі болған кезде де біте қоймады. Қалай болған күнде де, еш жасыратыны жоқ, осы бір «Бесобасы» құрғыры Баукеңнің бас ауруына айналған сияқты. НЕГЕ?
Аз сөйлеп, көп іс тындыруды әдетке айналдырған Әбдешовтің... басқасы басқа, жергілікті көпшіліктің көңілінен шығып келе жатқаны тіпті де жасырын емес. Өйткені Баукең... айтпайды, ал айта қалса, айтқандарын әлбетте істейді. Халық осындайды жақсы көреді емес пе! Мәселен, «Бесобада» үйлерінен айырылғандарға екі мың он үшінші жылдың соңына дейін пәтер тиеді» деп айтты ма әкім Әбдішев? Айтты. Айтылған сөз айтылған жерінде қалды ма? Қалған жоқ, өйткені «далада қалғандар» жап-жаңа пәтерлерге қол жеткізді. Осымен «Бесобаның» ырың-жырыңына нүкте қойылса да болар еді, жо-жоқ, жарықтықтың жыры қайта қозғалды. Соған қарағанда, «Бесобаның» айналасындағы гөй-гөй жылқы жылын да жауыр қылатын түрі бар.
Жасырып қайтеміз, тұмау тигізіп алсақ та, әкімнен көріп үйренгенбіз бүгінгі күні. Жә, бұ жайлы кейінірек, ал қазіргіміз:
Кеншілер қаласындағы мұқым республикаға «атағы» жайылған белгілі «Бесоба» тұрғын үй кешенінің жыры биылғы жылқы жылында да жалғасын табатынға ұқсайды. Бауыржан ӘБДІШЕВ деген азамат осы қаланың әкімі болып тұрған тұста басталған «Бесоба» хикаясы Баукең облыс әкімі болған кезде де біте қоймады. Қалай болған күнде де, еш жасыратыны жоқ, осы бір «Бесобасы» құрғыры Баукеңнің бас ауруына айналған сияқты. НЕГЕ?
Аз сөйлеп, көп іс тындыруды әдетке айналдырған Әбдешовтің... басқасы басқа, жергілікті көпшіліктің көңілінен шығып келе жатқаны тіпті де жасырын емес. Өйткені Баукең... айтпайды, ал айта қалса, айтқандарын әлбетте істейді. Халық осындайды жақсы көреді емес пе! Мәселен, «Бесобада» үйлерінен айырылғандарға екі мың он үшінші жылдың соңына дейін пәтер тиеді» деп айтты ма әкім Әбдішев? Айтты. Айтылған сөз айтылған жерінде қалды ма? Қалған жоқ, өйткені «далада қалғандар» жап-жаңа пәтерлерге қол жеткізді. Осымен «Бесобаның» ырың-жырыңына нүкте қойылса да болар еді, жо-жоқ, жарықтықтың жыры қайта қозғалды. Соған қарағанда, «Бесобаның» айналасындағы гөй-гөй жылқы жылын да жауыр қылатын түрі бар.
Біреу білер, біреу білмес – құлап қалған «Бесобаның» орнында «Шапағат» деген жаңа тұрғын үй кешені пайда болды. Алайда «Бесобада» басталған бақытсыздық бүгінгі «Шапағатта» да орын ала бастады. Алла бетін аулақ қылсын, үй құлаған жоқ мұнда. Әйтсе де адам өлді. Әлде өлтірді. Бұ жағын біле алмадық. Білгеніміз – «Шапағат» тұрғын үй кешенінің құрылысына тікелей ме, я жанама ма – қатысы бар «Дизайн Инжиниринг» фирмасының директоры ел аман, жұрт тынышта асылып өліпті. «Бесобаның» құлап қалған үйіндісін аударып-қопарып жүріп, кенеттен опат болған қарапайым жұмысшының өлімін көпшілік ұмыта қоймаған болса, бұл енді екінші мәрте орын алып отырған адам өлімі. «Бесоба» территориясындағы. Оқырмандарымыз ұмытпаған болса, аталған аумақтағы көп қабатты тұрғын үйлер құрылысын жүргізіп жатқан құрылыс фирмаларының бірі – астаналық «ОТАН» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы жазған болатынбыз өткен жылдың соңына қарай. Бүгінгі әңгімеміз тағы да осы «Отанның» төңірегінде болмақ. Жасыратыны жоқ, осы күні «сіңбіре алмай қалсақ» та сотқа жүгіретін болдық қой, сол сияқты, жаңа басталған жылқы жылының алғашқы айының бітуіне тұп-тура сегіз күн қалған кезде «ОТАН» фирмасының үстінен сотқа арыз түсе қалды. Арызда көрсетілгендей, «ОПТИМАЛЬНЫЙ» деген ЖШС-нің басшылығы «ОТАН»-ды жазғырады, жалға алған экскаватордың нақты көлемі 1 миллион 330 мың теңге болатын ақшасын төлемей отыр деп. «Отанның» директоры Бақтияр Шахмановтың айтқандарына сенер болсақ, айқай-шудың эпицентріне айналып отырған экскаваторды жалға алған фирма – «Дизайн Инжиниринг» фирмасы көрінеді. Ал бұл фирманың директоры асылып өлген. Немесе асып өлтірген, осыдан оншақты күн бұрын – бұ жағын енді тиісті орындар анықтай жатар. «Экскаватор мен «Оптимальный» деген ЖШС туралы бірінші рет естіп отырмын, - дейді ақпарат құралдарына айтқан әңгімесінде Бақтияр Шахманов, - мен «Оптимальный» деген ЖШС-мен ешқандай да келісім-шарт жасасқан жоқпын, менде тек канализация құбырларын төсейтін «Дизайн Инжиниринг» деген «субподрядчик» ЖШС ғана болды. Біз осы фирмаға жалпы көлемі он бір миллион теңгедей ақша төледік, соның өзінде бұл фирма атқаруға тиісті жұмысының 30 пайызын ғана орындап үлгерді. Менің ойымша, айтылып отырған экскаваторды осы фирма жалға алған болуы мүмкін, алайда мұның да нақтысын білмеймін. Анығына келгенде, осы жерде жұмыс істеп жатқан әрбір «генподрядчиктің», ал бұлар бақандай төртеу, өз «субподрядчиктері» бар, сондықтан бір нәрсені толықтай түсіну бұл жерде еш мүмкін емес..»
«Отан» фирмасы директорының айтуына қарағанда, канализация құрылысы үшін бөлінген ақшаны «Дизайн Инжиниринг» фирмасының қандай мақсатқа жұмсап жібергенін ешкім білмейтін көрінеді. Құрдымға кеткен қаржының қайтып айналып ораларына ендігі ешкімнің де сенімі жоқ. «Канализация құрылысының өз мерзімінде аяқталуы үшін жетпей жатқан қаржыны мен жеке өз қалтамнан шығаруға мәжбүр болдым, - дейді Бақтияр Шахманов алақанын жайып, - ал енді бұл ақшаның қайтарымын кімнен сұраймын, ешкім жоқ қой! Фирма директорының асылып өлгеніне міне, екі аптадан асып кетті. Ал оның орынбасарлары... тіпті жұмысшылары айдың-күннің аманында жоқ болып кетті. Олардың қайда кеткенін де ешкім білмейді. Телефон трубкаларын да ешкім көтермейді. «Адам жоқ болса, проблема да жоқ» деуші ме еді... қалай еді? Мен әрине, түсінемін, адам өлімі – трагедия, алайда фирмада одан басқа да адамдар бар емес пе?! Бүгінгі күні менің заңгерлерім дәл осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр, тіпті, бұл іс сотқа дейін жетуі де мүмкін...»
Иә, шырылдаған дауысы шартарапты шарлап кеткен Шахмановты да түсінуге болады, қанша дегенмен де қалтасынан шыққан қаржының қайтарымы болмайтынын сезетін сияқты. Әйтсе де кім біліпті? Әзірге «Дизайн Инжиниринг» директорының беймезгіл өлімі жауабы табылмаған сұрақтар санын тым-ақ көбейтіп тұр. Әлбетте, бұл мәселедегі соңғы нүктені құзырлы орындар қоятын болады десек те, экскаватор дауы мен құрдымға кеткен қаржы мәселелері, сонымен бірге ресми түрде тіркелсе де, нақты мекен-жайларында тірі жанның тіршілігі байқалмайтын «Дизайн Инжиниринг» пен «Оптимальный» фирмаларының таң қалдырар тып-тыныш тірліктері де түрлі-түрлі тұңғиық ойларға жетелейді. Қысқасы, тұрғын үй құрылысы бар, ал ақша жоқ.
Бәрін айта та, бірін айт – өткен жылы ӘБДІШЕВ айтты да, айтқанын орындады, яғни «бесобалықтар» баспанасыз қалған жоқ. Жылқы жылының басын жылы пәтерлерде бастап жатыр. Ал бірақ даудың басы Дайрабайдың көк сиырынан емес, «Бесобадан» басталған болатын, сөйтіп міне... ендігі кезек «Шапағатқа» жетті. Соттасумен, ырың-жырың топтасумен салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің кепиеті алдағы уақытта тағы да «Бесобаның кебін кимесе не қылсын?! Бұған да енді әкім Әбдішев араласуға тиіс пе? ӘЛБЕТТЕ. Өйткені біздер «ауа райының бұзылуын» да Әбдішев сияқты әкімдерден көріп үйренгенбіз ғой! Қайтеміз, біз сондаймыз енді?!
АЛ ОСЫ КЕЗДЕ... қарағандылық бұрынғы кеншілер премьер-министрге өтініш айтты – «бізді «беспределден» қорғаңыз» деп. Мәселенің мәнісі мынада: атақты «Арселор Миттал Стил» компаниясы «Гиппократ» деген жекеменшік фирмамен келісім-шарт жасасқаннан кейін кеншілердің медицино-санитарлық бөлімшесі регрессниктерді тегін емдеуден бас тартты. Яғни, мүгедек кеншілерді өмір-бақи тегін емдеп келген бөлімше бір-ақ күнде бұлардан ақы талап ете бастады. Мысалы, жай ғана кеңес беру құны 4500 теңге болса, кардирограмма – 1700 теңгеге жетті. «Әрбір регрессник ең аз дегенде жылына екі рет емдеу курсынан өтуге тиісті, - делінген мүгедек кеншілердің премьерге жазылған өтініш-хаттарында, - сондықтан біздер компания әкімшілігінің өзінің мүгедек қызметкерлерінің емдеу-сауықтыру жөніндегі іс-шараларын коммерциялық негіздегі медициналық фирмада өтуге тиісті делінетін шешімінің өзгертілуін талап етеміз..»
- Айтылып отырған медициналық бөлімшенің құрылтайшысы біз, яғни өзіміз болған кезде де біздер кеншілерге ақылы қызмет көрсететінбіз, бірақ регрессниктерге көрсетілетін медициналық емдеу-сауықтыру шаралары тегін болатын, - дейді бұл мәселе жөнінде «ҚОРҒАУ» кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Миргаязов. – Регрессниктер дегеніміз – біздің өз адамдарымыз емес пе! Оларды емдеу мәселесі атам заманнан бері тегін болатын. Алайда бүгінгі күні көріп отырғанымыздай, «Гиппократ» деп аталатын жекеменшік медицина фирмасы кеншілерді емдеу арқылы ақша табуға келген болса, бұл қалай сонда? Бұл мүлде көңілге қонымсыз мәселе ғой!
Иә, «Арселор» – «Арселор» болғалы айқай-шудан айналасы босамаған кеншілер өңірінде тағы бір өзекті мәселе тікірейіп – «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықтының» кебін киді. Ресми мәліметтерге көз жүгіртетін болсақ, айдаладағы ПОЛЬША мемлекетінде өмір сүріп жатқан ВЫПИХ деген азамат ғайыптан тайып... «АрселорМитталТеміртау» компаниясының әкімшілік директоры болып қызметке келе қалыпты. Міне, осы мырза келгелі бері компанияның медициналық бөлімшесі жаңаша жұмыс істей бастаған. Ақылы негізде. Мүгедексің бе, басқасың ба – бәрібір, ақшасын төле де, емдел. Әйтпесе, өлмесең – өмірем қап! Осыған саяды Выпих мырзаның ұстанымы. «Гиппократ» фирмасы директорының орынбасары Индира Мадиярова ханымның бұл мәселедегі пікірі мүлде басқаша. «Біздің көрсетіп жатқан қызметіміздің сапасына байланысты бір де бір рет арыз-шағым болған емес, - дейді ол кісі, - сенімді басқару келісім-шартында «АрселорМитталТеміртау» компаниясының регрессниктеріне көрсетілетін қызмет түрлері нақты көрсетілген, ал аталмыш компания емдеу-сауықтыру шараларының барлығын бірдей төлеп отырған жоқ... өткен жылы біздің фирманың үгіт бригадасы компания жұмысшыларын арнайы аралап, олардың бізге жазылуларын өтінген еді. Кеншілердің көпшілігі бас тартты. Мысалы, бүгінгі күні стационарға 53 кенші мен 32 регрессник келіп түсті. Бұлардың барлығы да мемлекеттік тапсырыс есебінен емделіп жатыр, яғни оларға төленетін ақша республикалық бюджеттен төленеді. Тиісті төлемақысын, әрине, келісім-шарт негізінде «АрселорМитталТеміртау» да төлейді, бірақ ол тек кәсіби байқау (профосмотр) үшін ғана төлейді. «Гиппократ» фирмасы, әділін айту керек, бизнеспен айналысады, сондықтан емделу іс-шаралары үшін ақыны кім төлейді – мемлекет пе, әлде «АрселорМитталТеміртау» ма, бәрібір. Бізде тіпті регрессникті күндізгі стационарға алуға да мүмкіндік бар, егер оған жұмсалатын ақшаны әрине, мемлекет төлеп жатса...»
Міне, әзірге осы ғана. Аз емес әрине. Өйткені «АрселорМитталТеміртау» өз мүгедектерінің болашағын өз иығынан алып, мемлекеттің арқасына аудара салды. Шиеленісіп тұрған мәселе. Шиеленіспесе – премьерге хат жазар ме еді регрессниктер? Ал мемлекетте ақша көп емес... Лакшми Митталдікі сияқты.
Премьер не дейді екен енді?
Қарағанды.
Abai.kz