«Теңге бағамының өзгергені жақсы болды»
«Егемен Қазақстан» газеті ұйымдастырған сауалнамаға берілген жауаптардың жалпы қортындысын бір ауыз сөзбен осылай деуге болады (http://egemen.kz/?p=19423).
Төл валютамыздың кезекті рет құнсыздануына байланысты көпшілік наразылығын ескере отырып мәселенің тағы бір мәнісіне көз жүгірту үшін төмендегі пікірлерді қаз-қалпында беруді жөн көрдік. Себебі, қалай десекте болар іс болды, енді девальвацияның пайдалы жағын сөз етіп жатқандарды тыңдап байқайық.
Abai.kz
1. Сіз теңге бағамының өзгеруін қалай бағалайсыз?
2. Оның ауыл шаруашылығына қаншалықты оң сипаты болмақ?
Ромин МАДИНОВ, Мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы:
– Теңге бағамы өзгеруінің оң рөл ойнайтынына менің сенімім мол, өйткені, біз ұн экспорттауда әлемде бірінші орын аламыз және жан басына шаққанда бидай экспорттауда да дәл осындай бірінші орында тұрмыз. Ал бидай валюталық тауар болып табылатындықтан, біздің одан ұтысқа шығатынымыз түсінікті. Яғни валюта көбірек келеді, былайша айтқанда, валюта теңге тұрғысынан алғанда көбірек болады.
«Егемен Қазақстан» газеті ұйымдастырған сауалнамаға берілген жауаптардың жалпы қортындысын бір ауыз сөзбен осылай деуге болады (http://egemen.kz/?p=19423).
Төл валютамыздың кезекті рет құнсыздануына байланысты көпшілік наразылығын ескере отырып мәселенің тағы бір мәнісіне көз жүгірту үшін төмендегі пікірлерді қаз-қалпында беруді жөн көрдік. Себебі, қалай десекте болар іс болды, енді девальвацияның пайдалы жағын сөз етіп жатқандарды тыңдап байқайық.
Abai.kz
1. Сіз теңге бағамының өзгеруін қалай бағалайсыз?
2. Оның ауыл шаруашылығына қаншалықты оң сипаты болмақ?
Ромин МАДИНОВ, Мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы:
– Теңге бағамы өзгеруінің оң рөл ойнайтынына менің сенімім мол, өйткені, біз ұн экспорттауда әлемде бірінші орын аламыз және жан басына шаққанда бидай экспорттауда да дәл осындай бірінші орында тұрмыз. Ал бидай валюталық тауар болып табылатындықтан, біздің одан ұтысқа шығатынымыз түсінікті. Яғни валюта көбірек келеді, былайша айтқанда, валюта теңге тұрғысынан алғанда көбірек болады.
Ғалия ӘКІМБЕКОВА, «АӨК Экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту АЗҒЗИ» ЖШС, АӨК кооперация және интеграция бөлімінің меңгерушісі:
– Бұл мәселенің оң да, сол да жақтары бар. Ол әсіресе, Кеден одағы мен БЭК жағдайында елдің экспорттық шикізат экономикасына оң әсер етеді. Біздің жағдайда ол ұн мен астық өндірушілер. Олар үшін тиімді болмақ. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін бағаның өсу есебінен импорттық өнімді алмастыруға қосымша мүмкіндік туады. Ол үшін мемлекеттің қолдауы қажет. Өңдеу кәсіпорындары үшін күрделірек болмақ. Олар бүгінде бәрін сырттан тасымалдауда. Сондықтан олардың технологиялық жабдықтар сатып алу шығындарын өтеу қажет болады. Ал ұн мен астық экспорттаушылар үшін бұл жағдай өте тиімді болмақ.
Рәзия ЖАТАҚПАЕВА, «Алель Агро» АҚ-тың басқарма төрайымы:
– Құс шаруашылығы КО шеңберінде жақсы дамыған. Менің ойымша, Ресей мен Белоруссияда құс еті жетіп артылады. Рубль бағамының төмендеуі бізге теріс әсер етті. Өйткені, енгізілетін ет бағасы арзандады. Ал біздерге, отандық тауар өндірушілерге тауар өндіру мүмкін болмай қалды. Бағаны Ресей құс етінің бағасына қарап қалыптастырғандықтан біз барлық уақыттар бойы қайта есептеулер жүргізумен болдық, сондықтан орын алған жағдай біз үшін оң әсерін тигізді. Енді импорт азая түседі. Өйткені, бәсекелестікте отандық өндірісші басымдыққа ие болмақ.
Дариғаш ШАЙМЕРДЕНОВА, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ҚазҒЗИ» директоры:
– Теңге бағамының өзгеруі барлық өнімдердегі қазақстандық мазмұнның артуына жағдай жасауы тиіс. Долларға танылған импорттық өнімнің бағасы өсетін болады. Ал бізге өзіміздің отандық сатып алу тиімді болмақ. Егер қазақстандық пен импорттық шикізат арасында таңдау туындар болса, қазақстандық шикізатты сатып алу тиімдірек. Мен теңге бағамы өзгеруінің пайдалы жағы да осында деп білемін.
Нұрлан САҒЫНАЛИН, «Актеп» ЖШС бордақылау алаңының қожайыны:
– Бордақылау алаңының қожайыны ретінде теңге бағамының өзгеруін оң бағалаймын. Рубль бағамының құлдырауы салдарынан біздің тауар баға тұрғысында бәсекеге қабілетсіз болып қалды. Рубльдің арзандауына байланысты ресейлік жеке кәсіпкерлер еттерін бізге әкеле бастады. Енді біздегі жағдай неғұрлым тиімдірек. Орын алған өзгеріске байланысты біз кедейшілікке ұрынудан құтылатын боламыз. Ішкі рынокта да, экспортқа шығаруда да баға тиімді болмақ. «ҚазАгро» АҚ несиелерді теңгемен береді, салықтарды, еңбекақыны теңгемен төлейміз. Сондықтан біз үшін несиелер қымбаттаған жоқ.
Алтынбек МОЛДАШЕВ, Агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының директоры:
– Біз шетелге шығаратын тауардың бағасына қарасақ біздің тауар өндірушілерге бұл пайдалы. Егер біздің тауарларымыз бұрын 15500 теңгеден шығарылып тұрса, қазір 18500 теңгеге шығаруға болады. Сонда біздің тауар өндіруші 3000 мың теңге пайда табады. Десек те, мұндай тауар өндірушілер бізде аз. Әсіресе, мемлекеттен тыс жерлерге шығаратын астық компанияларына бұл пайдалы. Сонда бұлардың тауары да 3 мың теңгеге өсейін деп тұр. Сондықтан бағамның өзгеруі экспортты және импортты операцияға өте пайдалы болады. Енді біздің тауар бәсекеге қабілетті болады. Бірақ, әр заттың өзіндік құны болады ғой, мысалы, минералды тыңайтқыштар, бензин қымбаттаса, онда біздің отандық тауарлар өсіп кетеді. Бұл бұрынғы деңгейге қайтып келеміз деген сөз. Сол себептен қазірден бастап әкімшілік ресурсты пайдаланып, бағаны өсірмеу керек. Сол кезде біздің тауарларымыздың бәсекеге қабілеттілігі жоғары болады.
Мұрат ТАҒАЕВ, «Ордабасы Құс» ЖШС құс фабрикасының директоры:
– Жақында қаңтар айында Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ҚазАгро» АҚ қолдауымен Мәскеуде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға қатысты үлкен бизнес-форумы өткен. Сол жерде ресейлік әріптестеріміз біздің өнімнің бағасы олардың нарығынан қымбат, бәсекелестікке қиындау деген әңгіме көтерілген. Менің ойымша, осы мәселенің мына жағдайда шешімі табылуда. Бүгінгі күні біздің өнім бәсекеде Ресейдің ішкі өнімінен асып кеткен сияқты болып тұр. Құс саласына келер болсам, былтырлары шетелдік құс еті қаптап кетіп, отандық тауар өндірушілерге қиын жағдай болған. Қоймаларда мың тонналап ет жабылған болатын. Сол мәселеге де бұл оң ықпалын тигізетін болар. Біздің тауарымыз бәсекеге қабілетті, экспорттауға толық мүмкіндік бар. Менің ойымша, теңге курсы өзгеруінің пайдасы болмаса зияны жоқ тәрізді.
Жексенбай ҚАСҚЫРБАЕВ, «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС-нің бас директоры:
– Мен мұны плюс деп есептеймін. Өйткені, біз астық, ұн экспортымен айналысамыз. Оның үстіне майлы дақылдар экспорты артты, демек, мүмкіндік одан бетер жақсара түспек.
Соңғы уақыттары көкөніс бағдарламасы жақсы қолдау табуда. Бізде көкөніс дақылдары экспортқа шығарыла бастады.
Қазақстандық ет экспорты үшін де тиімді болмақ. Бүтіндей алғанда, бұл Қазақстанға өндіріс құрылымын өзгертіп, экспорттық дақылдар үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Былайша айтқанда, өзіндік серпіліс туғызады.