Оспан батыр Америка барлаушысы Маккиернанмен қандай байланыста болды?
Шыңжандағы ұлт азаттық күрестің қолбасшысы, күрделі тұлға Оспан батыр туралы тарих ғылымдарының докторы Р.Болд жазған бұл байсалды зерттеу Моңғолияның «Өнөөдөр» («Бүгін») газетінде (2012.05.16. №113) жарық көрген болатын. Дала көкжалының Америка барлаушысымен әріптес болғандығы бүгінгі әскерилерге де бір ой салатындай.
АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры М.Хайден «Шын мәнісінде қызметтік міндетін атқарып жүріп қаза тапқан біздің елдің алғашқы офицері Орталық барлау басқармасының қызметшісі Совет атом жобасы туралы Шыңжанда мәліметтер жинау ісімен айналысқан Дуглас Маккиернан екендігін мойындаған жөн» деп 2008 жылы алғаш рет ресми мәлімдеген болатын. Хайден «Маккиернанның негізгі міндеті жергілікті жердің уран кенішін Мәскеу пайдаланып отыр ма, жоқ па деген мәселені жасырын тексеріп, Орталық Азияда Совет Одағы атом қаруын сынайтындай қандай бір белгілер байқала қалса, орталыққа жедел хабарлау еді. Әйткенмен 1949 жылы Қытай коммунистері билікке келгеннен соң оның бұл қызметі үзіліске ұшыраған болатын» деп мәлімдеді.
Дуглас Маккиернан кім еді?
Шыңжандағы ұлт азаттық күрестің қолбасшысы, күрделі тұлға Оспан батыр туралы тарих ғылымдарының докторы Р.Болд жазған бұл байсалды зерттеу Моңғолияның «Өнөөдөр» («Бүгін») газетінде (2012.05.16. №113) жарық көрген болатын. Дала көкжалының Америка барлаушысымен әріптес болғандығы бүгінгі әскерилерге де бір ой салатындай.
АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры М.Хайден «Шын мәнісінде қызметтік міндетін атқарып жүріп қаза тапқан біздің елдің алғашқы офицері Орталық барлау басқармасының қызметшісі Совет атом жобасы туралы Шыңжанда мәліметтер жинау ісімен айналысқан Дуглас Маккиернан екендігін мойындаған жөн» деп 2008 жылы алғаш рет ресми мәлімдеген болатын. Хайден «Маккиернанның негізгі міндеті жергілікті жердің уран кенішін Мәскеу пайдаланып отыр ма, жоқ па деген мәселені жасырын тексеріп, Орталық Азияда Совет Одағы атом қаруын сынайтындай қандай бір белгілер байқала қалса, орталыққа жедел хабарлау еді. Әйткенмен 1949 жылы Қытай коммунистері билікке келгеннен соң оның бұл қызметі үзіліске ұшыраған болатын» деп мәлімдеді.
Дуглас Маккиернан кім еді?
Дуглас Маккиернан күнрайын бақылаушы-метеоролог, шифр маманы, АҚШ әуе күшінің подполковнигі еді. 1943 жылы Үрімжіге келіп күнрайын бақылайтын станция орнатып, дүниежүзілік ІІ соғыс аяқталғанға шейін қызмет атқарғанда Совет Одағының аумағынан күнрайы туралы мәліметтерді жинап АҚШ стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен шұғылданады. 1947 жылы АҚШ-та Орталық барлау басқармасы алғаш орнағанда осы ұжымның құпия қызметшісіне қабылданады. Артынан ол Совет Одағы Шыңжанда уран кенішін ашып, Орталық Азияда атом сынағын жасауға дайындалып жатқанын анықтау мақсатында Үрімжідегі АҚШ консулының хатшысы деген лауазымды жамылғы етіп 1947 жылы мамыр айында Үрімжі шаһарына қайтадан аяқ басады.
Оспан мен Америка қарым-қатынасы
Үрімжідегі АҚШ бас консулы Пакстон Байтагбогд оқиғасын өз көзімен тексерту үшін Дуглас Маккиернанды қақтығыс болған жерге аттандырады. Гоминдан тарабы жол бастаушы, аудармашымен қамтамасыз етіп, екі ел тарабы бұл келісімді құпия сақтауға уәделеседі.
Оспан соңынан хабарлағанда «Үрімжі қаласындағы Американың вицеконсулы Байтагбогданың Алтан-Овоо бөктеріне шығып, шекара аумағының сызба картасын салыстырып, өлкенің жағдайын тексеріп көрді» деген еді. «Правда» газетінде (1947.06.17) «Консул Пакстон Эйзенхаурдың бұйрығымен Байтагбогда оқиғасына араласты» деген хабарды АҚШ тарапы жоққа шығарумен бірге керісінше Совет Одағының үлесі Байтагбогда оқиғасына қаншалықты дегенді білуді мақсат етеді. Ал Гоминдан билеушілері шекаралық қанды қақтығысты МХР тарабы қасақана ұйымдастырған басқыншы мемлекет деп бейнелеуге ұтымды пайдаланып, Моңғолияның БҰҰ-на мүше болуын ұзақ жылдар бойы кешеуілдетуге түрткі болады.Маккиернан Байтагбогдада маусымның 19-нан маусымнан 25-не дейін болып, өңірдегі жағдай туралы төрт мәліметті Вашингтонга хабарлайды.
Д.Маккиернан жазған баяндамасында «Моңғол әскерлері Совет үкіметі жасаған қару-жарақ, бұйымдарды пайдаланғанымен тікелей Байтагбогда оқиғасына Совет Одағының араласқаны туралы ешқандай дерек жоқ» деп жазады. Маккиернан Оспанға дәл осы кезде танысады. Оған Оспанның айтқан кейбір маңызды мәліметтерін келтірсек: «Совет тау-кен экспедициясы 1946 жылы Алтайға келіп төрт түрлі руда қазумен айналысып жүр, оның біреуі маған мүлде беймәлім кен тасы. Сарсүмбеге (қазіргі Алтай қаласы– аудармашы) арнайы ұшақ әуежайын орнатқан, оны Совет әскерилері күзетеді», «Алтай аймағының көп бөлігіне Совет билігі бақылау жасайды, Іле, Тарбағатай да советтік билікке бағынышты, бірақ іс-әрекеті Алтайға салыстырғанда онша ашық емес», «Моңғолияның мақсаты Байтаг тауын өззіне толық қарату арқылы Алтайдың солтүстік өңірін қауіпсіз етіп, бұл аумақтан Қытай ықпалын жою. Одан кейін олар солтүстікке қарай алға жылжып Баркөл…бағытына жетіп Гансу өлкесінен Шыңжанға баратын жол қатынасын мүлде үзіп тастау» секілді хабарлар.
Оспан гоминдан өкілін делдал етіп Маккиернаннан «Генерал Дәлелханның билігіндегі Алтай аймағын қызылдардан азат ету үшін» қару-жарақ жәрдемін сұрайды. Ал гоминдан тарабы Оспанға азық-түлік берумен шектелген көрінеді. Маккиернанның айтуынша «Оспан ешкімге бағынбай еркін өмір сүруді қалайтын» болғандықтан оны коммунистерге қайтадан жақындатпау үшін қару-жарақ беруге шешім қабылдаған. Сонымен бірге Маккиернан «Байтаг тауындағы қазақ иісті жұрт Оспанды адал, сайыпқыран қолбасшы деп санайды.Оның себебі Оспан өз жерлестерін өр Алтайдағы байырғы қонысына қайтадан орналастырады деп үміттенеді» деп қорытынды жасайды. Әңгіме барысында Оспан оқ-дәрі, мылтық беріп басқыншы ханзуларды ауыр соққы беріп қуып тастауға көмектескен Совет тарапына алғысын білдіріп, «Моңғолдар оған 1947 жылы 100 винтов мылтығын бергендігін» еске алады. Д.Маккиернан уран туралы мәлімет жинап жүргендіктен Оспанның деректері оның назарын тартып, екеуі тіл табысып, байланыс жасауына негіз болады.
Америкалық журналист Маргерет Пигг Лионс 1947 шілде айында Шығыс Түркістанға барып репортаж жасағанда Маккиернанға танысып (кешікпей екеуі үйленеді) онымен бірге Оспанға кездесіп, уран туралы әңгімелескен екен. Ағылшындық журналист Мориссон 1948 жылы жазда екі американдықпен бірге Оспанға кездескенін жазады.
Қазақ ел ағалары мен рубасыларының кейбір өкілдері Оспанға ақылдаса келе бас консул Пакстонға 1949 жылы жазда кездесіп, түрлі жәрдем, қару-жарақ сұрайды және де Оспанның кеңесімен «Біріккен ислам фронтын» құрудан бас тартып, Шыңжандағы моңғолдармен бас қосып «Біріккен қарсылық фронтын» орнату әрекетін жасайды. Қазақ елбасылары қайтадан бас консул Пакстонға 1949 жылы тамыз айының 5-күні кездесуге уәделескенімен Оспан кездеспейтін болғандықтан бұл шара өтпей қалады.
Жапонияға атом бомбасын тастаған соң АҚШ атом монополиясын біржолата бекіте түсуді көксеп, Совет Одағының уран өндіру ісіне сақтықпен қарап, қарсы әрекет ететін болды. Мемлекеттік департамент 1946 жылы Үрімжідегі бас консул Пакстонға уран туралы қандай бір мәліметті мұқият іздеу туралы міндет етеді. АҚШ ҚҚытай уранын басқаларға пайдаландырмау туралы Чанкайшиге үгіт жүргізеді. Оспан Алтай тау-кен рудасынан алған белгісіз тастарды Маккиернанға беріп «Орыстар осы руданың соңынан жанталасып әрекет ететінін» баяндайды. Маккиернан бұл тастардан радиациялық сәуле бөлінетінін анықтап, Байтагбогда қақтығысы уран кенішінің мәселесіне қатысты болуы ықтимал деген болжамын Вашингтонға хабарлайды. Бұл мәселе халықаралық деңгейде көкейкесті болады.
Канаданың «Газета» деген үнпарағында (1947.06.12) «Шыңжандағы уран кенішін қызыл басқыншылар иеленуге жанталасты» деген тақырыпта мақала басылып, Байтагбогда қақтығысы туралы «Моңғол мен Шыңжан әскері соғысып жатқан Шыңжанның батысындағы осы өлкеде…бірнеше айдың алдында уран кеніші табылған еді. Уран атом бомбасын істеуге жарайтын шикізат» деп жазады.
Маккиернан Үрімжіден 1947 жылы тамызда АҚШ-қа қайтып, 1948 жылы желтоқсанда Шыңжанға оралғанда сол заманда атом сынағын сезіне алатын ең нәзік микрофон құралдарын арнайы алып келеді. Ол АҚШ-та болған уақытында О.Латтиморға кездесіп Шыңжан мәселесі жөнінде ақыл-кеңес алады. Маккиернан қызметін ауқымды атқарып Шыңжанның Семейге жақын аумағында арнайы микрофон саймандарды жасырын орналастырып үлгереді, Алтай аймағы Көктоғайдан уран кенішінің рудаларының үлгісін де қолға түсіріп АҚШ-қа жолдайды. Маккиернан 1949 жылы 10-тамызда АҚШ мемлекеттік хатшысы Д.Ачесонға атом сынағын анықтайтын кәсіби құралдарды іске қосқанын хабардар етеді. АҚШ Үрімжідегі консулдық қызметін 1949 жылы 15-тамызда тоқтатқанымен Маккиернанды осы өлкеде қалдырып, оған Совет Одағының атом қаруын сынау туралы мәліметтерді ары қарай жинау туралы ерекше тапсырма береді. Совет Одағы атом қаруын Семей полигонында 1949 жылы 29-тамыз күні алғаш рет сынағанда бұл туралы арнайы саймандар арқылы жедел ақпарат алған Д.Маккиернан өз мәліметін кодылап Андрюс әскери базасына жолдайды. Әйткенмен бұл ақпараттарды американдықтар бір ай бойы тексермеген, атом сынағы туралы мәліметті Аляскадан Жапон аралдарына дейін самғайтын ұшақтың ауа сорғыш құралына жабысқан тозаңнан біліп анықтаған. Бірақ Маккиернан мен Аляска ақпаратының екеуі де тең дәрежеде мәнге ие еді. Сол себептен АҚШ президенті Трумен 1949 жыдлы 23-қыркүйекте Совет Одағы «Өткен бірнеше аптада» атом қаруын сынағаны туралы мәлімдемені әлемге таратады.
Оспан мен Маккиернан қарым-қатынасының ақыры
Маккиернан 1949 жылы қыркүйектің соңында Үрімжіден шығып Оспан жіберген орыс азаматтарымен жол бастатып батырдың бекінісіне жетіп бір ай уақыт болады. Бұл дерек ол екеуінің байланыста болғанын дәлелдейді.
Бұл кездесуде Оспан оған «Қытай коммунистерімен тіл табыса алмаса ол Моңғолияға берілетінін» баян еткен. Д.Маккиернан Оспан берген кезеуілшілерге жол бастатып Гималай тауының баурайына жетіп қыстап, 1950 жылы наурызда сапарын жалғастырып, 29-көкек күні тибет қарауылдарының оғынан мерт болады. Бірге жүрген үш орыстың екеуі қаза тауып, қасындағы Орталық Барлау басқармасының қызметшісі Бессек, орыс Званцовтар тірі қалып, Лхас асып, АҚШ-қа жетеді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Ачесон 1950 жылы 12-қаңтарда Шыңжанда АҚШ барлаушылары қызметте болды деп хабарлағанда «Синхуа» агентігі жауап ретінде 1950-жылы 30-қаңтарда Маккиернанды АҚШ империализмінің тыңшысы деп атап «Ол мініп жүрген машинасын тастай салып гоминданның қарғыбаулы иті Оспан бандының ұясына барған. Ол Оспандарға …кешікпей дүниежүзілік ІІІ соғыс болады, сол себептен қарулану керек деп үгіт жүргізген. Маккиернан Оспанмен жиырма күн бірге болғанда түрлі насихат айтып, кетерінде Оспан бандыларына көлемді алтынды қақтығыс туындататын қаржы ретінде ұсынған» деп хабарлайды.
Қызыл бағыттағы Қытай азат ету армиясы Шыңжанды бақылауға алған соң Оспанмен келіссөз жүргізгенімен тіл табыса алмай аяғы қарулы қақтығысқа ұласады. Ақыры ҚХР басшылары Оспанды «банды» деп атап, оларды жою қимылы 1954 жылы тәмамдалады. МХР барлаушылары ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік комитетінің тілегімен Оспанды құрту үшін бірігіп әрекет етеді.
«Жэнмин Жибао» газеті (1951.5.5) «Шыңжандағы Америка империалистерінің қол-аяғы болған қаруланған банды, тыңшы Оспандардың қылмысын…Үрімжі қаласында Қытай компартиясының мүшесі Чень Бенцо, Цзе Миндердің араласуымен халық соты арқылы жазалап 1951 жылы 29-көкекте ату жазасына бұйырып, үкім толық орындалғанын» хабарлайды. Қытай тарапы Оспанның сүйегін 1953 жылы ұлына табыс етеді.Шыңжаннан үріккен 1400 қазақ азаматы Гималай асып Үндістан, Пакистанда тұрақтап, 1950-жылы Түркияға жеткен соң осы ел азаматтығына қабылдайды.
Оспанды бірігіп күрескен сарбаздары «батыр» десе, Моңғол, Қытай тарихшылары «банды» деп жазып келеді. Оспанды зерттеп кітап жазған американдық журналист Лиард оны заманына сай келмеген сайыпқыран күрескер деп қорытынды жасайды. Оны біржақты бағалау үстірт болады. Ешкімге де бағынбай, өзін өзі билеп, ешқандай да шекараны елемей еркін көше беретін Оспан жолы қайшылықты, қайғылы еді.
Оспан туған өлкесі Шыңжан Алтайын азат ету күресінде кіммен болсын одақтасқанымен жеме жемге келгенде билік тағын ешкіммен бөліспейтін дара тұлға еді. Оспан ханзуға қарсы ұлт азаттық майданын ұйымдастырғалы 1943-1947 жылы МХР-дан, қызылдарға қарсы күрескелі 1947-1949-жылдары АҚШ-тан жәрдем алады. Моңғолия Совет Одағының түртпегімен заңды билікке қарсы қарулы көтеріліс туындатып, бөтен елдің ішкі әрекетіне қол сұғып отырды. Америка Совет Одағы Шыңжанда уран өндірумен айналысып, атом қаруын сынайтынын білу үшін Оспанды мүддесіне пайдаланып отырды. Кіші, ұлы мемлекеттердің саясат ойынында отты неғұрлым көсей түсуі Оспанның әрекетін тіпті қайшылықты етіп, оның өмірінің ақыры қасіретпен аяқталуына негіз болды. Әйткенмен Шыңжан ұлттарының күресі бүгінде тоқталмай жалғасуда.
Моңғол тілінен аударған
Ақеділ Тойшанұлы.
Фото суреттерде:
Мәккирнан және зайыбы
Оспан батыр, маршал Чойбалсан.
Masa.kz